Білім беру бағдарламасы: 6В04201-құқық Құрастырушылар: т.ғ. м., аға оқытушы Сабыргалиева Н. Б. Орал, 2021 ж



бет24/55
Дата09.02.2022
өлшемі300,55 Kb.
#131289
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   55
Байланысты:
ҚРМЖҚР Силлабус 2022ж.

Дәріс №14
Тақырыбы: Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметті реформалау.
Мақсаты: Қазақстан Республикасының мемлкеттік қызметінде болған реформаларға салыстырмалы түрде шолу жасау және оның тиімділіктері мен кемшілік тұстарын талқыға салу.
Жоспары:
1. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметінің тұжырымдамалық негіздері мен кадрлық саясаты.
2. Мемлекеттік қызметті реформалауды құқықтық қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметті реформалау мәселесінің өзектілігі бірқатар объективтік және субъективтік сипаттағы факторларда көрініс тапқан. Ең алдымен жас мемлекеттің қалыптасуы мемлекеттік қызметтің жаңартылған кадрлық құрамының қалыптасуын да талап етеді. Басқа жағынан Қазақстанның стратегиялық даму бағыты демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде мемлекеттік қызметкерлердің сапалы құрамымен болу керек.2030 жылға дейінгі Қазақстанның даму стратегиясында мемлекеттік қызметті реформалау мен кадр саясатына байланысты негізгі идеялар анықталған. Реформаның басты мақсаты – Қазақстан үшін нарықтық экономикаға бейім, тиімді, жаңа мемлекеттік қызмет пен басқару құрылымын дайындау. Берілген мақсат келесі міндеттерді шешкенде жүзеге асырылады:
- мемлекеттік аппарат кадрлерін тиімді қолдану мен іріктеу жүйесін жетілдіру;
- мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру мен даярлаудың жүйесін жақсарту;
- мемлекеттік қызмет кадрлерін басқарудың жалпымемлекеттік жүйесін қалыптастыру;
- мемлекеттік аппараттағы сыбайлас жемқорлықпен күрес;
- мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік-құқықтық кепілдіктерін арттыру.
2030 жылға дейінгі Қазақстанның даму стратегиясында кадрлерді алу, дайындау мен өсу жүйесін жақсарту мемлекеттік басқаруды реформалаудың басым бағыттарының бірі болып табылады. Онда мемлекеттік қызметтің жоғары репутациясын құру мен қолдау стратегиялық міндеті қойылған.
Мемлекеттік аппараттың түбірімен жаңаруының тағы бір шарасы, ол азаматтардың әкімшілік мемлекеттік қызметке түсердегі міндетті конкурстық іріктеуден өтуді енгізу болып саналады.
Реформаның маңызды нәтижесіне «мемлекеттік қызметшілерді оқытудың концепциясын» қабылдау жатады. Бұл құжатта оқытудың мақсаты мен міндеттері, жүйесі мен қағидалары, мемлекеттік қызмет кадрлерін оқыту процессін ресурстық және құрылымдық қамтамасыз ету.
Заңнаманы одан әрi жетiлдiру процесiнде Конституцияның үстемдiгi және төменгi деңгейдегi актiлер нормаларының жоғарғы деңгейдегi актiлерге сәйкес тұру принциптерiн бұлжытпай ұстану қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет