Дәріс №7 Тақырыбы: Мемлекеттік басқаруды қамтамасыз ету.
Мақсаты: Мемлекеттік басқаруды ақпаратпен қамтамасыз ету және мемлекеттік басқаруда заңдылықты және тәртіпті қамтамасыз ету, мемлекеттік тәртіпті бұзудың алдын алу және анықталған кемшіліктерді жою тәсілдерін анықтап, оларды студенттерге түсіндіру және осы бойынша бағыт-бағдар беру.
Жоспары: 1. Мемлекеттік басқаруды ақпараттық қамтамасыз ету.
2. Мемлекеттік басқаруда заңдылық пен тәртіпті амтамасыз ету.
3. Мемлекеттік басқаруды ғылыми қамтамасыз ету.
Мемлекеттік басқарудағы тәртіп түрлері бағытталуы мен мақмұнына қарай: 1) жалпы жоспарлы; 2) келісімді; 3) қаржылық (бюджеттік, ақша айналымы, банк қызметі, салық, несие, инвестициямен байланысты); 4) қызмет тәртібі; 5) есептік-статистикалық; 6) еңбек тәртібі; 7) оқу тәртібі болып бөлінеді.Қызмет тәртібі - мемлекеттік қызмет бойынша міндеттер мен құқықтарды, атқаратын мемлекеттік лауазым бойынша функциялар мен өкілеттіктерді жауапкершілікпен әрі адал орындау. Штат тәртібі - тиісті органдарды ұйымдастыруда белігілі типтік модельдерді қсынуды білдіреді. Басқарушы өзінің аппаратының құрылымын қалыптастыруда кейбір бостандықтарға ие болғанымен де, іс жүзінде тексерілген ұсыныстар, тәжірибелерді елемеу, ескермеу мақсатқа сай емес. Еңбек тәртібі - еңбек келісімі мен еңбек заңдарының шарттарына сәйкес мінез-құлықты жүріс-тұрысты анықтайды. Оқу тәртібі - мемлекеттік басқару қызметкерлерін оқытуда ұйымдастырушылық және әдістемелік ережелерді сақтауды көздейді. Мемлекет басқаруда заңдылықты қамтамыз ету. Оның мемлекеттік қызметтегі рөлі. Нормативтік аспект дегеніміз - адамдардың әрекетінің нормаларын немесе ережелерін әзірлеп, заңды түрде бекіту. Оның элементтері: 1) гипотеза - өмірдегі қарым-қатынастар мен әр түрлі жағдайлардан туындайтын нормалардың бір бөлігі; 2) диспозиция - іс-әрекет (тәртіп) ережесінің мән-мазмұнын анықтайтын субъектінің заңды құқықтары мен міндеттері; 3) санкция - тиісті нормалар диспозициясы мен гипотезасының орындалмаған жағдайда мемлекеттік биліктің қолданатын шараларынан тұратын норрманың бір бөлігі.
Мемлекеттік басқарудағы заңдылықты қамтамасыз ету ең алдымен, мемлекеттік билікті қалыптастыруға байланысты. Заңдылық биліктің бірден бір құрылымы заңнан тұра алмайтындай жағдайда қылыптасады. Бұл билік бөлінісі арқылы қамтамасыз етілуі тиіс, яғни заң шығарушы органдар атқарушы биліктің қызметін, ал атқарушы билік өзара бірін-бірі бақылауы қажет.
Сонымен, мемлекеттік басқарудағы заңдылық әлеуметтік-құқықтық құбылыс ретінде құқықтық реттеу, ұйымдық жағынан қамтамасыз ету, басқару мамандарын даярлау, олардың біліктілігін арттыру, халықтың және бұқаралық ақпарат құралдарының белсенділігі арқылы қамтамасыз етеді. Мемлекеттік басқаруда заңдылық бір жағынан, болашақтағы қоғамдық қатынастардың логикалық моделін жасау мен оны заң нормаларында бекіту ретінде қалыптасса, екінші жағынан, заң нормаларын іске асыру нәтижесінде пайда болатын қоғамдық қатынастардың нақты жағдацы ретінде көрініс табады. Заңдылықтың осы екінші жағдайда қалыптасуы құқықтық реттілік түсінігін білдіреді және ол мемлекетте, қоғамда, адамдар арасында болатын, олардың қажеттіліктерін, мүдделері мен мақсаттарын қамтамасыз етеін тұрақты құқықтық қатынастар жүйесі ретінде қарастырылады. Заңдылық және құқықтық реттілік түсініктері бір-бірімен тығыз байланысты. Алайда олардың арасында белгілі шек бар. Құқықтық реттілік заңдылық талаптарының орындалу деңгейін сипаттайтын заңдылықтың нәтижесі болып табылады. Мемлекеттік басқаруда тәртіп бұл екі фактормен тығыз байланысты. Тәртіп - әр адамның келісілген ережелерді, нормаларды орындау, пікір алмасу, нақтылы бір тапсырмаларды атқару процедураларын мойындап, қатаң сақтауында тұратын қоғамдық қатаң және бұлжытпай сақтауы. Ғылыми әдебиеттерде мемлекеттік басқарудағы заңдылық қызмет принципі ретінде, билікті жүзеге асыру әдісі ретінде, қоғамдық-саяси өмірдің режимі ретінде, түрлі құқық қатынастарына қатысушыларға қойылатын талаптар жүйесі ретінде қарастырылады. Құқық заңда бекітілген жағдайда әсер етудің заңдық күшіне ие болады (мемлекеттік құрылымдар арқылы жүзеге асырады), немесе адмдардың құқықтық сана-сезімдеріне, дәстүрлерінде, әдет-ғұрыптарында көрініс тауып, тікелей жүзеге асырылады. Оның өзіне тән екі мінлетә бар: қоғамдағы қарым-қатынастарды дұрыс реттеп, орындалуын тездету және қатынастардың байланысын бақылап, қорғап отыру. Осы міндеттерге сәйкес құқықтық өзіне тән екі функциясы туындайды: реттеуші және қорғаушы. Құқықтың реттеу функциясы - нормативтік актілер арқылы қоғамдық қатынастардың орындалу жолдарын, бағыттарын анықтап отыру. Құқықтық қорғау функциясы - аса маңызды қоғамдық қатынастарды қорғауға (сақтауға) бағытталады, заңға қайшы әрекеттерге тыйым салу. Құқықтық реттеу әлеуметтік, нормативтік және тәжіребелік аспектілердің бірлігін білдіреді. Адамдардың жеке қарым-қатынасын емес, олардың қоғамдық қатынастарын реттейтіндіктен құқықтық реттеу әлеуметтік сипатта болады. Ол адамдардың сана-сезімдеріне олардың болашақтағы өмірі үшін өзекті, маңызды мәселердің қалыптасуымен байланысты. Осыған байланысты заң шығару ісі жеке адамдардың құқықтары мен бостандықтарына, қоғамның еркін тіршілік-әрекетінің қағидасына (императивіне), қоғамдық қатынастардың адамдгершілігіне (гуманизм), әлеуметтік әділетлікке, халықтар арасындағы бейбіт өзара байланыстарға сай болуы керек. Құқықтық мемлекете басқару ісіндегі заңдылықты қамтамасыз етуде біріншіден, сот билігі арқылы (Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, жергілікті соттар, Конституциялық Кеңес, прокуратура), екіншіден, атқарушы билік, үшіншіден, халықтың саяси белсенділігі маңызды рөл атқарады. Мемлекеттік басқаруда заңдылықты қамтамасыз ету құралы ретінде бақылау механизмдерін атауға болады. Олар арқылы басқару шешімдерінің заңға сәйкестігі анықталады. Бақылау механизмдерінің түрлері:
1. Сыртқы бақылау - бұл атқарушы биліктің бір органының екіншісін бақылауы;
2. Жалпы бақылау жоғары органның сәйкесінше төменгісін қадағалауы;
3. Мамандырылған сыртқы бақылау, мысалы, кедендік бақылау, халық тұтынатын тағамдар мен тауарлардың сапасын бақылау, монополияға қарсы, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау, радиациялық-экологиялық, жол қозғалысын бақылау.
4. Ішкі бақылау - мемлекеттік органдарда жетекшілерінің, арнайы топ бөлімдерінің бақылау функциясын атқаруы.