Білім беру бағдарламасы: 6В03111-«Әлеуметтік саладағы психология»


Тұтас эксперименттік зерттеу жүргізу кезеңдері. Эксперименттің валидтілігі (жарамдылығы): ішкі, сыртқы, операциялық; валидтілікті бұзатын факторлар



бет26/55
Дата15.03.2022
өлшемі132,25 Kb.
#135670
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   55
Байланысты:
Орг и план НИР Лекция

5. Тұтас эксперименттік зерттеу жүргізу кезеңдері. Эксперименттің валидтілігі (жарамдылығы): ішкі, сыртқы, операциялық; валидтілікті бұзатын факторлар.
Психологиялық эксперимент нұсқаулықтан басталады, дәлірек айтқанда-сыналушы мен экспериментатор арасындағы белгілі бір қатынастарды орнатудан басталады. Зерттеушінің алдында тұрған тағы бір міндет-іріктемені қалыптастыру: оның нәтижелері сенімді деп есептелуі үшін кіммен эксперимент жүргізу керек екендігін анықтау. Эксперименттің соңы-оның нәтижелерін өңдеу, алынған мәліметтерді түсіндіру және оларды психологиялық қоғамға ұсыну.
Эксперименттің сенімділігі оның жарамдылығы (валидтілігі) болып табылады. Валидтілік – эксперимент зерттеушілер өлшегісі келген нәрсені дәл өлшегеніне сенімділік. Валидтілік – зерттеу әдістемесі мен нәтижелерінің қойылған міндеттерге қаншалықты сәйкес келетіндігінің өлшемі. Валидтілік – эксперименттік психологиядағы ең маңызды мәселелердің бірі.
Валидтіліктің түрлері.

  • Сыртқы валидтілік нақты зерттеу нәтижелерін ұқсас жағдайлардың, құбылыстардың, объектілердің бүкіл класына қаншалықты таратуға болатындығын анықтайды.

  • Ішкі валидтілік-тәуелсіз айнымалының тәуелді айнымалыға әсер ету дәрежесі.

  • Операциялық валидтілік-сыртқы валидтіліктің ерекше жағдайы, сыналатын гипотезаға эксперимент әдістемесі мен жоспарының сәйкестік дәрежесі.

  • Жобалық валидтілік-бұл операциялық жарамдылықтың нақты жағдайы, белгілі бір теорияның терминдерін дұрыс қолданумен анықталатын теорияның эксперименттік мәліметтерін түсіндіру әдісінің жеткіліктілік дәрежесі.

Психологиялық эксперимент кезеңдері
Психологиялық эксперименттің жалпы моделі ғылыми әдістің талаптарына сәйкес келеді. Тұтас эксперименттік зерттеу жүргізу кезінде келесі кезеңдер бөлінеді:
1. Мәселенің бастапқы тұжырымы. Психологиялық гипотезаны қалыптастыру.
2. Ғылыми әдебиеттермен жұмыс. Негізгі ұғымдардың анықтамаларын іздеу. Зерттеу тақырыбы бойынша библиография жасау.
3. Гипотезаны нақтылау және айнымалыларды анықтау. Эксперименттік гипотезаны анықтау.
4. Эксперименттік құралды таңдау. Тәуелсіз айнымалыны басқару. Тәуелді айнымалыны тіркеу.
5. Эксперименттік зерттеуді жоспарлау. Қосымша айнымалыларды таңдау. Эксперименттік жоспарды таңдау.
6. Іріктемені қалыптастыру және қабылданған жоспарға сәйкес сыналушыларды топтарға бөлу.
7. Эксперимент жүргізу. Эксперимент дайындау. Субъектілерге нұсқау беру және уәждеу. Эксперименттің өзін жүргізу.
8. Статистикалық өңдеу. Статистикалық өңдеу әдістерін таңдау. Эксперименттік гипотезаны статистикалық гипотезаға айналдыру. Статистикалық өңдеу жүргізу.
9. Нәтижелерді түсіндіру және қорытынды жасау.
10. Зерттеуді ғылыми есепте, мақалада, монографияда, ғылыми журнал редакциясына хатта белгілеу.
Эксперименттің нәтижесіне бірнеше факторлар әсер етеді:
-эксперименттің нәтижесіне экспериментатордың биоәлеуметтік сапалары (жасы, жынысы, нәсілі, мәдени-діни, этникалық ерекшеліктері).
-Психоәлеуметтік сапалары (алаңдаушылық деңгейі, әлуметтік қолдауға қажеттілігі агрессивтілік, жаулық, авторитарлық, әлуметтік статус), көңіл күй т.б.
Экспериментатордың жеке басы немесе іс-әрекетіндегі негізгі екі мәселені қараған
жөн.
Эксперимент кезіндегі нормадан еріксіз шығып кету. Мұндай қателікті жөндеуге болады.
Эксперимент ситуациясы барысында әсер ететін және санасыз психикалық әрекет бағытына әсер болып табылатын экспериментатордың тұрақты мінез–құлық тенденциясы.
Эксперимент нормасы оны өткізу құрылымы жоғары деңгейде объективті болуы керек. Яғни эксперимент нәтижесі экспериментатордың кәсіби шеберлігіне, сыртқы ортаға әсер етпеу қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет