Тақырып Отбасылық құқық


Ерлі – зайыптылардың мүліктік емес жеке құқықтары



бет3/5
Дата07.02.2022
өлшемі35,06 Kb.
#89204
1   2   3   4   5
Байланысты:
Отбасылық құқық2
Отбасылық құқық2
Ерлі – зайыптылардың мүліктік емес жеке құқықтары.
Некеге тұрку кезінде ерлі – зайыптылар өз тілектері бойынша ортақ тег ретінде өздерінің біреуінің тегін таңдап алады немесе ерлі – зайыптылардың әр қайсысы өздерінің некеге тұрғанға дейін тегін сақтап қалады. Немесе өз тегіне жұбайының тегін қосады. Егер ерлі – зайыптылардың біреуінің некеге тұрғанға дейінгі тегі қосарлас болса, тектерді қосуға жол берілмейді. Ерлі-зайыптылардың біреуінің тегін өзгертуі екінші жұбайдың тегін өзгертуге әкеп соқпайды. Неке бұзылған жағдайда ерлі – зайыптылар ортақ текті сақтауға немесе өздерінің некеге тұрғанға дейінгі тегін қалпына келтіруге құқылы.
Ерлі-зайыптылардың мүліктік емес қатынастарына: айналысатын ісін, кәсібін , мамандығын, тұратын жерін, аты- жөнін, тегін таңдау еркі жатады. Аналық, әкелік, баланы тәрбиелеу, білім беру, отбасының тағы да басқа мәселелерін ерлі – зайыптылар өзара ақылдасып, бірігіп шешеді. Ерлі-зайыптылар отбасындағы өздерінің қатынстарында бір бірін сыйлауға, өзара көмек көрсетіге, отбасының беріктігін нығайтуға, отбасы мүшелерінің балалардың денсаулығын сақтауға, олардың өсуіне дұрыс жағдайлар жасауға міндетті.
Өзара некеде тұрған әке мен шеше қай-қайсысының болса да арызы бойынша туу туралы кітапқа баланың ата-анасы болып жазылады. Некеде тұрған анадан бала туған кезде, егер ата-анасының бірлесіп берген арызы немесе соттың шешімі болмаса, шешесінің фамилиясы бойынша жазылады, ал баланың әкесінің аты, фамилиясы және ұлты баланың шешесінің айтуы бойынша жазылады.
Әке мен шешенің, өз балалары жөніндегі құқықтары мен міндеттері бірдей болады. Сондықтан егер ата-аналардың ортақ тегі болса, онда балалар сол текпен жүруі тиіс, егер олар ортақ текпен жүрмесе, балалардың тегі ата-ананың келісуі бойынша белгіленеді. Неке жойылған немесе некені заңсыз деп таныған жағдайда, балалар туған кезде алған тегін сақтайды.
Баланың ұлты ата-ананың ұлтымен белгілейді. Егер ата-ананың ұлты түрліше болса, баланың ұлты оның қалауы бойынша оған төлқұжат берген кезде әкесінің немесе шешесінің ұлтымен жазылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет