Ақпарат құралдарынан материалдар жинақтау. Интернет материалдарымен танысу. Түрлі кітапшалар, брошюралар, т б. қарап шығу



бет5/5
Дата14.02.2018
өлшемі2,37 Mb.
#37644
1   2   3   4   5

II.Зерттеу бөлімі

  1. ҚР Қожа Ахмет Ясауидің кесенесі туралы

Өткен дәуірлерде құрылыс саласында қол жеткен табыстардың көпшілігін өз бойына жинақтаған ғимараттардың бірі Түркістан қаласындағы күні бүгінге дейін жақсы сақталып келген Ахмет Иасауи сәулет ғимараты.Ғимараттың салыну тарихына кіріспес бұрын Ахмет Иасауидің өз өміріне қысқаша түсінік берейік.

Ахмет Иасауй шамамен XI ғ. соңында - XII ғ. басында Сайрам қаласында дүниеге келеді. Тегі - жергілікті түркі тайпаларының бірі көсіннен күнелткен Ахметтің әкесі Ифтихар баласы Махмудтың ұлы Ибрагим және анасы Қарашаш, бұл кісілердің бейіті Сайрам қаласында.

Ахметтің тұңғыш рухани ұстазы әрі тәрбиешісі атақты шайхы Арыстапбаб болған. Ол дүние салғаннан кейін Ахмет Бұхараға келіп, атақты шайхы Қожа Жүсіп Хамаданидан софылық ілім жайлы дәріс алады.Сөйтіп, "Ақиқатты хақ жолдарын" түсіндіру құқына ие болады. Біраз уақыт бойы ол Бұхарадағы софылық қоғамын басқарып жүреді. Бірақ көп ұзамай өзінің рухани дүниесін қанағаттандырмаған осынау хұзырлы орыннан бас тартып, Түркістан қаласына қайта оралады. Бұл жерде Ахмет Иасауи өзінің уағызшылық қызметін кеңінен өрістетеді.

Аңызға қарағанда Ахмет Иасауи Мұхаммад пайғамбар жасына келген соң, оны аза тұту белгісі ретінде қалған өміріп өзі уағыз айтатын мешіт іргесінде қазылған жер асты мекенінде (Қылуепе) өткізді. Мұнда оның үй іші ғана емес, шайқының ілім алып жүрген көптеген шәкірттер де болады.

Ол 1166-67 жылдардың бірінде дүние салды. Жергілікті қауымдарды? ұлттық әулиесі ретінде Иасауи халықтың аса көп жиналуымен оөіңдік арнайы соғылған кішкене мазарға жерленеді.

Бізге келіп жеткен жазба мәліметтерден көне Иассыда, қазіргі кесене тұрған орында, мұсылманның атақты әулиелерінің бірі шайқысы-Ахмет қабіріне ХІІ ғ. өзінде-ақ шағын мавзолей орнатылғаны белгілі. Кейін бұл мавзалей мұсылмандардың жаппай тәубе ету орнына айналды.

Зират әлемдегі ең бай зиратгардың бірі ... дәрежесіне көп тәуеп етушілер мен жергілікгі тұрғындардың берген бітір - садақаларының арқасында ғана жетті деп шамалаған жөн. Алтын Орда ханы Тоқтамыстың Түркістанды сан мәрте шауып, мавзалейді тонап отыруы тектен - тек болмаса керек.

1390-91-94-95 жылдардағы қан төгіс ұрыстарда Темір Алтын Орданың өктемдігін жойып астанасы - Сарай Беркені өртеп жібереді. Міне, осы жеңістің құрметіне Ахмет Иасауидің ескі мазарының орнына жаңа зор мемориалды ескерткіш орнатуды ұйғарды. Осы тұрғыда Темір тек діни мақсат мүддені ғана Көздеген еді деу қиын. Бұл оның беделін көтеруге үстемдігінің мызғымас берік екендігін көрсетуге және дала жақ сыртының сенімді болуы үшін де қажет еді.



Бұл кезде Темір Моғолстан әміршісі Хызыр Қожа ханның қызы Түкел ханымды әйелдікке алмақ болып, той қамына кірісіп жатқан. Қалыңдығын қарсы алу үшін Темірдің әмірімен Самарқандта "Дилкуша" (Гүл атқан жүрек) бағын салу аяқталды. Қалындығының алдынан шығуға аттанған Темір жолшыбай Шыназ елді мекеніне таяу маңындағы Ахангеран қойнауында біраз аялдайды.

  1. Күмбездеріне шалу:

Қазандық

- Асхана

- Кітапхана
-Қабырхана
- Кіші Аксарай
- Құдықхана
- Қорған қақпасы
- Қорған дуалы
- Белгісіз бейіт
- Сегіз қырлы бейіт
- Халуат - жер асты мешіті
- Шығыс моншасы
"Укаша ата бейіті"
«Гауһар ана бейіті"



3.Күмбездің ішіндегі асхана бөлмесі.
Асхана. Бөлменің тарихымен таныспас бұрын сіздерді осы асхана бөлмесінің архитектуралық ерекшеліктерімен таңыстыра кетейік. Бұл бөлме қазандық пен дәліз арқылы байланысқан. Асхананың сәулет құрылымдық әдісі үшбұрышты күмбездермен көмкерілген сегіз аркалы композиция. Бұл Қазақстан мен Орта Азия сәулет өнерінде сирек кездесетін нәрсе болғанымен мұнда өте көп пайдаланылған.
Асхана мезгіл тауқымымен жаугершілік зардабын қой шеккен кайта қалпына келтіргенде оның күмбездерімен батыс қабырғасы жаңадан қаланып, сылақтан өткізілген. Бұрын мұнда осындай казандарда туралған ет бидайдан ботқа - "Әлім" дайындалатын болған. Ботқаны 24 сағат уақытында қайнатып пісірген. Ботқаны ағаш астауларға салып қазандыққа жиналған жарлы жақыбайларға, мүгедектерге берілген.





III. Зеттеу нәтижелері:
1.Тайқазанның шығу тарихы туралы мәлімет.
Тайқазан — Түркістандағы қасиетті қазан. Оны Қарнақ қаласында 1399 ж. Тебриздік шебер Абд ул-Әзиз ибн Шараф әд-Дин 7 металл қоспасынан құйып жасаған. Оған алпыс шелек су сияды, салмағы 2 т. Қазан суы қасиетті су деп танылған. Қазанның бүйіріне өсімдік кейпіндегі өрнектер салынып, араб әріптерімен оюлап құйылған жазулары бар. Түркістан тайқазаны 1935 ж. Санкт-Петербургтегі Эрмитаж басшыларының өтініші бойынша 3-халықаралық конгреске көрсету үшін әкетілген еді. Эрмитаждың төменгі қабатында 48-залда 54 жыл тұрып, Қазақстан үкіметінің талап етуі бойынша 1989 жылдың 18 қыркүйегінде қасиетті Т. Қожа Ахмет Яссауи кесенесіндегі өз орнына қойылды. Оның қайтарылуына Ө.Жәнібеков көп еңбек сіңірді.[1][2] Тайқазанның ішіне 3000 литр су сыяды. Ол Қарнақ қаласынан өткен. Шебер оны көптеген асыл металдардың қоспасынан әзірлеген.

2. Қызықты зерттеулер
Бұл қазан 1399 жылы 25 маусымда (хижра 801 жыл, 20-шаууал) Түркістан қаласының батысында, 27 шақырым жерде орналасқан Қарнақ елді мекенінде, сирек кездесетін жеті түрлі асыл металдың (мыс, мырыш, алтын, күміс, қола, қорғасын, темір) қоспасынан құйылған. Қазанның салмағы – 2 тонна, сыйымдылығы – 3 мың литр, биіктігі – 1,60 м., диаметрі – 2,42 м. Тұғырының биіктігі – 0,54 м., диаметрі – 0,607 м. Тайқазанның сыртқы бөлігінің өрнектелуі бес бөліктен тұрады. Бірінші жоғарғы бөлігінде қазанды айнала сулус қолтаңбасымен Құран Кәрім аятынан үзінді жазылып, ол пайғамбар хадисімен жалғасады, одан соң қазанның кімге арнап жасалғаны, аяқталған жылы берілген.Екінші қатар – ірі он кубба (емшек) және он өрнекті тұтқа арқылы жиырма картушқа бөлінген. Оның қатар орналасқан екі бөлігіне сулус қолтаңбасымен шебердің өз аты-жөні жазылған болса, қалған он сегіз бөлігінде куфи жазу үлгісімен парсы тілінде тілек сөз берілген. Үшінші қатарда Құдайдың Құдіреті жайлы ескерту куфи жазу үлгісімен 22 рет қайталанып жазылған. Төртінші қатардағы қазанның бүйір бөлігінде тұтқа өрнектеріне ұқсас үлкен жапырақ түріндегі он ою бедерленіп, жиырма кіші кубба орналасқан. Аяқ тұғырымен шектесетін бесінші бөлігінде қиылысқан доға сипатындағы өрнектер бедерленген. Жалпы формасы жүрек пішініне ұқсас және қазақтың дәстүрлі қошқар мүйіз оюларының нәзік үйлесімді иірімдерінен тұратын қазандағы өрнектер Ахмет Ясауидің хәл, яғни жүрек ілімінің мағынасына меңзейтіндей. Осы жүрек пішіні мен қошқар мүйіз оюларының сан алуан композициясын кесенедегі лауха, қазанның тұтқасы, шырағдандар, есік алқасы, т.б. көптеген заттардан көріп, оларға ортақ ұлттық нақыштағы біртұтас идеялық бірлікті аңғарамыз. Аталмыш қазан кесененің архитектуралық сипатымен және қабірханадағы қабіртастың өлшемдерімен өзара үйлесімде ортақ геометриялық шешімге сай жасалған. Белгілі ғалым Ақжан Машанның тұжырымынша, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі жеті қат көкті, 12 мүшел мен жыл есебін бейнелейтін ғарыш моделі сынды құрылыс.

3.Тайқазан- әлем көзімен

Мұны Абайдың тілімен айтар болсақ: «Адам ғапыл дүниені дер менікі. Менікі деп жүргеннің бәрі Оныкі! Тән қалып, мал да қалып, жан кеткенде, Сонда ойла, болады не сенікі?». Адамның иелігіндегі мал-мүліктің бәрі Құдайдікі екендігінің дәлелі – адамның дүниеге құрала­қан келіп, дәл солай қайтуы. Осыған орай Шәкәрім қажының: «Шаранамен туып едің, Бөз оранып өтесің. Бір сағымды қуып едің, Қай уақытта жетесің? Қанша дәулет жиып едің, Бәрі қалды, нетесің. Мал үшін жан қиып едің, Қайтіп алып кетесің?» – деген сыр сөздері бар. Адам баласы тіршілігінде тұтынатын, қажетіне жарататын игіліктердің бәрі – Жаратушының белгілі бір уақыт ішінде пайдалануға берген аманаттары. Демек, денсаулық, мал-мүлік, отбасы, Отан, бақ-дәулет, басқа да бүкіл игіліктерге жасалған қиянат Құдайдың аманаттарына қиянат болып табылады. Ғажабы, бір-ақ ауыз сөздің астарында адамның қоғаммен қатынасы қалай болу керектігі бекітілген. Қазақстан мен Орта Азиядай кең аумақта діннің сопылық дәстүр арқылы таралып, жергілікті дәстүрлі Исламның қалыптасқаны белгілі. Ата-бабаларымыз сан ғасыр бойы тұтынып, мақал-мәтел, салт-дәстүр, әдет-ғұрып түрінде ұрпағының қанына, жанына сіңіріп кеткен сол ілім қазірдің өзінде қазақты төрткүл дүниеге қонақжай, тыныштық сүйгіш, кеңпейіл халық етіп танытып отыр. Исламның жергілікті мәдениетпен сіңісіп, олардың салт-дәстүрлерін рухани мәнмен байыта түсуі көшпенділердің әдет-ғұрыптарының трансформациялануына әкелді. Бұл ретте қазандар да өзінің символикалық мәнін сақтай отырып, мұсылмандықпен астасқан діни ғұрыптық рәсімдерде, мемлекеттік, қоғамдық шараларда нақты мақсатқа пайдаланылатын болды.

935 жылы Тайқазан Санкт-Петербургтегі Эрмитажға, «Иран өнері мен археологиясы бойынша III халықаралық конгресіне» алынады. Жарты ғасырдан астам уақыт сонда тұрып, 1989 жылы қыркүйектің 18-інде ғана Өзбекәлі Жәнібеков бастаған ұлтжанды азаматтардың бастамасымен тарихи Отанына қайтарылады. Асқақ мәдениетіміздің заттай айғағы болған Тайқазанды осылайша басыбайлы Иран мәдениетінің еншісіне ұстатып жіберуге талпыныс тарихымызға жасалған көп қиянаттың бірі еді.




IV. Қорытынды


Ясауи кесенесіне сыйға тартылған құнды жәдігерді ирандық ұсталарды жалдап, ақысын төлеп құйдырғаны ғана болмаса, жоғарыда баяндалғандай, Тайқазан – терең дәстүрден тамыр алып, исламдық мәнмен астасқан рухани төл мұрамыз болатын. Бұл күнде Тайқазан – рухани астана, киелі Түркістан қаласында, әулиелердің Сұлтаны Құл Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі өзінің құтты орнында, қазақ халқының, Қазақстан атты үлкен шаңырақтың, қала берді, күллі түркі жұртының берекесінің, тыныштығы мен бірлігінің нышаны қызметін атқарып тұр.




Пайдаланған әдебиеттер


  1. Интернет материалы

  2. Түрлі ақпараттар көздері

  3. Пайдаланған әдебиет[өңдеу]

  4. Жоғарыға көтеріліңіз ↑ Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005

  5. Жоғарыға көтеріліңіз ↑ Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық.




ЖАМБЫЛ ОБЫЛЫСЫ

Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ

Тубсанаторий негізгі мектебІ



Авторы: Шалабаев Арнұр

Жетекшісі: Көшкінбаева Г.Б.

Ғылыми жұмыстың бағыты:

Тарихымызға шолу

Тақырыбы:Қазаны тоқ Қазақпыз

Шалабаев А.

Оқушының бұл еңбегінде Қ.А.Ясауи кесенесініңкүмбездері жәнеде оны ішіндегі тайқазаны туралы, қалай орналасқаны жайлы жазылған. Тайқазанның қалай жасалынғаны, қайдан шықаны туралы баяндайды. Қандай табиғи заттармен жасалынғаны туралы жеке-жеке тоқталған.


Каталог: uploads -> doc -> 0ed0
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0ed0 -> Сабақтың тақырыбы: Жүрек және қантамырлары қызметінің гуморальдық реттелуі
0ed0 -> Тақырыбы Етістіктің райлары. Ашық рай


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет