Білім беру бағдарламасы: 6В04201-құқық Құрастырушылар: т.ғ. м., аға оқытушы Сабыргалиева Н. Б. Орал, 2021 ж



бет12/55
Дата09.02.2022
өлшемі300,55 Kb.
#131289
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   55
Байланысты:
ҚРМЖҚР Силлабус 2022ж.

Дәріс №2
Тақырыбы: Мемлекеттік басқарудың функциялары мен қағидалары.
Мақсаты: Мемлекеттік басқару қағидаларының теориялық және тәжірибелік маңызын түсіндіружәне басқару қағидаларын олардың мәні, байланыс сипаты және басқарутәжірибелеріне қарай сыныптау.
Жоспары:
1. Мемлекеттік басқару қағидаларының түсінігі.
2. Мемлекеттік басқару қағидаларын топтау.
3. Мемлекеттік басқару функциялары.
Мемлекеттік басқарудың негізгі қағидалары: мемлекеттік билік пен басқарудың біртұтастығы; заңдылық; азаматтардың құқықтарының, бостандықтарымен заңды мүдделерінің мемлекет мүддесі алдында басымдылығы; азаматтардыңмемлекет ісін басқаруға қатысу теңдіктері; қоғамдық пікірді есептеу жәнемемлекетті басқарудағы жариялылық; аумақтық-салалық; мемлекеттік басқарудыорталықтандыру және орталықсыздандырудағы үйлесімділік; халықаралыққауымдастық.
Мемлекеттік басқарудың қағидаттары — басқару, басқару аппараты сүйенетін, белгілі бір ереже түрінде қалыптасуы мүмкін, негізгі басшылық бастамасы. Мемлекеттік басқарудың қағидалары зандарда және басқа да зандық күші бар нормативтік актілерде бекітіледі. Мемлекеттік басқару қағидаттары әлеуметтік-құқықтық және ұйымдастырушылық сияқты екі топқа бөлінеді.
Әлеуметтік-құқықтыққа жататындар:
1) жоғарғы мемлекеттік лауазымдар мен органдардың қабылдаған нормативтік актілерін, жергілікті жердің ерекшеліктерін ескере отырып жүзеге асыруға мүмкіншілік беретін, демократиялык негізде орталықтанған, демократиялық орталықтану қағидаты;
2) барлык ұлттар мен этностардың өкілдері мемлекеттік басқаруға араласатын тең құқық, кемсітушілікке жол берілмейтін, ұлттардың теңдігі қағидаты (ҚР Конституциясы 14-бап.);
3) мемлекеттік басқару органдарының іс-әрекеттері белгілі бір мемлекет көлемінде жоспарланған жоспар, бағдарлама, стратегия бойынша жүзеге асырылатын жоспарлық қағидат. Мысалы, Қазақстанда мемлекеттік органдар жұмыстарын жетілдіру Президенттің Жолдаулары, нұсқаулары, жарғылары және Парламенттің заңдары арқылы жоспарланып отырады;
4) жариялылық және коғамдық пікірмен санасып отыру қоғамды демократияландырудын, бір әдісін қамтитын бұқараның, халықтың басқаруға араласуы қағидаты;
5) бұкара халықтың басқаруға араласуын және мемлекеттік органдардың ұйымдастырылуын, іс-әрекетін реттейтін, халықтың еркін білдіретін құқықтық нормалардың, заңдылықтың қатаң сақталу қағидаты.
Ұйымдастырушылық қағидаты:
1) қызметтер мен құзыреттерді жіктеу, реттеу, белгілеу қағидасы;
2) құзырет шегіндегі жауаптылық қағидасы;
3) басқарудағы салалық, салааралық және аумақтық бастамаларды үйлестіру қағидасы;
4) мемлекеттік басқаруда төменгі орган жоғарғы органға және маманданған бағынушылық бастамаларды үйлестіру қағидасы;
5) көпшілік арқылы басқарудың үстемдігі барысында, көпшілік пен жеке басқарудың әдістерін үйлестіру кағидасы.
Мемлекеттік басқару жүйесінің негізгі элементі ретінде қағида заңдарда белгіленіп, бекітілуі тиіс. Тек осындай кезде ғана олар басқарушылық тәжірибе үшін міндетті заңды мәнге ие болады.Басқарудың құқықтық (міндетті) қағидалары басқарушылық жағдайдағы заңдылықта жүзеге асқан болып табылады. Бұған дәлел ретінде ҚР Конституциясының 1-бабының 2-ші тармағында бекітілген:

  • қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық;

  • бүкіл халық игілігі үшін экономикалық өркендеу;

  • қазақстандық патриотизм.

Республикалық референдум немесе Парламенттегі дауыс беруді қоса, мемлекеттік өмірдің маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен шешу қағидалары мысал бола алады. Ары қарай, Конституцияның 2- тарауы «Адам және азамат» бөлімінде (33 бап) басшылықтағы идея азаматтардың мемлекетті басқару істеріне қатысу құқығына, мемлекеттік қызметке кіруге теңдей құқық және тағы басқалары негізделген.
Мемлекеттік басқару қағидаларының жетекші рөлін төмендегі негізгі позицияларда айқындауға болады:қағидалар басқару тәжірибесі үшін арнайы болжам ретінде қызмет етеді, немесе олар заңдық актілерде бекітілген және басқарушылық қатынастарның қатысушыларының тәртібін мемлекеттік құрылыстың, мемлекеттік аппарат пен мемлекеттік қызмет ұйымдарының реформалауынаң басқарушы идеяларына сәйкес бағыттайды;қағидалар басқарушылық қатыныстарды құқықтық реттеу үшін алғашқы негіз болып табылады. Бұл ретте қағидалар құқықтық нысанда мемлекеттік басқарушылардың мәні мен мазмұнын айқындайды, сондай-ақ заң шығарушыларды жаңа заңдарды қабылдау мен шығару кезінде мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру мәселесі бойынша осы басқарушы идеялардың іске асырылу механизмін көздеуін болжайды. Басқару қағыдаларымемлекеттік қызметшілер мен басқа да лауазымды тұлғаларға, мемлекеттік аппарат қызметкерлеріне, кәсіпорындар мекемелер ұйым азаматтары мен ұжымдарына тәрбиелік әсерін тигізеді. Басқарушылық қатынастарда тараптар әрекеттегі заңдардың мағынасын анықтай отырып және нормативтік құқықтық актілердегі мемлекеттік басқару қағидаларын игере отырып, сонда көрсетілген тәртіп ережелеріне ерікті түрде бағынады.Басқару теориясы мен мемлекеттік тәжірибеде дамуға ие болған аталған қағидалардың қасиеттері мемлекеттік басқару механизмінің фундаментальдық негізін құрайды. Мемлекеттік басқару қағидалары өзінің мазмұны бойынша, әрекет ету саласы бойынша, мақсатты бағыты бойынша, байланыс сипаты мен басқару тәжірибесіндегі көрініс нысаны бойынша әрекеті етеді.
Бүкіл қоғам үшін әсер ететін негізгі қағидалар ҚР Конституциясында бекітілген. Олар мемлекеттік басқарудың әлеуметтік саяси мәнін бүтіндей анықтайды. Осыған байланысты мемлекеттік басқару қағидалары конституциялық (негізгі) және салалық болып бөлінеді. Аталған екі топ қағидалары бүтіндей бір жүйені құрайды, олар өзара тығыз байланысты және бір-бірімен бүтіндей, сонымен қатар көрсетілген топтардың ішінде де әрекет етеді. Мемлекеттiк басқаруды реформалаудың негізгі мақсаты 2015 жылға қарай корпоративтік басқару, нәтижелiлiк, ашықтық және қоғам алдында есеп беру қағидаттары негізінде мемлекеттiк басқарудың жаңа сапалы моделін құру арқылы азаматтардың құқықтары мен бостандығын барынша іске асыру үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету болып табылады. Бұл ретте, 2020 – Стратегиялық жоспарында көзделген мемлекеттiк секторды реформалаудың негізгі бес бағыты шеңберiнде көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді дәйекті шешу көзделеді:
1) нәтижеге бағдарланған мемлекеттік жоспарлауды енгізу бойынша реформаларды тереңдету;
2) мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту;
3) лицензиялық – рұқсат беру жүйесін және мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау қызметін жетілдіру;
4) мемлекеттік активтерді басқару тиімділігін арттыру және квазимемлекеттік секторды оңтайландыру;
5) мемлекеттік қызметті кәсібилендіру;
6) мемлекеттік аппараттың тиімді құрылымын қалыптастыру және әкiмшiлiк реформаларды басқаруды жақсарту. Мемлекеттік басқардың жаңа моделі мынадай қағидаттарға негізделетін болады: соңғы нәтижеге бағдарлау және мемлекеттiк аппарат қызметiнiң тиiмдiлiгiн және көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру (аз ресурстар шығындармен берілген нәтижелерге қол жеткізу); басқару жүйесінде (әкімшілік рәсімдер ұйымдастыру және басқарушылық шешімдер қабылдаған кезде) барынша икемділікті пайдалану және жаңа, оның ішінде, комуникациялықтехнологияларды енгізу; қызметте жоғарылауды байланыстыру, мақсаттарға қол жеткізу және тиімділікті көтеру жөніндегі нәтижелер деңгейелі бірге ресурстар мен сыйақыларды бөлумен; мемлекеттік құпиялар туралы заңнама талаптарын ескере отырып қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдары үшін мемлекеттік аппарат қызметiнiң ашықтығы (айқындылған).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет