Куәландыру жолдары: - баланың анасы екендігін шешесінің медициналық мекемеде бала туғанын растайтын құжаттар негізінде, ал бала медициналық мекемеден тыс жерде туған жағдайда – медициналық құжаттардың, куәлардың көрсетулерінің немесе өзге де айғақтардың негізінде АХАЖ белгілейді. Бір-бірімен некеде тұратын адамдардан туған баланың туу тегі ата-ананың неке туралы жазбасымен куәландырылады;
- өзара некеде тұрмаған әке-шешеден туған баланың тегі әкесі мен шешесінің азаматтық хал актілерін жазатын мемлекеттік органға бірлесіп берген арызымен анықталады. Мұндай мойындау болмаған күнде, баланың әкесі, сот арқылы анықталады.
Өзара некеде тұрған әке мен шеше қай-қайсысының болса да арызы бойынша туу туралы кітапқа баланың ата-анасы болып жазылады. Некеде тұрған анадан бала туған кезде, егер ата-анасының бірлесіп берген арызы немесе соттың шешімі болмаса, шешесінің фамилиясы бойынша жазылады, ал баланың әкесінің аты, фамилиясы және ұлты баланың шешесінің айтуы бойынша жазылады.
Әке мен шешенің, өз балалары жөніндегі құқықтары мен міндеттері бірдей болады. Сондықтан егер ата-аналардың ортақ тегі болса, онда балалар сол текпен жүруі тиіс, егер олар ортақ текпен жүрмесе, балалардың тегі ата-ананың келісуі бойынша белгіленеді. Неке жойылған немесе некені заңсыз деп таныған жағдайда, балалар туған кезде алған тегін сақтайды.
Баланың ұлты ата-ананың ұлтымен белгілейді. Егер ата-ананың ұлты түрліше болса, баланың ұлты оның қалауы бойынша оған төлқұжат берген кезде әкесінің немесе шешесінің ұлтымен жазылады.
Балалар жөніндегі ата-аналардың міндеттері:
балаларды тәрбиелеу; балалардың күш-қуатын дамыту; оларды міндетті түрде оқыту; баларды пайдалы еңбекке үйретіп өсіру; жасы толмаған балаларын және көмекке мұқтаж, еңбекке қабілеті жоқ балаларын асырау.
Ал көмек көрсетуден, алимент төлетуден бас тартқан жағдайда мәселе сот арқылы шешіледі.
Жасы толмаған балаларға мынадай мөлшерде алимент өндіріліп алынады: бір балаға төрттен бірі, екі балаға үштен бірі, үш және одан да көп балаға әкесінің немесе шешесінің табысының тең жартысы.
Қорғаншылық пен қамқоршылық ата-анасының қамқорлығынсыз қалған мысалы, жетім балалар, балаларды асырау, тәрбиелеу және білім беру мақсатында, сондай-ақ олардың мүліктік және мүліктік емес құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін белгіленеді.
1. Қорғаншылық - жасы 14-ке толмаған балаларға, сондай-ақ ақыл-есі ауысуы немесе ақыл-есінің төмендігі салдарынан сот әрекет қабілеттігі жоқ деп танылған кәмелеттік жастағы адамдарға белгіленеді.
2. Қамқоршылық – 15 жастан 18 жасқа дейінгі жасы толмағандарға, денсаулық жағдайына байланысты құқықтарын өздігінен жүзеге асыра алмайтын жасы толмағандарға, сондай-ақ спирт ішімдігіне немесе есірткі заттарға салынып кетуі салдарынан әрекет қабілеттігі шектелген деп сот таныған азаматтарға белгіленеді.
Негізгі қорғаншылық және қамқоршылық органдарына ауылдық, селолық, поселкелік, аудандық, қала ішіндегі аудандық, қалалық әкімшіліктер жатады.
Ерлі - зайыптылардың жеке құқықтары мен міндеттері
Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері азаматтық хал актілерін жазу оргндарында некеге тұру мемлекеттік тіркелген күнінен бастап туындайды. Ерлі-зайыптылар тең құқықтарды пайдаланады және тең міндеттер атқарады. Олардың әр қайсысы қызмет, кәсіп түрін, тұрғылықты жерін таңдауға ерікті. Ана, әке болу балаларды тәрбиелеу, оларға білім беру мәселелері мен отбасы өмірінің басқа да мәселелерін ерлі-зайыптылар бірлесіп шешеді. Ерлі-зайыптылар отбасындағы өз қатынастарын өзара силастық және өзара көмек негізінде құруға отбасының игілігі мен нығаюына жәрдемдесуге, өз балаларының денсайлығына, өсіп жетілуіне және олардың әл ауқаты жағдайына қамқорлық жасауға міндетті.