Білім беру бағдарламасы: 6В04201-құқық Құрастырушылар: т.ғ. м., аға оқытушы Сабыргалиева Н. Б. Орал, 2021 ж



бет18/55
Дата09.02.2022
өлшемі300,55 Kb.
#131289
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   55
Байланысты:
ҚРМЖҚР Силлабус 2022ж.

Дәріс №8
Тақырыбы: Мемлекеттік қызмет мемлекеттік басқарудың құқықтық институты ретінде.
Мақсаты: Мемлекеттік басқарудағы саясат пен мақсатты негізге ала отырып, Қазақстан Республикасында басқаруды сыныптау жүйесін үйрету, мемлекеттің функцияларының, басқару функцияларының және мемлекеттік
органдардың функцияларының өзара байланыстарын нақтылау.
Жоспары:
1. Мемлекеттік қызмет: түсінігі, мәні және құрылымы.
2. Мемлекеттік қызметтің қағидалары.
3. Мемлекетік қызмет түрлері және белгілері.
«Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі №453 Заңына сәйкес мемлекеттiк қызмет – мемлекеттiк билiктiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыруға бағытталған лауазымдық өкiлеттiктерді атқару жөнiндегi мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк органдардағы қызметi. Мемлекеттік қызмет – қызметшінің мемлекеттік органдарда мемлекеттік биліктің міндеттерін және функцияларын жүзеге асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттіліктерді атқару бойынша ресми қызметі.
ҚР мемлекеттік қызмет екі деңгейде жүзеге асырылады: республикалық
және жергілікті;
ҚР мемлекеттік қызметі 1999 жылғы 23 шілдедегі «Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР заңымен реттеледі. Осы заңға сәйкес «мемлекеттік қызмет» - бұл мемлекеттік қызметкерлердің мемлекеттік органдардағы мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттілігін атқару жөніндегі қызмет. Заң әдебиеттерінде мемлекеттік қызмет ұғымын тар және кең мағынада қарастырылады.
Мемлекеттік қызмет (кең мағынасындағы түсінігі) - бұл жұмысшылар мен шаруалардың жұмысынан бөлек, мемлекеттік органдарда, кәсіпорындарда, мекемелерде және ұйымдарда жүзеге асырылатын жұмыс, ал тар мағынасында - бұл мемлекеттік органдардың (мемлекеттік аппараттың) қызметкерлерінің күнделікті еңбек қызметі. Сонымен, мемлекеттік қызмет - бұл құқық нормасымен реттелген, кәсіби негізде, ақылы түрде мемлекеттік органдардың қызметкерлерінің мемлекет міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру мақсатында жүзеге асырылатын, мемлекеттің шегіндегі адамдардың еңбек етуінің жеке дербес түрі. Сол үшін мемлекеттік лауазымдар белгіленеді.
Мемлекеттік лауазым - бұл мемлекеттік органның нормативтік-құқықтық актілерімен белгіленген лауазымдық өкілеттілік пен лауазымдық міндеттердің ауқымы жүктелген құрылымдық бірлігі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет