Ақпарат құралдарынан материалдар жинақтау. Интернет материалдарымен танысу. Түрлі кітапшалар, брошюралар, т б. қарап шығу



бет1/5
Дата14.02.2018
өлшемі2,37 Mb.
  1   2   3   4   5
I.КІРІСПЕ БӨЛІМІ.

  1. Ақпарат құралдарынан материалдар жинақтау.

  2. Интернет материалдарымен танысу.

  3. Түрлі кітапшалар, брошюралар, т.б. қарап шығу.

Зерттеу әдісі.

Бақылау

Жинақтау ,оқу, талдау

Экспримент

Маман ұстаздармен кеңесу

Ақпараттар іздеу, жинақтау

Интернеттен мәлімет алу



II.Ғылыми жұмыстың деректік негізі.

1.Қожа Ахмет Яассауиды кесенелердің ішінде танып білу.

Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауидің кесенесі - Орта Азия мен Қазақстандағы теңдесіз тарихи жәдігер. Бұл ғажайып сәулет өнерінің туындысы өз бойына ертеден келе жатқан жергілікті және Шығыс мұсылман құрылыс тәжірибесін жинақтаған бірегей ғимарат. Бұл ғажайып ғимарат Әулиелердің Сұлтаны Құл Қожа Ахмет Ясауиге зор құрмет ретінде, оған деген халықтың шексіз сүйіспеншілігіне орай, Әмір Темірдің бұйрығымен 1397 жылы салына бастаған. Қ.А. Ясауи сәулет ғимараты айқын, дәл әрі үйлесімді жоспармен салынған. Деректерде Әмір Темір кесененің салынуына бұйрық беріп, әрі жобасын жасауға да тікелей қатысқан. Қожа Ахмет Ясауи сәулет ғимараты - аса үлкен порталды-күмбезді құрылыс. Оның ені - 46,5м, ұзындығы - 65м. Ғимараттың орасан зор порталы (ені - 50 метрге жуық, порталдық аркасы - 18,2 м және биіктігі - 37,5м) және бірнеше күмбезі бар. Оның орталық бөлмесінің төңірегінде түрлі мақсатқа арналған 35 бөлме салынған. Қ.А. Ясауи кесенесі жамағатхана, қабірхана, мешіт, кітапхана, үлкен ақсарай, кіші ақсарай, асхана, құдықхана және бірнеше құжыра бөлмелерден тұратын, діни-ғұрыптық, діни-ағартушылық, тұрмыс-салттық қызмет түрлерін атқаруға арналған аса күрделі, аса зор кешенді құрылыс болуымен ерекшеленеді.



2. Тай қазанның шығу төркіні.

Ал оның шағын үлгісі іспеттес Тайқазан астрономиялық мәні бар қызмет атқарған. Зерттеушілер арасында Тайқазан атауындағы «Тай» сөзінің шығу төркіні түркі, моңғол халықтарында жылқы малының киелі саналып, құрбандық шалу рәсімінде пайдалануына байланысты туындаған деген пікір бар. Алып қазан құю ісі арнайы жобамен жүзеге асырылған. Сондай-ақ ол – ұсталардың зор шеберлігі мен үлкен қажыр-қайратын, көп жұмыс күшін және олардың бір мақсатқа жұмылған рухани тұтастығын қажет қылған жұмыс. Қазанның бөліктері қалыптарда жеке-жеке құйылып, соңынан құрастырылған.



3.Тайқазанның құрылу процесі.....

Қазандық Орта Азия мен Қазақстандағы кірпіштен өрген күмбездердің ішіндегі ең үлкен диаметрі 18.2 метрлік күмбезбен көмкерілген. Күмбездің ұшар басына дейін есігіндегі ғимараттың биіктігі 39метр қазан жалпы көлемі 330 шаршы метр. Сегіз бұрышты барабан арқылы көтерілген күмбез ішкі жағынан тамаша сталактитармен көмкерілген, олардың кей жерлерімен және ою- өрнектері XIX ғасырдың 80-шы жылдарында (1884-1886ж.ж.) болған жөндеу жұмыстары кезінде боялып жіберілген болатын.Қазандықтың белгілі атқаратын қызметі болған емес, тек үлкен діни мерекелерде онда намаз оқылатын. Залдың аты жеті түрлі қымбат металл (алтын,күміс,мыс,мырыш,қалайы,қорғасын,темір) қоспасынан құйылған қа занға байланысты аталған. Қазанның салмағы 2 тонна, диаметрі 2,4метр, сыйымдылығы 3000 литр, биіктігі 162см. Қазанды осы қаладан 25 шақырым жердігі Қаршақ деген елді мекенде Әмір Темірдің жарлығымен 1399жылы Қожа Ахмет Иасауи кесенесіне иралып құйылған. Осы құйған Тебриздік шебер Адел Озиз Шарафуддин. Кезінде қазан төңірегінде жылқы құйрығы тағылған он ту түрған. Олардың кейбірінің жарты ай бейнесі мен жазулар түсірілген үшкір ұштары да болатын. Тайқазанның гүл тәрізді он құлағы бар. Тайқазанның үстінгі жилігіндегі үш қатарлы белбеуі сан алуан өсімдік тектес ою-өрнекпен іші ақышталған да және араб жазуларымен жазылған. Қазандықтың бүкіл комплексті орталыққа және оны айнала қоршай орналасқан бөлмелерге шығатын 14 есік.Олардың екеуі XIV ғасырдан сақталып келе жатқан есіктер. Бірі қазандық,тың пен есігі-қақпа, екіншісі қабырхананың есігі-қапсырма. Бұл есіктс ортағасырлық оюлы есіктердің тамаша үлгісі болып табылады. Қазандық пен ханадағы өрнектеліп жасалған ағаш есіктерді жасаушы Сафар шебер. Мұндай өрнек салу өнсрі Қазақстан мен Орта Азияда өте ерте заманнан бері дамып жатқандығын айта кету керек. Ою-өрнектің ең көне түрлерін киіз үйлер есіктермен, бағаналардан, үй тұрмысында қолданылатын бұйымдардан болған. Ою-өрнек салуда негізінен жаңғақ, арша, терек ағаштары пайдаланылған.



Зерттеудің ғылми-практикалық мәнділігі

  1. Табиғи заттармен.

Ол табиғи заттармен жасалынған(мыс ,қола ,т.б. с.с)

  1. Геродаттың келтірілген бір қызық мәліметті

Геродоттың келтірген мына бір қызық мәліметінен мұның мәні тіпті тереңде екенін аңғаруға болады. «Бір күні сақтардың Ариант есімді патшасы жауынгерлерінің әрқайсысына жебелерінің бір-бір ұшынан алып келулерін бұйырады. Сосын оларды балқытып, алып қазан құйдырады». Көшпенді жауынгерлерінің жорық кезінде алып жүретін үлкен қазандары болғаны мәлім. Бірақ мына қазанның жасалуы да, қызметі де ерекше. Мұны жасауға сансыз жауынгер атсалысып, алып келген жебесінің ұшы қазанның бөлінбес бөлшегіне айналғандай, өзі де тайпаның ажырамас мүшесіне айналып, қауымының бірлігінің, беріктігінің кепілі болып отыр. Қазан сыртындағы жазулардың бірінші қатарында жазылған Құранның «Тәубе» сүресінің он тоғызыншы аятының үзіндісінен және Пайғамбар (с.ғ.с) хадисінен оның суға арналғандығын аңғаруға болады. Аят: қазақша мағынасы: Аса Мәртебелі, Құт-берекенің иесі Алла айтты: «Сендер қажыларға су беру, Месжід Харамды жөндеуді [Аллаға, ахирет күніне иман келтіріп және Алла жолында күрескен кісі сияқты] көресіңдер ме?» (9:19-аят.), – десе, хадисте былай делінген: Пайғамбар, ол кісіге сәлем болсын, айтты: «Кімде-кім Алла Тағала үшін су құятын ыдыс жасаса, Алла Тағала жұмақта оған арнап хауыз дайындайды». Бұл жердегі әңгіменің астары халыққа, адамдарға қызмет қылуды, елдің қажетіне жарауды меңзеп, Құдайға құл болудың мәнісі – адамдардың бірін-бірі алаламай, дініне, ұлтына қарамастан қайырымдылық, қамқорлық жасауында екендігін аңғартады. Мұнда сондай игі әрекеттер арқылы ғана адам баласы Жаратушының ризалығын тауып, мінсіз қоғам құра алады деген идея жатыр. Қазан сыртындағы арабтың гүл өрнекті сулус және куфи үлгілерімен жазылған үш белдеудегі жазудың бірінші қатарының соңында оның шайхылардың сұлтаны Ахмет Ясауи кесенесіне арналып жасалғаны туралы айтылады. Аудармасы: Бұл су құятын ыдысты Ислам Шайхысы, әлемдегі шайхтардың Сұлтаны, Шайх Ахмет Ясауидің (Алла ол кісінің әзіз рухын киелі қылсын!) мазары үшін жасауға ұлық әмірші, көп елдің тізгінін қолына ұстаған, Рахымды Патшаның [Құдайдың] айрықша қамқорлығын иеленуімен ерекшеленген Әмір Темір Көреген бұйрық берді. Алла Тағала оның билігін мәңгілік етсін!ың келтірілген бір мәліметі

  1. Қазіргі қазандық туралы мәліметтер.

Түркістан қаласында, әулиелердің Сұлтаны Құл Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі өзінің құтты орнында, қазақ халқының, Қазақстан атты үлкен шаңырақтың, қала берді, күллі түркі жұртының берекесінің, тыныштығы мен бірлігінің нышаны қызметін атқарып тұр.



Тубсанарори негізгі мектебінің 6 сынып оқушысы Шалабаев Арнұр зерттеу жұмысының мазмұндылығын ашып көрсеткен . Зерттеу бөлімінде Қожа Ахмет Яссауидағы Тайқазан туралы,оның ою өрнетені, салмағы жәнеде т.б. мәліметтер туралы толық баяндаған.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

Ермек сазды пайдаланып қазандық жасады. Оюлрды қазігі жаңа технолгияға байланысты әшекейлеп көрме ұйымдастырды.

Пікір жазған:

Тубсанаторий негізгі мектебінің оқу іс жөніндегі меңгерушісі, жоғағы санатты бастауыш пәнінің мұғалімі Күсепбаева Б.




Зерттеудің ғылыми жаңалығы


Ii.зерттеу бөлімі

Каталог: uploads -> doc -> 0ed0
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0ed0 -> Сабақтың тақырыбы: Жүрек және қантамырлары қызметінің гуморальдық реттелуі
0ed0 -> Тақырыбы Етістіктің райлары. Ашық рай


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет