Тақырыбы: Мен- өз елімнің патриотымын! Мақсаты



Дата28.01.2018
өлшемі48,3 Kb.
#35412
Тақырыбы: Мен- өз елімнің патриотымын!

Мақсаты: 1. Оқушыларды Отанды сүюге,құрметтеп қастерлеуге, өз елін тегін

тарихын білуге тәрбиелеу

2.Оқушылардың таным белсенділіктерін,қызығушылықтарын дамыту

3.Оқушыларға патриоттық, эстетикалық ,адамгершілік тәрбиесін беру

Өз ой –пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу
Көрнекілігі: Мемлекеттік рәміздер, Астана , Елбасы суреттері, шарлар,слайд

Барысы: ҚР Әнұранын орындау

Аспаны ашық еліміздің,

Көркі сұлу жеріміздің.

Біз бақытты баламыз!

Ақпыз,қара ,сарымыз,

Ағайынбыз бәріміз!



Мұғалім сөзі: Отан –әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз.Отан-сенің туған жерін,дос –жарандарың,туған туысқандарың. Отан бұл өзің тұратын,өмір сүретін қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана.Отанды анаға теңейді.Себебі:Отан сендерді анаңдай қорғайды,көмектеседі,күш береді.Біз Отанымызды,елімізді сүйеміз.Біз Қазақстанның патриотымыз!

-- Отан деген не,кім қалай түсінеді?

Көп аузынан түспейтін,

Отан деген немене?

Оның тұлға түс кейпін,

Достым білгің келе ме?



Ерасыл:

Отан дейміз- өсірген елімізді

Отан дейміз- от жаққан жерімізді.

Биік тау туған жер,атамекен-

Биік тау орман,тоғай көлімізді.

Жанерке:

Отан дейміз кең –байтақ астананы

Жасыд жайлау ,жаңа жол жас қаланы.

Отанның шеті де ,шегі де жоқ,

Ол бірақ өз үйіңнен басталады.

Ақылжан:

Отан-тарих,Отан-тіл,

Жасаған елің ,өз халқың.

Отан –өлең,Отан –жыр

Көтерген көкке ел даңқын.

Жұлдыз:

Отан-сенің ата- анаң,

Отан –досың бауырың.

Отан –өлкең астанаң,

Отан –адан,ауылың.

Бекнұр:

Отан-осы достарым ,

Көңілге мұны түйе біл!

«Отан» деп өс жас қауым,

Оны ардақтап сүйе біл!

ХОР:Отан

Мұғалім: -Біздің Отанымыз қалай аталады?

-ҚР –сы қандай мемлекет?

-ҚР-ның елбасысы кім?

Ұлмекен:

Ел болдық ерік алдық астаналы

Енді кімнен қазағым жасқанады?

Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі

Нұрсұлтанның атымен басталады.

-Ия ,біздің Отанымыз ҚР-сы. Сан ғасырлар бойы ата-бабаларымыз жерін жаудан қорғап,бүгінгі ұрпақ,бізге жеткізді.Қазақстан жер көлкмі бойынша 9 орында тұр. Қазақстанда үлкен қалалар көп. (Оқушыларға айтқызу)

Астана-Отанымыздың бас қаласы,астанасы. Ол Есіл өзенінің жағасында орналасқан.Астана қаласын бүкіл ел біледі.

Қазақстан- тәуелсіз,егеменді,көп ұлтты мемлекет.Онда қазақтар,орыстар және тағы басқа көптеген ұлт өкілдері тұрады. Олар тату –тәтті,бірлікте өмір сүріп жатыр.



  • ҚР-ның Тәуелсіздігімізге неше жыл болды?

Аумалы –төкпелі заманды бастан кешкен қазақ халқының өзіндік басқару жүйесі болған.Ел қамын жеген ерлері,сөзін сөйлеп,халық жағдайын жасаған шешендері,білімпаз билері,әр елде әр ауылда сөз тыңдар ақсақалдары болған.Қазақта аты аңызға айналған Қазыбек би,Әйтеке би,Төле би сияқты би-шешендер өте көп болған.

Көрініс: «Үш арыстың үлгілері»

Мемлекеттік тіл-қазақ тілі.Қазақ тілін білу –әрбір қазақстандық азаматтың борышы. Сондай –ақ өз Ата Заңымыз бар.1993 жылы 28 қаңтарда ҚР тұңғыш Конституциясы қабылданды.1995 жылы 30 тамызда еліміздің жаңа Конституциясы қабылданды. Адамның өмірін, денсаулығын,тыныштығын мемлекетіміздің Ата Заңы қорғайды.

1992 жылы ҚР мемлекеттік рәміздері қабылданды.Олар: ту.елтаңба,әнұран.

Ту: Ортасында шұғылалы күн,оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата.Алтын күн,қыран және ою-өрнек біздің халқымыздың ашық келешегі мен берекесі,тыныштық пен байлықтың белгісі.



Бақдәулет:

Көк аспандай көкпеңбек

Қазақстан жалауы.

Көк емес ол тектен- тек,

Елдің ашық қабағы.
ҚР-ның Елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген.Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Бес жұлдыз қанатты тұлпар бейнеленген. Бидай сабақтары тоқшылық, молшылықты білдіреді.

Мадина:

Елтаңбасы елімнің ,

Неткен әйбат, әдемі.

Тұнығындай көңілдің

Ортада аспан әлемі.

Камила:

Кез-келген мем Елтаңба - өжеттік, өрліктің белгісі. Елтаңба - тәуекел, ерліктің белгісі.

Елтаңба - кемелдік, кеңдіктің белгісі. Елтаңба - өзге елмен теңдіктің белгісі. Елтаңба - егемен елдің белгісі.

Мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы - Әнұран.Әнұран сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы,бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған.



Нұрболат:

Оттай жанып жанарың

Одан қуат аламын.

Әнұран ол-тынысы

Кең жазира даламның.

Би: Аққу

Мұғалім: -Ия ,балалар ,елін ,жерін сүйетін азамат болып шығу шін қандай бала болуымыз керек?



  • Білімді,өнерлі ,ақылды,еңбексүйгіш бала болуымыз керек.

  • Дұрыс,ендеше Отан,туған жер туралы қандай мақал-мәтел білеміз?

Отан –оттан да ыстық.

Туған жерге туыңды тік.

Туған елдей ел болмас,

Туған ердей жер болмас. Т.б



Ән:Көк тудың желбірегені.

Қорытынды: -Міне балалар,бүгін өздеріңді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендеріңді,яғни нағыз азамат екендіктеріңді көрсете білдіңдер.Ақын Ж.Молдағалиев :

Өткеніңді еске алсаң,

Өскеніңнің белгісі.

Өткеніңді ұмытсаң,



Өшкеніңнің белгісі-деген екен. Сондықтан халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат.Сондай –ақ ,еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз,Елтаңбамыз, Туымыз, Ата Заңымыз,Әнұранымызды мойындығы бойтұмардай сақтап ғана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркңндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенімім мол.Жолдарың ашық, жарқын болсын! Тәуелсіз елдің азаматтары!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет