Білім беру бағдарламасы 6В04123 Қаржы, 6В04103 Есеп және аудит, 6В04122 Мемлекеттік және жергілікті басқару



бет31/55
Дата27.12.2021
өлшемі428 Kb.
#128815
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   55
Байланысты:
конспект лекции а қша несие банк(каз)

1-сұрақ. Нарықтық экономикаға көшу жағдайында банктік салада банк әр түрлі операцияларды жүргізу кезінде өзіне қабылдайтын тәуекелдік бақылау дұрыстығының маңызы артады. Нарықтық қатынастардың қалыптасуына байланысты тәуекелділік түсінігі банктер өміріне нақты кіруде. Жоспарлы экономика жағдайында банктер қатал түрде КСРО Мембанкісінің жоспар-нұсқауы бойынша қызмет етті, сондықтан банктік тәжірибеде «тәуекелдік» деген түсінік те болған жоқ. Егер клиенттің шотында есеп айырысу құжаттарын төлеу кезінде ақша қаражаттары болмаған жағдайда банк автоматты түрде оған төлем несиесін ұсынатын. Қазіргі кездегі банктік нарық тәуекелдіксіз мүмкін емес. Ол кез келген операцияда болады, тек тәуекелдік әр түрлі көлемде болуы мүмкін. Сондықтан банктік қызмет үшін тәуекелдікті мүлдем жою емес, оны алдын ала болжап, ең төменгі деңгейге дейін жеткізу маңызды болып табылады.

Екінші деңгейлі банктер өздерінің кез-келген банктік операциясын жүзеге асыру барысында әртүрлі тәуекелдер түрлерімен кезігеді. Жалпы алғанда, банкктік тәуекелдің келесідей түрлері бар:

Валюта тәуекелi - банк өз қызметiн жүзеге асырған кезде шетел валюталары бағамдарының өзгеруiне байланысты болған шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелi. Шығыстардың (шығындардың) қаупi құндық көрiнiсте валюталар бойынша банктердiң позицияларын қайта бағалаудан пайда болады.

Кредит тәуекелi - банктік заем, лизинг, факторинг, форфейтинг, операцияларын, банктiк кепiлдiк беру операциялары мен басқа да операцияларды жүргiзу кезiнде өзiне алынған ақша мiндеттемелерiн орындау бойынша шарттың (келiсiм-шарттың) бастапқы талаптарын клиенттердiң бұзуы салдарынан болған шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелi;

Операция тәуекелi - қызметкерлердің тарапынан жіберілген ішкі процестерді жүзеге асыру барысындағы кемшіліктердің немесе қателердің нәтижесінде шығындардың туындау тәуекелі, ақпарат жүйесі мен технологиясының қызмет етуі, сонымен қатар сыртқы оқиғалар салдары. Операция тәуекеліне мынадай тәуекелдер жатады:

жауапкершілікті бөлуді, есеп берушілік құрылымы мен басқаруды қоса отырып, банктің белгісіз, бірдей емес ұйымдық құрылымымен байланысты тәуекелдер;

ақпарат технологиясы саласындағы бірдей емес стратегия, саясат және/немесе стандарттар, бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдаланудағы кемшіліктер тудыратын тәуекелдер;

бірдей емес ақпаратқа не оны сәйкес пайдаланбауға байланысты тәуекелдер;

қызметкердің сәйкес басқармауына және/немесе банктің біліксіз штатына байланысты тәуекелдер;

бизнес-процестің тең емес құрылуына не ішкі ережелердің сақталуын нашар бақылауға байланысты тәуекелдер;

банк операциясына сыртқы ықпал етудің күтпеген немесе бақыланбайтын факторлары тудырған тәуекелдер;

заңнаманың өзгеруіне байланысты тәуекел не банк қызметін жүргізуді реттейтін ішкі құжаттарда/ережелерде кемшіліктердің немесе қателердің болуына байланысты тәуекел;

клиент базасының қысқаруына, клиенттердің және контрагенттердің сенімсіздігіне немесе банкті қолайсыз қабылдауына апарып соқтыратын банк басшылығының және қызметкерлерінің дұрыс емес іс-қимылдарына байланысты тәуекелдер;

Құқықтық тәуекел - банктiң Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын бұзуы не банк тәжiрибесiнiң оның iшкi құжаттарына сәйкес келмеуi, ал Қазақстан Республикасы резидент еместерiне қатысты басқа мемлекеттер заңдарының талаптарын бұзуы салдарынан болған шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелi;

Проценттiк тәуекел - сыйақы ставкаларының қолайсыз өзгеруi салдарынан туындаған шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелi, оның iшiнде:

банктiң орналастырған активтерi мен тартылған мiндеттемелерiн (белгiленген сыйақы ставкалары кезiнде) қайтару және өтеу мерзiмдерiнiң сәйкес келмеуiнен шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелi;

банк активтерi бойынша, бiр жағынан, және мiндеттемелерi бойынша екiншi жағынан ставкалардың әр түрiн (өзгермелi не белгiленген) банктiң қолдануы салдарынан шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелi;

өзге тең жағдайларда ұқсас баға сипаты бар құралдардың бiрқатары бойынша алынатын және төленетiн сыйақыны есептеу және түзетудiң түрлi әдiстерiн қолдануға байланысты негiзгi тәуекел;

Бедел тәуекелi - қоғамдық жағымсыз пiкiрдiң немесе банкке сенiмнiң төмендеуi салдарынан болған шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелi;

Өтiмдiлiктi жоғалту тәуекелi - банктiң өз мiндеттемелерiн орындамауы не уақтылы орындамауына байланысты тәуекел. Өтiмдiлiктi жоғалту тәуекелiн басқару кезiнде банктiң ағымдағы өтiмдiлiгi бақылауға алынады, сондай-ақ сыйақы алуға (төлеуге) байланысты орналастырылған және тартылған ақшалардың, кiрiстер мен шығыстардың мерзiмдерi салыстырылады;

Банк қызметінің тәуекелі - банктің өз операцияларын жүзеге асыруынан шығатын залалдан туындайтын тәуекел;

Елдiң (трансферт) тәуекелi - шетел мемлекетiнiң немесе шетел мемлекетi резидентiнiң банк алдындағы қаржы тәуекелдерiне қатыссыз себептер жөнiнде мiндеттемелер бойынша төлем қабiлетсiздiгi немесе жауап беру ниетiнiң болмауы салдарынан болған шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелi;

Баға тәуекелi - қаржы құралдарының рыноктық құнына әсер ететiн қаржы рыноктарының жағдайы өзгерген жағдайда пайда болатын қаржы құралдары портфельдерi құнының өзгеруi салдарынан болған шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелi.

Рыноктық тәуекел - рыноктық параметрлердің (валюта бағамы, сыйақы мөлшерлемесі, қаржы құралдарының құны) тиімсіз өзгеруіне байланысты шығыстардың (шығындардың) пайда болу тәуекелі.

Тәуекелдердi басқару жүйесi - бұл процеске төрт негiзгi элемент кiредi: тәуекелдi бағалау, тәуекелдi өлшеу, тәуекелдi бақылау және тәуекел мониторингi.

Комплаенс-тәуекел - банктің Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарын, оның ішінде уәкілетті органның нормативтік құқықтық кесімдерін, сондай-ақ банктің ішкі ережелерін және рәсімдерін қадағалау негізінде пайда болған шығыстар (шығындар) тәуекелі.

Банктік тәуекелдерді басқару жүйесінің келесі элементтеріне анықтама берелік:

бэк-тестинг - көрсетiлген операцияларды жасаудан болған ағымдағы (нақты) нәтижелермен банк операциялары бойынша тарихи деректердi пайдалану және есептелген нәтижелердi салыстыру арқылы тәуекелдердi өлшеу рәсiмдерiнiң тиiмдiлiгiн тексеру әдiстерi;

гэп - сыйақы ставкаларының өзгерiсiне ұшыраған немесе белгiлi бiр мерзiм iшiнде өтеуге жататын банктiң активтерi мен мiндеттемелерiнiң көлемiн салыстыру негiзiнде банктiң процент тәуекелiн және өтiмдiлiктi жоғалту тәуекелiн өлшеу әдiстерi;

гэп - қолма-қол ақша/қолда бар ақша бойынша позиция - банктің қолма-қол ақшасының келіп түсуі мен есептен шығарылуының арасындағы алшақтық шегі;

комплаенс-бақылаушы - комплаенс қызметінің жұмысын үйлестіру жөніндегі жауапкершілік және комплаенс қатысушыларының комплаенс-тәуекелін басқару саясатын іске асыруға бақылауды жүзеге асыру айрықша құзыретіне кіретін банк қызметкері;

ішкі бақылау жүйесі - Қазақстан Республикасының заңнамаларын және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерін, банк саясатын, ішкі ережелер мен рәсімдерді сақтауға, шығын тәуекелдері мен банк беделінің төмендеуіне ықпал ететін қаржылық және басқарушылық есеп берудің сенімді жүйесінің пайдалылығы мен оны қолдаудың ұзақ мерзімді мақсаттарын банктің іске асыруын қамтамасыз ететін ішкі бақылау рәсімдерінің және саясатының жиынтығы;

ішкі аудит қызметі - банкте ішкі аудитті ұйымдастыруды және жүзеге асыруды қамтамасыз ететін банктің қызметін жетілдіру мақсатында объективті бағалау мен консультациялық қызметті жүзеге асыратын банк бөлімшесі. Банктегі ішкі аудит тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау процестерінің тиімділігі жөніндегі ұсынымдарды беру жолымен белгілі бір мақсаттарға қол жеткізуіне ықпал етеді;

жиынтық лимит - операция жүргізу кезіндегі шығындарға барынша жоғары жол берілген мөлшері;

стресс-тестинг - банк қызметiне әсер етуi мүмкiн ерекше, бiрақ ықтимал оқиғалардың банктiң қаржы ережелерiне қарымды ықпалын өлшеу әдiстерi.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет