Білім беру бағдарламасы: 6В04201-құқық Құрастырушылар: т.ғ. м., аға оқытушы Сабыргалиева Н. Б. Орал, 2021 ж



бет15/55
Дата09.02.2022
өлшемі300,55 Kb.
#131289
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   55
Байланысты:
ҚРМЖҚР Силлабус 2022ж.

Дәріс №5
Тақырыбы: Басқарудың құқықтық актілері.
Мақсаты: Басқарудың құқықтық актілерін сипаттау, оның түрлеріне талдау жасау және мемлекеттік қызметтегі құқықтық актілердің рөлін анықтау.
Жоспары:
1. Құқықтық актілер және оның белгілері.
2. Басқару актілерінің заңдылық сипаттамасы.
3. Басқару актілерінің қолданылу аясы.
4. Басқару актілері заңдық қасиеттері және қабылдану тәртібі бойынша жіктелуі.
Мемлекеттік басқару субъектілері қызметінің құқықтық нысанының объективтендірілген көрінісі болып басқарудың құқықтық актісі саналады. Құқықтық актінің негізгі белгілері мыналар:
— заңдылыққа, мемлекеттік биліктік сипаттамаға ие және бағытталганына байланысты орындау міндеттілігі бар. Басқару актісін орындау кепілділігі мемлекеттің еріксіз көндіру күшімен қамтамасыз етіледі.
— басқару актісінің құқықтық сипаттамалығында. Басқару актісінің заңдылық сипаттамасы — оның басқару сұрақтарында мемлекеттік-биліктік құқықтық шешім болады.
— бір жақты тәртіпте қолданылады;
— қажетті мінез-қүлық ережелерін бекітеді және нақты басқарушылық қатынастарды реттейді. Соңында құқықтық қатынастардың басталуы, өзгеруі немесе аяқталуы көрініс табады. Демек, басқару актісі, басқару аясындағы абстрактілі және нақты қоғамдық қатынастарды реттейді. Бұл мағынада мемлекеттік басқару актісі реттеуші акт болып саналады;
— шығармашылық сипаттамаға ие, өйткені ол басқарушылық істер мен сүрақтарды тиімді шешуге бағытталған. Істі шешетін басқару субъектісінен шығармашылық және ғылыми әдіс-амал, фактілігі, мәліметтерді есепке алу және терең талдау қажет етіледі.
— басқару субъектісі басқару актісін тек қана құқықтық норма белгілеген тәртіппен өзінің өкілеттік шеңберінде қабылдайды. Мұндай тәртіп негізінен әкімшілік-процессуалдық нормалармен реттеледі, мысалы, Үкімет қаулысы тек алқалы тәртіпте және кворум болған жағдайда қабылданады.
Демек, басқарудың құқықтық актісі — бұл басқарушылық қатынасты реттейтін немесе нақты басқарушылық істі шешетін, адресаттың жеке мінез-құлқын анықтайтын, мемлекеттік биліктік шығармашылық сипатқа ие, белгіленген төртіппен өкілетті орган немесе лауазымды тұлғаның бір жақты тәртіппен шығаратын заңдылық акті.
Басқару актілерінің заңдылық мағынасы көп жақты: олар құқық нормаларын белгілейді, өзгертеді немесе күшін жояды (бұл жерде басқарудың нормативтік актілері туралы сөз болып отыр); басқару субъектілеріне нақты міндеттер жүктейді немесе белгілі құқықтарға ие етеді (мысалы, басқару аясында қандай да болмасын әрекеттерді жасауға міндеттейді, ҚР ішкі істер Министрі республика аумағында орындауға міндетті актілер (бұйрық) шығарады). Басқару актілері заңды фактілер ретінде, яғни басқару аясында құқықтық қатынастардың пайда болуына, өзгеруіне немесе аяқталуына негіз болады (мысалы, ҚР азаматын ҚР ІІМ-нің кадрлар қатарына енгізу, қызметтік қатынастарды туғызуға заңды факт ретінде қабылданады).
Басқару актілері мына жағдайларға:
— басқарудың басқа да актілерін шығаруға негіз ретінде (мысалы, жоғары тұрған орган шығарған акт негізінде төмен тұрған орган акт шығарады);
— сотта дәлелдеме ретінде, соттың істі қорғауға негіз ретінде (қызметкерді жұмыстан шығару, жауаптылық шараларын қолдану);
— басқа актілердің жарамдылық жағдайына (мысалы, қару-жарақ сатып алуға берген рұқсаты және т.б.) қолданылуы мүмкін.
Басқару актісінің заңнан айырмашылығы — оның заңға тәуелділігінде, яғни ол заңның негізінде және заңды орындауға байланысты шығарылады. Заң — құқықтық акт жүйесінде ең жоғары заңдылық күші бар акт.
Басқарудың құқықтық актілері – атқарушы билік органдары мен лауазымды тұлғалардың белгіленген тәртіппен шығаратын, мемлекеттік биліктік сипаты бар, басқару қатынастарын реттейтін немесе нақты басқару ісін шешетін заңға тәуелді заңды актісі.
Басқарудың құқықтық актілері атқарушы билік органдары мен лауазымды тұлғалардың заңдардың орындалуын қамтамасыз ету қызметімен тығыз байланысты болады, сондықтан да олардың актілері құқықтық сипатта болады. Атқарушы билік органдарының құқықтық актілерді шығаруы басқару міндеттерін жүзеге асыру қажеттілігінен туындайды. Сонымен, басқарудың құқықтық актілері атқарушы биліктің мақсаттарын жүзеге асырушы маңызды құралы болып есептеледі.
Заңдық қасиеттері бойынша:
а)нормативтік;
ә)жеке дара;
б)аралас құқықтық актілер болуы мүмкін.
Қабылдау тәртібіне байланысты құқықтық актілер бөлінеді:
а)алқалық;
ә)жекедаралық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет