Білім беру бағдарламасы: 6В05413-«Математика және математиканы оқыту»



бет6/7
Дата12.12.2023
өлшемі365,35 Kb.
#196675
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Учебная практика(каз) (1)

6. Оқу тәжірибеге жетекшілік ету
Университет атынан тәжірибе жетекшісі кафедраның ұсынысы бойынша тәжірибесі бар оқытушыларының арасынан таңдалып, тағайындалады. «Кәсіпорын» атынан тәжірибе жетекшілері болып студент тәжірибе өтетін мекеме, кәсіпорын және фирмалардағы ғылыми қызметкерлер және жоғары білікті мамандар тағайындалуы мүмкін.
Университет атынан тәжірибе жетекшісі:

  • Тәжірибе басталғанға дейін студенттердің қажетті дайындығын ұйымдастырады: білім алушының күнделігіндегі тапсырманы және жолдаманы толтырады;

  • Нұсқаулы конференция өткізеді;

  • Оқу жоспары және бағдарламаға сәйкес білім алушылармен кеңес жүргізеді;

  • Тәжірибе бойынша дифференциалданған есепті қабылдау бойынша және өндірістік тәжірибе нәтижесі бойынша қорытынды конференцияға комиссия жұмысына қатысады;

Тәжірибе бағдарламасы келесілерді ескеруі қажет:

  • жеке тапсырмалардың мазмұны мен орындалу мерзімін;

  • тәжірибе өту бойынша есеп беруді дайындау тәртібі мен қорғау мерзімін.

Университет атынан тәжірибе жетекшісі:

  • тәжірибе өту тапсырмасын береді;

  • студентке тәжірибенің барлық кезеңіне өту кестесін жасауға көмек көрсетеді;

  • студентке қажетті негізгі әдебиеттерді ұсынады;

  • есеп берудің барлық бөлімдері мен бөлімшелерінің көлемін белгілейді және жұмысты үйлестіреді.

Тәжірибе базасы болып табылатын кәсіпорын, мекеме, ұйым, мектеп университетпен жасалған келісім-шартқа сәйкес:
- жасалған екіжақты және үшжақты (университет-студент-кәсіпорын) келісім-шарт негізінде студенттердің тәжірибесін ұйымдастыруы және жүргізуі;
- студенттерге бағдарламаға сәйкес тәжірибе орнымен қамтамасыз етуі;
- тәжірибе өту кезінде студенттердің мамандығы бойынша қажетті білім алуға жағдай жасауы;
- унисерситетпен келісілген тәжірибені өту күнтізбелік кестесін сақтауы;
- практиканттарға бар әдебиеттерді, техникалық және басқа да құжаттарды қолдануға, сонымен бірге егер келісім-шартта қарастырылған болса көбейтетін техниканы қолдануға мүмкіндік беруі;
- курстық және дипломдық жобалар/жұмыстар үшін материалдарды жинауда көмек көрсетуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет