Оқытушы теорияның қажеттілігін, оқу сатыларын (бастапқы, ілгері), көлемін және бағалану критерийлерін анықтауы тиіс.
Мұндай оқыту әдісін жалғыз бір ғана топқа жасауға немесе топ ішінде коммуникацияны дамыту үшін қолданылуы мүмкін. Студенттер топ болып ойлану (бірдей тәжірибенің болуымен байланысты пайда болған) немесе тәртіп стереотипін өңдеуі қажет.
Сабақ кезінде келесідей оқыту әдістерін қолдануға болады:
Мақалалар оқу.
Рөлдік ойындар және импровизациялар.
Үлестік ойындар.
Дебаттар.
Қателерді табу.
Зерттеулер (жобалар).
Интернет.
Әлеуметтік оқытуды белсенді тәсілдері.(психограмма, радиотеатр, әлеуметтік-психологиялық тренинг, артметодтар)