Білім беру бағдарламасы: 6В04201-құқық Құрастырушылар: т.ғ. м., аға оқытушы Сабыргалиева Н. Б. Орал, 2021 ж



бет21/55
Дата09.02.2022
өлшемі300,55 Kb.
#131289
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   55
Байланысты:
ҚРМЖҚР Силлабус 2022ж.

Дәріс №11
Тақырыбы: Мемлекеттік қызметке өту.
Мақсаты: Мемлекеттік қызметтің мәнін ұғына отырып, оның саяси және әкімшілік түрлерін талдап, оладың өкілеттіктері мен міндеттерін оқыту.
Жоспары:
1. Саяси мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметке өтуі.
2. Әкімшілік мемлкеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметке өтуі.
3. Әкімшілік мемлекеттік қызметшілерге аттестация жүргізу талаптары.
4. Мемлекеттік лауазымдардың біліктілік сипаттамасы.
Мемлекеттік қызметкерлер де әкімшілік құқықтың субъектілері болып табылады. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы бар. Онда мемлекеттік қызметкер, мемлекеттік қызмет ұғымдарына анықтама берілген. Мемлекеттік қызмет — мемлекеттік қызметкердің мемлекеттік биліктің міндеттері мен қызметтерін іске асыруға багытталған мемлекеттік органдардағы лауазымдың өкілеттіктерін атқару жөніндегі қызметі. Мемлекеттік қызметкер — мемлекеттік органда белгіленген тәртіппен ақы төленетін қызметті иеленген және мемлекеттің міндеттері мен қызметін іске асыру мақсатында қызметтік өкілеттігін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы. Мемлекеттік қызметкерлер екі түрге бөлінеді: саяси және әкімшілік қызметкерлер. Саяси-мемлекеттік қызметкер — тағайындалуы (сайлануы), қызметтен босатылуы және қызметінің айқындаушы-саяси сипаты бар және саяси мақсаттар мен міндеттерді іске асыруға жауапты мемлекеттік қызметкер. Мысалы, премьер-министр, министрлер, агенттіктердің төрағалары, әкімдер. Әкімшілік-мемлекеттік қызметкер — мемлекеттік саяси қызметкерлер қатарына кірмейтін, мемлекеттік органда тұрақты кәсіби негізде қызметтік өкілеттігін жүзеге асыратын мемлекеттік қызметкер. Мысалы, сот орындаушысы, сот мәжілісінің хатшысы, аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі және басқалары. Мемлекеттік қызмет мынадай қағидаттарға негізделеді:
- заңдылык;
- патриотизм, отансүйгіштік сезім, іс-әрекет;
- мемлекеттік биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот тармағына бөлінуіне карамастан мемлекеттік қызмет жүйесінін біртұтастығы;
- мемлекет мүдделерінің алдында азаматтардын құқығы, бостандықтары мен заңды мүдделерінің басымдығы;
- жұртшылыққа бірдейлігі (қолы жететіндігі);
- азаматтардың мемлекеттік қызметке тұруға еріктілігі;
- мемлекеттік қызметкерлердін өз ісіне маманданғандығы мен біліктілігі және кәсіби мығымдылығы (принципшілдігі);
- мемлекеттік қызметкерлердің бақылауда болатындығы жене есеп беріп тұратындығы;
- мемлекеттік қызметкерлердін өз міндетін адалдықпен, бастамашылдықпен атқарып, ерекше маңызды әрі күрделі тапсырмаларды орындағаны үшін мадақталып көтермеленуі;
- бірдей жұмысқа тен еңбекакы алатындығы;
- бағынышты мемлекеттік қызметкерлер мен төменгі мемлекеттік органдар қызметкерлерінін жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды қызметкерлерінін өздерініи өкілеттігі шеңберіндегі шешімдерін орындаудың міндеттілігі;
- мемлекеттік құпия больш табылатьш немесе заңмен қорғалатын құпиядан басқа, қоғамдық пікір мен жариялылыктың ескеріліп отыратындығы;
мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық және әлеуметтік тұрғыдан корғалатындығы;
- мемлекеттік қызметкердін қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе көңілдегідей етіп орындамағаны үшін және өз өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін жеке басы жауапты;
- мемлекеттік қызметкерлердін біліктілігін үздіксіз арттырып отыруы.
Мемлекеттік қызметті өткеру бұл мемлекеттік қызметтік қатынастардың пайда болуын, өзгертілуін және тоқтатылуын тудыратын өзара байланысты, өзара бір-біріне себепші заңдық айғақтардың жүйесі.
Мемлекеттік қызметті өткерудің элементтері: мемлекеттік қызметке кіру; мемлекеттік қызметшілерді аттестациялау; қызметті ауыстыру; қызмет атқару жеңілдіктері мен оны ынталандыру; мемлекеттік қызметкерлердің жауаптылығы.
Мемлекеттік қызметті өткеру бұл мемлекеттік қызметтік қатынастардың пайда болуын,өзгертілуін және тоқтатылуын тудыратын өзара байланысты, өзара біріне бірі себепші заңдық айғақтардың жүйесі және ол ұзаққа созылатын процесс.
Мемлекеттік қызметті өткеру екі түрлі құқықтық актілермен іске асырылады. Біріншісі – Қазақстанның барлық азаматтары үшін мемлекеттік қызметті өткерудің жалпы тәртібін яғни ережелерін, шарттарын белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді құрайды. Оларға «Мемлекеттік қызмет туралы» заң және Президенттің жарлықтарымен бекітілген бірнеше нормативтік актілер жатады-мыс. «Мемлекеттік қызметті өткеру тәртібі туралы Ереже». Олар мемлекеттік қызметке қабылдаудың сынақ мерзімінен өтудің тәртібін, мемлекттік қызмет жағдайының ерекшеліктерін, аттестациядан өткізудің тәртібін, қызметке орналасудың және қызметке ауыстырудың тәртібін, лауазымдық санаттар топтарына жатқызудың тәртібін, құрметті атақтар берудің тәртібін белгілейді.
Құқықтық актілердің екінші түрі - бұл заңдық айғақтар түрлерінің бірі, яғни, нақты бір азамат үшін мемлекеттік – қызметтік қатынастар туғызатын, өзгертетін немесе тоқтататын нақты жағдайларды реттейтін жеке-дара актілер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет