Білім беру бағдарламасы: 6В04201-құқық Құрастырушылар: т.ғ. м., аға оқытушы Сабыргалиева Н. Б. Орал, 2021 ж



бет20/55
Дата09.02.2022
өлшемі300,55 Kb.
#131289
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   55
Байланысты:
ҚРМЖҚР Силлабус 2022ж.
ИТОГОВАЯ АТТЕСТАЦИЯ. 2020-2021 уч. год, ЖО 9, Документ 4, îðìàí ïèðîëîãèÿñû, Тотыгу-тотыксыздану тест, 67, 5f48db6acc320 1598610282 (1), Памятка 2023 г. Каз. яз., аза стан Республикасы Білім ж не ылым министрлігі
Дәріс №10
Тақырыбы: Мемлекеттік қызметке кіру.
Мақсаты: 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілген «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен студенттерді таныстыру және мемлекеттік қызметке кіру шараларын талқылау.
Жоспары:
1. Мемлекеттік қызмет - азаматтардың қолжетімді құқығы.
2. Мемлекеттік қызметке кіру кезінде ұсынылатын талаптар.
3. Мемлекеттік қызметке кіру сұрақтары.
2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) қолданысқа енгізілді.
Заңның 26-бабына сәйкес «Б» корпусының мемлекеттік лауазымдарына алғаш рет түсетін немесе мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейін оған қайтадан кіретін азаматтар мынадай іріктеу кезеңдерінен өтеді:
1) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен тесттен өту;
2) уәкілетті органның қорытындысын ала отырып, жеке қасиеттерін бағалату;
3) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған жалпы конкурс.
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен Мемлекеттік әкiмшiлiк қызметшілерді, мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тестілеуді ұйымдастыру және бағдарламалары және қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілді.
«Б» корпусы мемлекеттік лауазымдарына кандидаттардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеу (заңнаманы білуге арналған тестілеу) Ережесіне сәйкес тестілеу үш бағдарламадан тұрады.
Бірінші бағдарлама: 10 Заң, 130 минут, тестілеуден өту мәні – барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санының (145 сұрақ) 102 – тен кем емес дұрыс жауаптар және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша 5 – тен кем емес дұрыс жауаптар;
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы (15 сұрақ);
2. «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ);
3. «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» (15 сұрақ);
4. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (15 сұрақ);
5. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ);
6. «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ);
7. «Құқықтық актілер туралы» (15 сұрақ);
8. «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ);
9. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ);
10. Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) (10 сұрақ).
Екінші бағдарлама: 9 Заң, 105 минут, тестілеуден өту мәні – барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санының (130 сұрақ) 78 – тен кем емес дұрыс жауаптар және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша 5 – тен кем емес дұрыс жауаптар;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут;
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы (15 сұрақ);
2. «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ);
3. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (15 сұрақ);
4.«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ);
5. «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ);
6. «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ);
7. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ);
8. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ);
9. Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) (10 сұрақ).
Үшінші бағдарлама: 7 Заң, 85 минут, тестілеуден өту мәні – барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санының (100 сұрақ) 50 – тен кем емес дұрыс жауаптар және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша 5 – тен кем емес дұрыс жауаптар.
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ);
2. Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ);
3. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (15 сұрақ);
4. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ);
5. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ);
6. «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ);
7. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ);
8. Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) (10 сұрақ).
Заңнаманы білуге арналған тестілеуден өту барысында шекті мәннен жоғары нәтижелер алған кандидат 20 минуттың ішінде автоматтандырылған жеке қасиеттерін бағалау тестілеуіне жіберіледі.
Автоматтандырылған жеке қасиеттерін бағалау шеңберінде кандидаттардың деңгейлері анықталады: жігерлілігі, коммуникативтілігі, талдамалылығы, ұйымдастырушылығы, мінез-құлқы, сапаға бағдарлануы, тұтынушыға бағдарлануы және сыбайлас жемқорлыққа шыдамсыздығы. Заңнаманы білуге арналған тестілеу нәтижелері бойынша сертификат, жеке қасиеттерін бағалау нәтижелері бойынша – қорытынды беріледі.
Олар бір жыл ішінде қолданылады және мемлекеттік органдармен әңгімелесу нысанында өткізілетін үшінші сатыға – жалпы конкурсқа қатысу үшін құжаттардың ажырамас бөлігі болып табылады.Конституцияға (13 б.) сәйкес, әр азаматтың оны құқық субъектісі ретінде мойындау және өзінің құқықтары мен бостандықтарын заңға қайшы келмейтін барлық әдіс-тәсілдер арқылы қорғау құқығы бар. Өз кезегінде, адамның (азаматтың) құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру басқа тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауы, конституциялық құрылым мен қоғамдық адамгершілікке қастандық жасалмауы тиіс ҚР Конституциясының 12 б. 5п.). Еңбек келісімшартында мемлекеттік қызметке қабылданушы тұлға тарапы болу үшін ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 13 бабында белгіленген арнайы талаптармен сипатталатын арнайы еңбек құқығы субъектісін меңгеруі тиіс.
Біріншіден, еңбек заңнамасының жалпы еңбек нормаларында белгіленген 18 жаспен салыстырғанда анағұрлым ересек жасқа жеткен азамат. Көпшілікпен мақұлданған еңбек-құқықтық доктринасында және заңнамалық көзқарастарға сәйкес, бұл шектеулер кемсітушілік айырмашылықты сипаттамадайды, ол еңбектің аталмыш түріне тән қатаң талаппен алдын ала белгіленеді және мемлекеттің кәмелеттік жасқа толмаған азаматтары жайлы ерекше қамқорлығын қамтамасыз етеді.
Екіншіден, конституциялық құрылым негіздерін, адамгершілікті, басқа тұлғалардың денсаулығын, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды алдын ала қамтамасыз ету, ел қорғаны мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты белгіленген Қазақстан Республикасы азаматтығының болуы.
Үшіншіден, қажетті білімінің, кәсіби дайындық деңгейінің болуы және белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес болуы. Аталмыш талаптер анықтайтын арнайы еңбек-құқықтық субъектінің мазмұны еңбек қатынастарының белгілі бір түріне (тобына) енудің заңды мүмкіндіктер жиынтығын құрайды. Мұндай еңбек қатынастарының субъектісі лауазымдар, мамандықтар, кәсіп қызметкерлері үшін заңнамада белгіленген арнайы біліктілік талаптарына жауап беретін азамат бола алады. «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 12 б. ережесіне сәйкес, мелекеттік қызметке қабылдану барысында жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, әлеуметтік және мүліктік жағдайына, тұрғылықты жеріне, дінге көзқарасына, нанымына, қоғамдық бірлестікке жатуына және кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір тура немес жанама шектеулерді белгілеуге жол берілмейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет