Тақырыбы: Мемлекеттік қызметшілердің оң имиджін ілгерілету.
Сабақтың мақсаты:Мемлекеттік қызмет саласындағы мемлекеттік қызметшілердің имиджін қалыптастыру мәселелерін талқылау және оны қалыптастырушы факторлардың сыртқы ортаға әсерін сипаттау.
Жоспары: 1. Мемлекеттік қызметшілердің имиджін қалыптастыру мәселелері.
2.Мемлекеттік қызметшілердің имиджін қалыптастыру факторлары.
3.Кәсіби-коммуникативтік құзыреттілік - мемлекеттік қызметшінің имиджін қалыптастыру факторы ретінде .
Тақырып бойынша әдістемелік нұсқаулықтар:әдебиеттер тізіміне сәйкес белгілі бір тақырыпқа қатысты нормативтік құқықтық актілерді, оқу материалдарын, қосымша дереккөздерді (кітаптар, брошюралар, журналдар және т.б.) таңдау қажет.Дайындық жұмыстарынан кейін дәріс материалы қайталануы керек. Өздік жұмысты жалғастыру - семинар тақырыбын оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар бойынша зерттеу. Студент дәрістік материалдармен қатар оқулықтар мен оқу құралдарын да қолдануы керек. Бұл маңызды және қажет, өйткені оларда дәрістерге қарағанда бірқатар сұрақтар толығырақ ашылады.