5. Әдебиеттер тізімі ҚР Конституциялық құқығы Оқулық / Сост. д.ю.н., профессор А.Т.Ащеулов. – Алматы: КазГЮА, 2001. С.10-56.
Сапаргалиев Г. ҚР Конституциялық құқығы: Академиялық курс. – Алматы: Жеті жарғы, 2005. С.3-19.
Нуртазин М.С. Система местного государственного управления и государственной службы Казахстана. Учебник. – Алматы: Бастау, 2016.-248 стр.
6. Дәрістер кешені Дәріс №1 Тақырыбы: ҚР Мемлекеттік басқарудың түсінігі мен ерекшеліктері.
Мақсаты: Мемлекеттік басқару түсінігіне анықтама беріп, оның ерекшеліктерін қарастыру. Мемлекеттік басқару әдістерін талдау және арнайы міндеттерді орындауда мемлекеттік басқарудың рөлін, стратегиялық мақсат-міндеттердің және басқару қызметі мазмұнының тиісті мемлекеттік басқару салаларымен (түрлерімен) өзара байланыстарын анықтау.
Жоспары: 1. Мемлекеттік басқару түсінігі.
2. Мемлекеттік басқарудың ерекшеліктері.
3. Мемлекеттік басқару әдістері.
4. Координациялық және субординациялық әдістердің өзіндік белгілері.
Мемлекеттік басқару - коғам дамуының барысында қоғамдық, қатынастарды реттеу мен тікелей практикалық ұйымдастырудағы атқарушылық және бөлушілік іс-әрекет. Мемлекеттік басқару барынша кең мағынада, мемлекеттің істерін басқару, мемлекеттік органдардың барлығының қатынасуымен іске асырылады. Мемлекеттік басқару дегеніміз:
а) зандарды орындау барысындағы іс-әрекет;
б) объектілер мен адамдарға ағымдағы өкімдік жасау және олардың орындауға міндетті болып табылатын, заңдық күші бар нормативтік актілерді қабылдаумен байланысты іс-әрекет.
Барынша тар мағынасында мемлекеттік басқару деп экономиканы, әлеуметтік-мәдени, әкімшілік-саяси салаға практикалык және тікелей басшылық жасауға бағытталған атқару, бөлу, зандық күші бар, бір-біріне бағынышты мемлекеттік басқару органдарының іс-әрекетін айтуға болады.
Мемлекеттік басқару белгілі бір әдістердің көмегімен іске асырылады.
Басқарудың әдістері дегеніміз:
1) әкімшілік құқық субъектілерінің іс-әрекетін ұйымдастыру;
2) басқару үрдісі барысында туындайтын нақты мәселелерді шешу;
3) басқарылушылардың еркіне ықпал етудің тәсілдері, амалдары.
Басқарудың төмендегідей субординация және координация сияқты екі әдісін көрсетуге болады.
Координациялық әдіс әр түрлі органдардың күрделі мәселені шешуге деген қажеттілігінен көрінеді. Мемлекеттік басқарудың құқықтық және құқықтық емес секілді екі түрпішіні бар. Құқықтық түрпішініне:
1) нормативтік құқыктық кескіндерді дайындау және қабылдау;
2) шарт жасау жатады.
Субординация әдісінің белгілері:
1) басқарылушылардың құқықтары мен міндеттерін бекіту арқылы тікелей ықпал ету;
2) басқару органының міндетті шешудің не нақты мінез-құлық кескінін анықтаудың тәсілін бір жақты тандауы;
3) орындалмағаны үшін әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылатын, басқару актісінін занды міндеттілігі;
4) заңнамаларда бекітілген тәртіп бойынша жеке және занды тұлғалардың құкықтарын қорғау.