Білім беру бағдарламасы: 6В04201-құқық Құрастырушылар: т.ғ. м., аға оқытушы Сабыргалиева Н. Б. Орал, 2021 ж



бет13/55
Дата09.02.2022
өлшемі300,55 Kb.
#131289
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   55
Байланысты:
ҚРМЖҚР Силлабус 2022ж.

Дәріс №3
Тақырыбы: Мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы.
Мақсаты: Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі Стратегиялықбағдарламасында белгіленген мемлекеттік басқарудың жүйелілігі туралы ақпарат беру және мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын құрудың объективтік жәнесубъективтік факторларын жіктеу арқылы ұғыну.
Жоспары:
1. Мемлекеттік аппарат: түсінігі, құрылымы.
2. Мемлекеттік орган: түсінігі, жіктелуі.
3. Мемлекеттік органдың құзыреті.
4. Мемлекеттік бақылау-қадағалау органдары.
Мемлекет қоғамның маңызды және күрделі саяси институты ретінде өзінің нақты құрылымы және ішкі салаларды ұйымдастырушылық қызметі бар. Мемлекеттік билікті ұйымдастыру, жалпы бұқара халықты басқару үлкен өнер. Осы жерде қоғамда мемлекеттің арнайы тетіктері қалыптасады. Демек, мемлекеттің функционалдық қызметін атқаратын мемлекеттік аппарат – қоғамдағы саяси билікті жүзеге асыруды қамтамасыз ететін мемлекеттің өзара байланысты органдар жүйесінен тұрады.
Мемлекеттік аппарат дегеніміз – билік жүргізу және мемлекеттің міндеттерін, функцияларын іс жүзіне асыру үшін кәсіби дайындық негізінде құрылған органдардың жүйесі, оның нышандары: мемлекет қоғамды басқаратын және тек қана қызметпен шұғылданатын адамдардан тұрады; мемлекеттік аппарат мекеме мен органдардың байланыс жүйесі; мемлекет органдарының қызметі ұйымдастырушылық, материалдық және әкімшілік кепілдіктерімен қамсыздандырлады; мемлекеттік аппарат азаматтардың заңды мүдделер мен құқықтарын қорғау үшін құрылады.
«Мемлекеттік басқару жүйесі» және «мемлекеттік басқару механизмі» түсініктері өзара байланысты және ажырамас әрекетте болады. Мемлекеттік басқару механизмі дегеніміз – қоғамдық жүйеге бағытталған мемлекеттік билікті жүзеге асыру әдістері мен құралдарының процесі ретінде мемлекеттік апппарат жүйесінің қызмет етуі. Яғни, мемлекеттік механизм ұғымына – мемлекеттік билік, мемлекеттік аппарат, мемлекеттік билікті жүзеге асыру құралдары мен әдістері ұғымдары кіреді. Мемлекеттік орган - мемлекеттік аппараттың бір буыны. Ол – мемлекет атынан белгілі бір мемлекеттік функцияны жүзеге асыруға бағытталады. Механизм мемлекеттік басқарудың үш саласының өзара байланысын сипаттайды: ұйымдастырушылық-құрылымдық (жүйесін), функционалдық (мазмұнын) және қоғамдық жүйеге қатысты басқарудың өзі болып табылады. Кез-келген мемлекеттік органның ұйымдастырыушылық құрылымы сол орган қызметінің мазмұнын оның қызметімен анықтайтындығы белгілі.Мемлекеттік аппаратқа қатысты да соны айтуға болады, яғни мемлекет механизмі түсінігімен қатар, теория және практика жүзінде мемлекеттік аппарат түсінігі де кеңінен пайдаланылып келеді. Мемлекет механизмінің құрылымы мемлекеттік органдардан, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардан және мемлекеттік қызметкерлерден, ұйымдық қаржылардан, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді қамтамасыз етуге қажет ықтиярсыз көндіру күштерінен тұрады. Мемлекеттік органдар өкіметтік қызметтерін жүзеге асырудың барысында өзара тығыз байланысты болатындығын атап көрсеткен жөн. Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың биліктік өкілеттіліктері болмайды (әкімшіліктерді қоспағанда). Олар экономика, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, ғылым, спорт, және т.б салаларда жалпы әлеуметтік қызметтерді атқарады. Мемлекеттік қызметкерлер - бұлар басқару ісімен арнайы түрде айналысатын айырықша топ құрайтын санаттағы адамдар болып табылады. Мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық жағдайы арнайы заң арқылы реттелінеді.Ұйымдық құрылымдардың сызықтық- функционалдық үлгілері фабрика- зауыттың өндіріс кезінде пайда болады және өндірістің күрделенуі мен сыртқы ортаның «ұйымдық реакциясы» болды. Өндірістің күрделенуі басқару қызметінің мамандануына әкелді. Жалпы басқару қызметіне сәйкес (жоспарлау, бақылау) маманданған және еңбектің деңгейлес мамандануына сәйкес (бас технолог, бас конструктор т.б) басшылар жауапты сызықтық басшыларға қарағанда, функционалды басшылар тек өндіріс саласында немесе стратегиялық бизнес- бөлімшелерінде бақылайды және тек бір ғана берілген функцияға жауапты болады.
Мемлекеттік басқару - бұл мемлекеттің қоғамдағы ұйымдастырушылық - реттеушілік және қызметтік функцияларын орындау мақсатындағы заңдық, атқарушылық, соттық және басқа да биліктік қызметтерін жүзеге асыруы болып табылады.
Мемлекеттік басқару теориясының мазмұны- қоғамды басқару институты ретіндегі мемлекеттің маңызды функцияларын, оларды жүзеге асырудың заңдылықтары мен қағидаларын оқып үйрену, басқарудың негізі ретіндегі мемлекеттік саясатты ғылыми негіздеу.
Мемлекеттік басқару теориясының пәні – қоғамды басқарудың саяси құқықтық институты ретіндегі мемлекеттік билік органдарының қызметін және қалыптасатын саяси құқықтық, әлеуметтік қарым-қатынастарды талдау болып табылады.Құқық субъектілік дегеніміз – бұл құқық субъектісінің (адамның, азаматтың) құқықтар мен міндеттерге ие болуы, белгілі бір құқықтық қатынастардың қатысушысы болу қабілеті. Осымен қатар құқық субъектісінің өзінің субъективті іс әрекетін жүзеге асыруға көрсетілген заңдылық бойынша құқығы болады. Субъективті құқықтың көлемі мен сипаттамасы және заңдық міндеттемесі бойынша азаматтың жалпы және арнайы құқығының мәртебесін айыруға болады. Азаматтық институты мемлекет пен адамдардың қарым-қатынасын бекітеді.Заңдық кепілдіктер – азаматтардың құқықтық мәртебесінің сипаттамасын толықтырады. Жалпы және арнайы кепілдіктер Конституция мен Қазақстан Республикасының әрекет етуші заңдылығымен анықталған. Мемлекеттік басқарудың объектісі ретіндегі қоғамдық жүйені құрылымға бөлудің келесі деңгейіне ол халықты аумақтық принцип бойынша бөлу болып табылады. Біздің ата заңымыз Конституция бойынша республика территориясы біртұтас, бөлінбейтін және ешкімнің қолсұқпаушылығы танылған. Мемлекеттік шекараны қорғаудың құқықтық негіздері «ҚР-ың мемлекеттік шекарасы туралы» 13 қаңтар 1993 ж. Қабылданған арнайы заңмен анықталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет