6. Оқу тәжірибеге жетекшілік ету Университет атынан тәжірибе жетекшісі кафедраның ұсынысы бойынша тәжірибесі бар оқытушыларының арасынан таңдалып, тағайындалады. «Кәсіпорын» атынан тәжірибе жетекшілері болып студент тәжірибе өтетін мекеме, кәсіпорын және фирмалардағы ғылыми қызметкерлер және жоғары білікті мамандар тағайындалуы мүмкін.
Университет атынан тәжірибе жетекшісі:
Тәжірибе басталғанға дейін студенттердің қажетті дайындығын ұйымдастырады: білім алушының күнделігіндегі тапсырманы және жолдаманы толтырады;
Оқу жоспары және бағдарламаға сәйкес білім алушылармен кеңес жүргізеді;
Тәжірибе бойынша дифференциалданған есепті қабылдау бойынша және өндірістік тәжірибе нәтижесі бойынша қорытынды конференцияға комиссия жұмысына қатысады;
есеп берудің барлық бөлімдері мен бөлімшелерінің көлемін белгілейді және жұмысты үйлестіреді.
Тәжірибе базасы болып табылатын кәсіпорын, мекеме, ұйым, мектеп университетпен жасалған келісім-шартқа сәйкес: - жасалған екіжақты және үшжақты (университет-студент-кәсіпорын) келісім-шарт негізінде студенттердің тәжірибесін ұйымдастыруы және жүргізуі;
- студенттерге бағдарламаға сәйкес тәжірибе орнымен қамтамасыз етуі;
- тәжірибе өту кезінде студенттердің мамандығы бойынша қажетті білім алуға жағдай жасауы;
- унисерситетпен келісілген тәжірибені өту күнтізбелік кестесін сақтауы;
- практиканттарға бар әдебиеттерді, техникалық және басқа да құжаттарды қолдануға, сонымен бірге егер келісім-шартта қарастырылған болса көбейтетін техниканы қолдануға мүмкіндік беруі;
- курстық және дипломдық жобалар/жұмыстар үшін материалдарды жинауда көмек көрсетуі тиіс.