Білім беру бағдарламасы 6В04123 Қаржы, 6В04103 Есеп және аудит, 6В04122 Мемлекеттік және жергілікті басқару



бет37/55
Дата27.12.2021
өлшемі428 Kb.
#128815
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   55
Байланысты:
конспект лекции а қша несие банк(каз)

Бақылау сұрақтары:

1. Банктердің бастапқы қызметі

2. Депозиттік мекемелер

3. депозиттік еместер мекемелер

4. сактаңдыру компаниялары
Тақырып 11: Екi деңгейлi банк жүйесі

Жоспары: 1. Екi деңгейлi банк жүйесінiң қызмет ету механизмi мен құрылымы

2.Жоғары және екiншi деңгейдегi банктердiң қызмет етуiн ұйымдастырудағы айырмашылықтар



Лекция мақсаты: отандық банктеріміздің қызметін халықаралық стандартқа өткізу, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыру, екi деңгейлi банк жүйесінiң қызмет ету механизмi және құрылымы танысу.

Лекция мәтіні: 1.Елімізде қабылданған банктік заңдылықтарға сай ҚР-ғы банк жүйесі екі денгейден тұрады.

ҚР Ұлттық банкі- мемлекеттік орталық банк ретінде бірінші денгейді білдіреді.

Өзге банктердің барлығы (Мемлекеттік даму банкісінен басқасы)-екінші денгйдегі банктер деп атайды.

Бүгінгі таңдағы Қазақстанда қызмет ететін банктік жүйенің не бары он үш жылдық тарихы бар. Бұл жүйенің қалыптасуына КСРО-ның ыдырауының нәтижесінде еліміздің өз тәуелсіздігін алуының себеп болғанын айта кету керек. Содан бері банк жүйесінде түбегейлі реформалау жалғасуда. Ондағы мақсат – отандық банктеріміздің қызметін халықаралық стандартқа өткізу болып отырғандығы да жасырын емес. Бұл талаптарға жауап бермейтін банктерге басқа банктерге қосылу не банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар болып құрылу қажеттігі ұсынылды.



"Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы" Заңы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан Республикасының Орталық банкі және республикамыздағы банк жүйесінің жоғарғы денгейі болып табылады.

Жоғарыда айтылғандай, КСРО-ның мемлекеттік банкінің Республикалық кеңсесі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі болып қайта құрылған. Ол жай клиенттерге қызмет көрсететін мемлекеттік банктен орталық эмиссиялық банкке өзгертілді және "банктердің банкі" болды.

2.Тәжірибе жүзінде кассалық резервтердің барлығы Ұлттық банкке шоғырланады және олардың шаруашылық айналымға түсуі Ұлттық банкінің мекемелері арқылы коммерциялық банктердің кассаларын толтыру негізінде жүреді. Барлық банктер қолма-қолсыз есеп айырысуларды Ұлтгық банктердің мекемелері арқылы жүргізеді, ал қажет жағдайда Ұлттық банкіден несие алады. Осының нәтижесінде қолма-қол және қолма-қолсыз есеп айырысу айналысы Ұлттық банкіде және оның мекемелерінде шоғырланады.

Ұлттық банк - ақша резервтерінен, алтын валюта резервтерінен, басқа да материалдық құндылықтардан тұратын жекеше мүлкі бар заңды тұлға. Мүліктің құралу көздеріне - банк ісінен түскен табыстар, бағалы қағаздардан түскен табыстар және сәйкес бюджеттерден түскен дотациялар жатады.

Заңның 9-бабына сәйкес, Ұлттық банк жарғылық қорын 10 млрд. тенге көлемінде мына қаражаттар есебінен құралды: республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттар, мемлекеттен алынған негізгі қорлар және ұлттық банк тапқан пайдадан аударымдар.

Әлемдік тәжірибеде, нарықтық экономика жағдайында Орталық банкінің жұмысын ұйымдастырудың әр түрлі кұқықтық формалары бар:

- оның капиталының қалыптасуы 100% мемлекеттің қаражаты есебінен болатын унитарлық банк;

- акцияларының бөлігі мемлекетке тиеселі (немесе мемлекеттің қатысуынсыз) акционерлік қоғам;



- бірлестік типтес ұйым (мемлекеттің қатысуымен неме­се қатысуынсыз);

Орталық банкінің қызметін бірігіп аткаратын тәуелсіз банктер жүйесі.

АҚШ-та орталық банктердің капиталына мемлекет қатыспайды, олардың капиталы Федералды резервтік жүйенің (ФРЖ) мүше банктерінің жарна пұл төлемдерінен тұрады.

Негізі Ұлттық банк унитарлық орган болып табылады. Мемлекет - жарғылық қордың жалғыз иесі. Негізгі қор ғимараттардан, кұрылғылардан, көлік және баска да құндылықтардан тұрады, ал айналым қаражаты - банкіге тиеселі ақша қаражаттарынан тұрады. Ұлттық банк резервтік және басқа қорлар кұрады. Резервтік қор жарғылық көлемінде құрылып, ол өзіндік табыс есебінен толтырылады және осы қорға байланысты нормаларға сәйкес жүргізілетін операциялар бойынша шығындарды жабуға арналады.



Ұлттық банкінің қаржылық жылдағы пайдасы сол жылға жатқызылатын табыстар мен шығындардың айырмасы ретінде анықталады. Ондай шығындарға: активтер амортизациясы, оның ішіндегі банкноттар мен монеталардың құндарының бір бөлігі жатады.

Пайданың жарғылық, резервтік және басқа қорларды құрғаннан қалған бөлігі республикалық бюджетке аударылады. Ұлттық банк және оның мекемелері барлық салықтар мен төлемдерден босатылады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің негізгі міндеті - Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.

Сонымен қатар, Казақстан Республикасының Ұлттық банкісіне мынадай қосымша міндеттер жүктеледі:

- Қазақстанның экономикалық дамуы және оның дүние жүзілік экономикаға интеграциялануы мақсаттарына жетуге көмектесетін ақша айналысы, несие, банктік есептеулерді және валюталық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты жасау және жүзеге асыру; - ақша-несие және банк жүйесінің тұрактылығын қамтамасыз етуге көмектесу;

- банктік және басқа несиелік мекемелердің реттейтін ережелерді жасау және олардын орындалуына бақылау жасау негізінде банк несие берулердің, салымшылардың мүдделерін қорғау.

Ұлттык банкі жұмысының негізгі бағыттары:

- елдегі несиелік ресурстарды және ақша айналысын
басқару;

- өзіне бағынышты мекемелер арқылы ақшалай түсімді


инкассациялауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

- халық шаруашылығындағы неснелік, есеп айырысу және кассалық операцияларды жүзеге асыру бойынша ережелерді, әдістемелік инструкциялық нормативгік актілерді шығару (барлық банктерге міндетті), есеп жүргізу және банктердін есеп беруін ұйымдастыру;

- банк ісін лицензиялау, ақша несиелік реттеудің әдістерінің формаларын талдау;

- банк ісін бақылау және қадағалау;

- елдің банк жуйесінің тәуелсіз балансын жасау;

- ғылыми-зертгеу және аналитшсалық жұмыстар жүргізу;



- валюталық операцияларды жүргізу ережелерін және тәртібін жасау, біркелкі валюталық саясатын жургізу және т.б.

Ұлттық банктің несиелік ресурстары мыналардың есебінен құралады

- Меншік қаражаттары,

- басқа банктермен тартылған және келісім-шарт негізінде Ұлттық банкіге орналастырылған ақшалай қаражаттар;

- Қазақстан Реепубликасынан тыс жерлерден тартылған қаражаттар;

- мемлекеттік арнайы қорлардан және бюджеттің уақытша бос қаражаттарынан.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет