Қазақстан Республикасының валюта саясаты
Халықаралық экономикалық қатынастар жүйесінде елдердің валюталық саясаты маңызды орын алды. Қандай болмасын ел халықаралық экономикалық қатынастар саласында өзінің тарихи даму кезеңінде алдына қойылған мақсаттарына сәйкес кешенді іс – шаралар жүргізеді.
Қ.Р – сы тәуелсіз мемлекет ретінде тарихи даму кезеңдеріне сәйкес дербес валюталық саясат жүргізуге тиісті.
Кеңестер Одағы ыдырағаннан кейін ҚР- сы көптеген экономикалық қиыншылықтарға қарсы келді: өндірістің төмендеуі, инфляцияның жоғары деңгейі және жұмыссыздық. Үкімет экономиканы тұрақтыландыру, терең құрылымдық, қаржылық, валюталық және әлеуметтік дағдарыстан шығару бағытында бірнеше реформалық шешімдер қабылдады. Республикада әлемдік шаруашылықтық байланыс және халықаралық еңбек бөлінісі жүйесіне кіруге бағытталған ашық экономика принципі жарияланады.
Қазақстанның нарықтық экономикаға көшу мерзімін бірнеше кезеңге бөлуге болады.
1-кезең: 1992 -1994жылдар. Қазақстан Республикасы егеменді мемлекет болды. Нарықтық инфрақұрылым, яғни биржалар, аукциондар, көтерме және бөлшек сауда кәсіпорындары, коммерциялық негіздегі банктер және т.б қалыптаса бастады.
Бірақ бұл кезеңде өндірістік және тұтыным тауарларын шығару көлемі төмендеді. Инфляция деңгейі 45 -50 пайызға жетті. Республикада алғашқы «Валюта реттеу заңы» 1993 жылы 14 сәуірде қабылданды. Бұл заң Қазақстан «сом зонасында» болған кезде қабылданды. Сол себептен ескі заңның қағидалары экономиканы ырықтандыру деңгейіне сәйкес келмеді. Қазақстан өзінің ұлттық валютасы - теңгені енгізді.
Теңге енгізілген уақытта республика қажеттілігінің 60 -65 пайызы көлемінде ғана өзінің алтын – валюталық қорымен қамтамасыз етілді. Ұлтттық валютаны валюта нарығына енгізген кезде оның айырбасталу бағамы АҚШ –тың 1 долларына шаққанда 4,68 теңге көлемінде болды.
Қазақстан валютасын енгізуге дайындық үдерісінде Ұлттық Банк шетел және ТМД елдерінің тәжірибесін мұқият зерттеді.Әр түрлі варианттар тыңғылықты қарастырылды. Әлемдік тәжірибеде белгілі үш варианттың, яғни аралық, қосарлас, тікелей енгізудің ішінен соңғысы таңдап алынды.
2 –кезең. 1994 -1995 жылдары.Бұл кезеңде отандық заңдық – құқықтық негіз, оның ішінде валюталық, қалыптасып, біртіндеп жақсартылды. Жекешелендіру үдерісін аяқтау жоспарларды және инвесторларға 80 пайызға дейін акциялардың мемлекеттік пакетін беру көзделді. Валюта нарығы оның ішінде құнды қағаздар нарығы қалыптасты.
1994 жылғы ұлттық валюта бағамының төмендеу қарқыны айлық есептеуде 11,6 пайыз, ал 1995 жылы – 11,5 пайыз болды. Бұл жылдардағы валюта бағамы серпіні оның төмендеуге қабілетінің әлсіздігін куәландырады, ол инфляцияның жоғары деңгейіне және экономиканың дағдарыстық жағдайына толық сәйкес келеді.1995 жылдың екінші жартысынан бастап валюта нарығының биржадан тыс сегменті жылдам дами бастады. Келесі жылы ол валюталық биржаның операциялары көлемін басып озды.
3 –кезең. 1996 -1998 жылдар.Бұл кезең қаржы нарығы, оның ішінде құнды қағаздар нарығының дамуымен ерекшеленеді. Республиканың мұнай газ кешенінде ТМД елдері ішінде өте ірі инвестициялық жобалар іске асырылды.Шетелдік инвесторлар үшін ұлттық салық салу режимі белгіленді, қолайлы инвестициялық ахуалды туғызатын бірнеше заңдар қабылданды. Оның ішінде 1996 жылдың 24 желтоқсанында қабылданған «Валюталық реттеу» туралы заңды атап өтуге болады.
Әлеуметтік экономикалық өзгерістердің қиын жағдайында Қазақстанның ағымдағы валюталық саясаты валюталық операцияларды ішінара ырықтандыру және ішкі валюталық нарықта бірнеше қатаң шектеулерге үйлестіру негізделді.
Валюталық саясаттың үрдістік түрлері ретінде келесі құралдар қолданылады: валюта бағамын реттеу режимі, валюталық басқыншылық, алтын – валюталық резервтерді басқару және теңгенің айырбасталымдық дәрежесін реттеу.Ұлттық банк теңгенің реттелінетін құбылмалы айырбас бағамын ұстанды. Канадада және басқа да бір сыпыра елдерде кең қолданылатын валюталық басқыншылықтар Қазақстанның ішкі нарығында да іске асырылады. Оның мақсаты валюта нарығында конъюнктураның қысқа мерзімді өзгеруі негізінде болатын теңгенің атаулы бағамының ауытқуын деңгейлестіру.
Қазақстан Үкіметі мен Ұлттық банкі долларға салыстырғанда теңгенің бағамын еркін қалыптастыру туралы 1999 жылдың 9 сәуірінде шешім қабылдады. Теңгенің долларға салыстырғандағы бағамы валюта нарығындағы ұсыныс пен сұраныстың деңгейіне байланысты анықталды.
Достарыңызбен бөлісу: |