Білім беру бағдарламасы: 6В03111-«Әлеуметтік саладағы психология»


Дәріс 6. Психологиялық өлшемдер теориясы. Психологиялық тестілеу



бет27/55
Дата15.03.2022
өлшемі132,25 Kb.
#135670
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   55
Байланысты:
Орг и план НИР Лекция

Дәріс 6. Психологиялық өлшемдер теориясы. Психологиялық тестілеу.

1. Психологиялық өлшем түсінігі. Өлшеу шкалаларының түрлері (атаулы, реттік, интервалды, қатынасты) және шкалдық түрлендірулер.


2. Психологиялық тестілеу, тесттің жалпыланған моделі.
3. Тест түрлерінің жалпы сипаттамасы: ақыл-ой, қабілеттер, жетістіктер, тұлғалық тесттер.


1.Психологиялық өлшем түсінігі. Өлшеу шкалаларының түрлері (атаулы, реттік, интервалды, қатынасты) және шкалдық түрлендірулер.
Өлшем жеке өзі тәжірибенің бір бөлігі ретінде қолдануы мүмкін. Субъектінің іс әрекетіндегі айырмашылықты таңдап алу үшін өлшем жеке әдіс ретінде пайдаланылады. Тәжірибе контекстіне зерттеу объектінің көңіл күйін тіркейтін әдіс ретінде қосылып, өзгеріп отырады. Өлшем теориясының негізінде психологиялық тестер құрылады. Тест-психологиялық өлшемнің уақытпен қысқартылған, өте жай түрде жасалған, практикалық есептің шешуіне арналған жұмыс. Өлшем – белгілі бір ережеге сәйкес заттарға санды жабыстыру.
Психологиялық өлшемнің математикалық негіздегі теориясын А.Д.Логвиненко өзінің “Психология ғылымындағы өлшемнің математикалық негіздері” (1993) монографиясында ашып көрсетеді. Қазіргі кездегі эксперименталды психологиялыда шкалалардың төмендегідей негізгі типтері бар.
-Атаулар шкаласы
-Жүйелі шкала
-Интервалдар шкаласы
-Қатынастар шкаласы
Атаулар шкаласы – объект атын теңгеру жолымен көрсетеді. Кез – келген шкалада идеализзация шындық модельдер болуы тиіс, әрі әрбір шкала қолдануға жеңіл болуға тиіс.
Жүйелілік шкаласының құрылымы атаулар шкаласының құрылымына қарағанда біршама күрделі. Оның себебі жүйелі шкаласында зерттеу объектісінің көрсеткіші басқа екі объект арасында болады. Мысалы, А> B, B>C олай болса A>C бұл транзитивті қатынастар ережесі деп аталады.
Жүйелі шкала екіге бөлінеді.
-Әлсіз жүйелі шкала “үлкен емес немесе тең” және “кіші және тең” деген ұғымдар жиі қолданылады.
-қатаң жүйелі шкаласы – мұнда нақты айтқындалған “үлкен емес” және “кіші” деген ұғымдар қолданылады. Былайша айтқанда әлсіз жүйелі шкала біршама өзгермелі, нақты емес жағдайды көрсетеді.
Қатынастар шкаласы – физикада жиі қолданылады. Бұл бір объекті екінші объектіден қаншалықты үлкен немесе кіші екендігіне байланысты, объектілердің қасиеттердің ерекшеліктері туралы мәлімет алудың процедурасы. Ппсихология ғылымында қатынастар шкаласы аса көп қолданылмайды. Сирек жағдайда объектінің салмағын, реакциясының уақытын өлшеу үшін және тестік тапсырмаларды орындау үшін қолданылады.
Интервалдар шкаласы – метрикалық шкала болып табылады. Интервалдар шкаласы арқылы екі объектіні салыстыруға болады. Салыстыру арқылы бір объектіденг екінші объектіге қаншалықты азды – көпті қасиеті сипатталатындығынымен айқындалады. Интервалдар шкаласы көп жағдайда ғылыми зерттеуші, ізденушілер қолданады. Физикада классикалық мысал арқылы қолданылады, яғни бұл шклала температураны өлшеу болып табылады. Интервалдар шкаласы арқылы алынған барлық мәліметтерді талдау жасауға арналған практикалық барлық параметрлер статистикасын қолдануға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет