Рефераттың типтік құрылымы 1. Мұқаба беті (- білім беру мекемесінің атауы, реферат тақырыбы, автор, оқытушы туралы мәліметтер, елді мекен атауы, жұмысты орындау жылы көрсетіледі)
2. Жоспар (реферат беттерін көрсете отырып, қарапайым немесе кеңейтілген).
3. Кіріспе.
4. Негізгі бөлім.
5. Қорытынды.
6. Әдебиеттер тізімі.
7. Қосымшалар (карталар, схемалар, графиктер, диаграммалар, суреттер, фотосуреттер және т.б.).
ЗЕРТТЕУ ЖҮРГІЗУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Жалғыз бір өзі дербес білім алу мақсатында жасалатын шаралар зерттеулер деп аталады.
Зерттеулердің келесідей түрлері бар:
индуктивті зерттеу;
дедуктивті зерттеу;
эксперимент/жаңалық.
Индуктивті зерттеу кезінде оқытушы қойылған мәселені шешуге бағыттайтын жағдайларды қамтамасыз етсе, ғылыми концепциялар жеке дербес өз бетінше қарастырылады. Студент, сонымен қатар, сәйкессіздіктерді бейнелеуге, қазіргі мәселелерді, дискомфорт туғызушы негізгі мәселелерді қарастыруы қажет.
Дедуктивті зерттеу кезінде негізгі концепциялар мен оқытушы ұсынатын концепциялар негізге алынуы тиіс. Студенттер іс жүзіндегі аспектілерді өз бетімен қарастырулары қажет.
Оқу орнының білім беру процесіне ақпараттық технологияларды енгізудің өзекті және кең таралған бағыттарының бірі мультимедиялық презентациялық технологиялар болып табылады.