Дәріс №4 Тақырыбы: Мемлекеттік басқарудың мазмұны.
Мақсаты: студенттерге мемлекеттік басқарудағы салалық және функциональдық бастаманы, мемлекеттік басқарудағы объект (әлеуметтік жүйе және оның құрамының элементтері) және субъктілердің (мемлекеттік аппарат) өзара байланыстарын, мемлекеттік басқару жүйесінің сыртқы ортамен байланысын айқындап, оның мазмұнын түсіндіру.
Жоспары: 1. Мемлекеттік басқару объектісі – мемлекеттік басқару мазмұнының бір бөлігі ретінде.
2. Басқару деңгейлерінің жүйесі.
3. Мемлекетті басқару жүйесінің функциялары.
Әлеуметтік жүйедегі жалпылаудың жоғары деңгейінде мемлекеттік басқару объектісі ретінде экономикалық, әлеуметтік, және саяси-әкімшілік салалары қарастырылады.Басқару объектісі ретінде өндірістер, мекемелер әр түрлі ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер және т.б. қарастырылады. Аталған объектілердің құқықтық субъективтілігі олардың мемлекеттік тіркеуден өту уақытынан пайда болады. Осы көрсетілген тәсілмен басқару объектілерінің құқықтық мәртебе сипаттамасымен байланысты. Өндірістік принцип бойынша халықтың бөлінуі, әлеуметтік жүйе мемлекеттік басқарудың маңызды бөлігі ретінде сипатталады. Мұнда мемлекет саясаты қоғамдық еңбек ұйымдары, қоғамдық еңбек ресурстарын қолдану аясында жүргізіледі. Мемлекет әлеуметтік-экономикалық салада еңбек құқығын жүзеге асыруға Қазақстан шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ тұлғаларға мамандық таңдауына кепілдік береді.Тұлға – басқарудың тұтас, жүиелік объектісі – адамның биологиялық, әлеуметтік және рухани қасиеттерінің органикалық бірлігі. Осыған сәйкес басқарушылық әсер етудің тікелей объектісіне азаматтардың сыртқы бақылауы мен реттеуіне жататын әрекеттері, яғни адамдардың ерікті (саналы) әрекеттері жатады. Әр адамға өздерінің материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында көптеген қоғамдық қатынастарға қатысуға кең ауқымды мүмкіндіктер беріледі. Мемлекет қоғамдағы ең өзекті қатынастарды құқықтық нормалардың көмегімен реттейді. Осылайша құқық қоғамдық жүйедегі қажетті тәртіп пен тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Сонымен қатар мемлекет адамға әр түрлі қоғамдық қатынастардың қатысушысы ретінде ерекше заңдық қасиет – құқықтық мәртебе береді. Мемлекеттік басқару – көптеген әр түрлі функцияларды орындауға талапталған күрделі институт. Ол мемлекеттік-әкімшілдік, мәдени-әлеуметтік және өндірістік құбылыстарды, сонымен бірге табиғи, экономикалық, техникалық және басқадай құбылыстарды қамтиды. Көптен көп, қазіргі жоғары дамыған қоғамдарда басқарудың көп деңгейінің жүйесі құрылады, оған жататындар: 1)дәстүрлі адамдық қатынастар (жанұя); 2)кәсіпшілдік қатынастар; 3)нарықтық (бәсекелестік) қатынастар; 4)мемлекеттік реттеу; 5)идеологиялық қатынастар мен жаппай ақпараттық құралдар.
Осының барлығын есептегеннің қажеттісі, мемлекеттік басқарудың әр түрлі органдарының тік және көлденең өзара қатынастарының сипатын анықтайтын үйлесімдері, құрылымдық кепілдері көптеген оъективтік және субъективтік факторлармен ескеріледі. Сондықтан таңданатыны жоқ, өйткені әр түрлі мемлекеттерде олар өзіндік өзгешеліктерімен болады. Мемлекеттік басқару жүйесіне мемлекеттік биліктің басқару түрін, қызметін, құрылымын және басқадай өлшемдерін таңдау елеулі әсерін тигізеді. Басқару түрінен және оның қызметіне әжептәуір дәрежеде әртүрлі мемлекеттік органдардың тиімді қызмет істеуі байланысты болады.Қазіргі жағдайда сондай-ақ, мемлекеттік басқару органдарының қызметінің күрделілігі мен құқықтық реттеу көлемі, оған сәйкес жекеленген лауазымды адамдар мен әкімшілдік мекемелердің жазылған құқықтық нормалардың бұзылуының саны өседі. Саяси плюрализм ұсынылатын шаралардың тиімділігін күшейте отырып, қабылданатын шешімдердің сипатына әсер етеді. Ол әртүрлі түрдегі ықпалды мүдделі топтардың саяси әсерін күшейтуге әкеліп соғады.Қоғам мен экономика функциялары тұрақты өзгерістерге шалдығатын динамикалық организм болып саналады. Осы мәнде қоғам мен экономика көптеген функцияларды бірге орындайды. Мемлекет туралы да айтуға болады және де барлық жағдайларда кез келген қоғамға, әр экономикаға және әр мемлекетке тән жалпы функцияларды бөліп алуға болады. Сонымен қоса функциялары, сипаты, қалпы мен мазмұны тарихымен, жүйесімен, ұлттық-мәдени сипаттамасымен анықталатын әрбір жеке алынған мемлекеттің, ұлттық, аумақтық немесе олардың жергілікті типтерінің әрбіреуі үшін сипатталатын арнайы функцияларын айтуға болады. Жалпы алғанда, мемлекеттік басқару жүйесі келесі функцияларды орындайды:
- елдің экономикалық, әлеуметтік және технологиялық дамуының негізгі бағыттарын жоспарлау мен даярлау;
- адамдардың өзара іс-әрекетінің қолайлы жағдайларын жасау немесе ұйымдастыру;
- қоғамдық өмірдің түрлі саласындағы іс-әрекетін реттеу;
- еңбектік қатынастарды бақылау мен реттеу;
- ғылыми-техникалық дамуды қамтамасыз ету;
- барлық деңгейдегі білім жүйесін қолдау;
- әлеуметтік саланың үздіксіз қызмет істеуін қамтамасыз ету. Мемлекеттік басқарудың маңыздылығы әлеуметтік рөлі мен қоғамдағы мемлекеттің орнынан бастау алады. Тек қана қоғамдық өмірдің қайта құруда экономикалық, саяси және әлеуметтік реформалар, әлеуметтік процестердің кешенін жалпы реттеуде, мемлекеттің алатын орны зор. Мемлекет экономика салаларымен, әлеуметтік қабаттар және жалпы қоғам масштабында әкімшілік-саяси құрылыс арқылы басқаруды қамтамасыз етеді.
Азаматтардың қоғамдық бірігуінде басқару, осы ұйымның масштабы меншектеледі. Мемлекет (оның мекемелері орнында) көптеген және күрделі қоғамдағы қызметтерді атқарады.