Тақырып Отбасылық құқық Отбасылық құқықтық қатынастар
Отбасылық құқықтық қатынастар – құқық нормасымен реттелген отбасы мүшелері арасындағы қатынастар.
Неке-отбасы заңдары:
- некеге тұрудың, некені тоқтатудың және оны жарамсыз деп танудың шарты мен тәртібін белгілейді;
-отбасы арасындағы, ал неке-асырап алушылар мен асырап алынғандардыңмүшелерінің: ерлі-зайыптылардың, ата-аналар мен балалардың отбасы заңдарында көзделген жағдайларда және шектерде басқа туыстар мен өзге адамдардың арасындағы азаматтық құқықтар мен міндеттерді, мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды реттейді;
- ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына орналастырудың нысандары мен тәртібін анықтайды;
- азаматтық хал актілерін тіркеу және заңдарда белгіленген тәртіппен ақылы қызмет көрсету тәртібін реттейді. Бұл мәселелер негізінен ҚР «Неке және отбасы заңымен реттеледі.17 желтоқсан 1998 ж.туралы»
Отбасылық құқық қатынастарының субьектілері:
1. ерлі-зайыптылар;
2. балалар;
3. басқа отбасы мүшелері мен жақын туыстары;
4. заңмен белгіленген басқа да адамдар.
Обьектілері:
отбасының мүшелері арасында туатын өзіндік және мүліктік қатынастар;1
некені қиюдың тәртібі мен шарттары және оны жою;2
ата-анасының қарауынсыз қалған балаларды басқа отбасыға орналастыру және т.б. болып табылады.3
Неке
Неке – ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықты одағы.
мемлекет органдарының кітабына жазылады да, некені қию некеге тұруға тілек білдірушілер азаматтық хал актілерін жазу органына арыз берген күннен бастап бір ай мерзім өткен соң жүргізіледі. Дәлелді себептер болған жағдайда неке қиюды мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін жазу органы бір ай өткенге дейін некені қиюға, сондай-ақ осы мерзімді ұзартуға, бірақ бір айдан аспайтын мерзімге ұзартуға рұқсат етуі мүмкін.АХАЖНеке қию тәртібі бойынша некеге отырғысы келген азаматтардың арыздары алдымен азаматтық хал актілерін жазатын
неке өтініш берілген күні қиылуы мүмкін.жүкті болу, бала тууы, бір тараптың өміріне тікелей қауіп төнуі және басқа ерекше мән-жайларЕрекше мән-жайлар болған кезде
Некені қию үшін некеге отыратын адамдардың өзара келісімі және олардың неке жасына жетуі қажет. Неке жасы Қазақстан Республикасының заңы бойынша 18 жас болып белгіленеді. Дәлелді себептер болған жағдайда мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін жазу органдары неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендетуі мүмкін. Неке жасын төмендету туралы өтінішті некеге тұруға тілек білдірушілер немесе олардың ата-аналары, не қорғаншылары белгіленген неке жасын төмендету қажеттігін туғызатын себептерді көрсете отырып қозғай алады. Бірақ барлық жағдайларда неке жасын төмендетуге иек некеге тұрушылардың келісімімен ғана жол беріледі.
Некеге тұрған адамдардың қалауынша неке шарты жасалуы мүмкін. Неке шарты – нотариуспен расталған, некеге тұратындардың құқықтық жағдайын анықтайтын шарт болып табылады.
Төмендегідей жағдайларда: некеге отыратын адамдардың бірі болса да басқа адаммен некеде тұрса; бір атадан, бір анадан туған туыстардың, бір әке-шешеден туған, әкесі не шешесі бөлек бауырлардың, сол сияқты бала қылып алушылар мен бала болып алынғандардың бір-бірімен некеге отыруына; екі адамның біреуі болса да ақыл-есінің ауысуы немесе ақыл-есінің кемдігі салдарынан сот әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылған адамдарға некеге тұруға жол берілмейді.
Неке ерлі-зайыптылардың өлгені немесе оны өлді деп немесе хабар-ошарсыз кеткенін жариялау салдарынан, сол сияқты, жұбайлардың көзі тірісінде олардың екеуінің немесе біреуінің өтініші болса тоқтатылады.
Бірақ әйелдің жүкті кезінде және бала туғаннан кейін бір жыл бойы, әйелінің рұқсатынсыз некені бұзу туралы ерінің іс қозғауға құқы жоқ.
Некені бұзу туралы істерді сот арқылы шешу. Сот жұбайларды татуластыруға шаралар қарастырады. Сот істі қарауды кейінге қалдырып, татуласу үшін жұбайларға үш ай көлемінде мерзім тағайындай отырып, істі қарауды кейінге қалдыруға құқылы. Егер жұбайлардың бұдан әрі бірлесіп өмір сүруі және отбасын сақтауға мүмкін емес екендігін сот анықтаса неке бұзылады. Некені сот тәртібімен бұзу ерлі-зайыптылар некені бұзу туралы арыз берген күннен бастап кемінде бір ай өткен соң жүргізіледі.
Төмендегідей істер жайында сот шешім қабылдауы қажет:
- ажырасқалы отырған ата-аналардың қайсысында қай баланы қалдыруды анықтайды. Сондай-ақ баланы асырау үшін ата-анасының қайсысынан және қандай мөлшерде алимент өндіріп алуды белгілейді;
- жұбайлардың немесе олардың біреуінің өтініші бойынша жалпы ортақ меншік болып табылатын мүлікті бөледі;
- жұбайынан күнелтуге қаржы алуға құқы бар, екіншісінің өтініші бойынша өндіріп алынуға тиісті қаржы мөлшерін белгілейді;
- ажырату туралы куәлік берілгенде жұбайының немесе екеуі көлеуге тиісті алым сомасын білгілейді.
Соттан басқа, өзара келісім білдірген және т.б. жағдайларда
некені бұзу азаматтың хал актілерін жазатын органдарда төмендегі жағдайларда жүргізілуі мүмкін:
- кәмелетке толмаған, балалары жоқ жұбайлардың некесі;
- заңда белгіленген тәртіп бойынша хабар-ошарсыз кетті деп танылған адамдармен неке;
- әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылған адамдармен неке;
- қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталған адамдармен неке.
Егер бұл жағдайда келіспеушілік туындаса, онда неке бұзу сот арқылы жүргізіледі.
Отбасы Отбасы – некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиісті адамдар тобы. Ата-аналар мен балалардың өзара құқықтары мен міндеттері баланың заңды белгіленген тәртіп бойынша куәландырылған тегіне негізделеді.