Білім беру бағдарламасы: 6В05413-«Математика және математиканы оқыту»


Есеп беруді жазуға қойылатын талаптар



бет5/7
Дата12.12.2023
өлшемі365,35 Kb.
#196675
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Учебная практика(каз) (1)

4. Есеп беруді жазуға қойылатын талаптар
Есеп беру алынған ақпараттарды терең оқу мен тәжірибе объектісі туралы материалдардың, мамандық бойынша әдебиеттердің (оқулықтар, оқу құралдары, нормативтік әдебиеттер, ғылыми және әдістемелік журналдар) негізінде орындалады. Тапсырмаға сәйкес қазіргі заманғы және болашағы бар теориялық және тәжірибелік сұрақтар өңделуі қажет.
Есеп беру жұмысын баяндау кезiнде талданатын кесте түріндегі барлық мәлiметтердiң аттары және реттiк нөмiрi болуы қажет, ал қалған мәлiметтерді есеп беруге қосымша түрiнде келтiруге болады. Оқу тәжірибесін өту бойынша есеп беру жұмысының жалпы көлемi қосымшаларды қоса есептегенде 12-15 беттен аспауы қажет.
Есеп беру жұмысын тiгу кезiнде барлық материалдарды келесi тәртiппен орналастыру керек:

  1. Күнделiк (тәжiрибе өту орнында тағайындалған жетекшiсiнiң пікірімен).

  2. Бекiтiлген үлгі бойынша орындалған сыртқы (титульный) парақ (қосымша).

  3. Мазмұны (бет нөмiрлерi көрсетiледi).

  4. Есеп берудің негізгі бөлімдері.

  5. Қолданылған әдебиеттер тiзiмi.

  6. Қосымша (үлгілер, кестелер, есептеулер).

Есеп беру тiгiлiп, кафедраға университет тарапынан жетекшiнiң тексеруi үшiн өткiзiлуi керек.
Тәжiрибе бойынша есеп беру жұмысын қорғау жетекшiнiң рұқсатын алғаннан кейiн кафедрада арнайы комиссия алдында жүргiзiледi.
Есеп беру жұмысының мәтінін көркемдеу. Есеп беру жұмысының мәтіні Тараз ӨңірлікУниверситетiнде осыған ұқсас академиялық жұмысқа қойылатын талаптарға сәйкес орындалуы қажет. Мәтіндік материалды баяндау тiлi анық, ағымдағы дұрыс жазудың барлық ережелерiне жауап беруi, сонымен қатар қазiргi кездегi кәсiби лексика деңгейi мен арнайы терминологияны көрсетуi қажет.
Мәтін А4 (210 х 297 мм) форматты жазу қағазының бiр бетiнде орналастырылады (әрi қарай бет).
Есеп беру жұмысының негiзгi мәтінiнiң жалпы көлемi компьютерлiк нұсқада 15 беттен аспау керек. Мәтінді қағаз бетiне орналастыру кезiнде келесi өлшемдердi сақтау қажет: жоғарғы жағы - 20 мм, төменгi жағы - 20 мм, оң жақ - 10 мм, сол жақ - 30 мм. компьютерде – парақтың бір жақ бетінде 1 интервал арқылы, кегль – 14; шрифт – Times New Roman немесе KZ Times New Roman;

  • мазмұны мен мәтінде тарау, бөлімдердің аттары бірдей болуы қажет.

Есеп беру жұмысының беттерiн нөмiрлеу. Беттердi нөмiрлеу есеп беру жұмысының сыртқы парағынан бастап сурет, кесте, қосымшаларды қосқанда соңғы бетке дейiн ретiмен нөмiрлеу қабылданған. Беттердi нөмiрлеу парақтың жоғарғы оң жақ шетінде араб сандарымен қойылуы қажет. Бет нөмiрлерi сыртқы парақта (қосымша 1), мазмұны мен кiрiспенiң бiрiншi бетiнде, сонымен қатар қосымшада қойылмайды.
Есеп беру жұмысындағы бөлiм мен бөлiмшелердi безендіру. Есеп беру жұмысының құрылымы осы әдiстемелiк нұсқаудың тиістi бөлiмдерiнде келтiрiлген. Жұмысты безендіруге қойылатын жалпы талаптар төмендегiдей:

  • Әрбiр бөлiм мазмұн, кiрiспе, қорытынды, әдебиеттер тізімi, қосымша және т.б. сияқты жаңа беттен басталуы қажет.

  • Есеп беру жұмысының бөлiмдерi (жоғарыда айтылғандарды есептемегенде) нүктелей араб сандарымен нөмiрленедi.

  • Бөлiмшелердi екi санмен нөмiрлеу қабылданған, яғни бөлiмшенiң нөмiрiне бөлiм нөмiрi мен нүктемен бөлiнген бөлiмшенiң реттiк нөмiрi кiредi. Бөлiмше нөмiрiнің соңында нүкте қойылады.

  • Бөлiм аттары бас жазу әрiптермен орындалады.

  • Бөлiмшелердiң аттары бiрiншi әрiптi қоспағанда жол әрiптерімен орындалады.

  • Бөлiмшелердiң тақырыптарын сызықша арқылы ауыстыруға болмайды, келесi тақырып сөздерi мәтін аяғының шекарасынан басталуы қажет.

Тақырыптың соңында нүкте қойылмайды, егер соңғысы бiрнеше сөйлемнен тұрса, онда олар нүкте арқылы бөлiнедi.

  • Тақырып пен келесi одан кейiнгi мәтін арасы 1 интервал болуы қажет. Бөлiм мен бөлiмшелердiң тақырыптары арасындағы қашықтықтар – 1 интервал.

Есеп беру жұмысының мазмұны бөлiмдердiң аттары сияқты, олар басталатын бет нөмiрлеріне толық сәйкес келу ікерек. Қосымшалар әдебиеттер тізімінен кейін орналастырылады.
Әдебиеттер тiзiмi бұл автормен осы есептi жазу кезiнде қолданған әдебиеттердiң библиографиялық өсу тәртiбiнде нөмiрленген тiзiмі.
Әдебиеттер тiзiмiн тұрғызу тәртiбi ретінде төменде келтiрiлген тәртіптердің бiрiн қолдануғы болады:

  • Алфавиттiк – барлық библиографиялық сiлтемелер сiлтеме басталатын бiрiншi әрiптiң орналасу орны бойынша (аты-жөні немесе әдебиет атауы) орналасады.

  • Хронологиялық - әдебиеттiң шығу жылының өсуi бойынша; мәтінде жүйелі түрде әдебиеттерді қолданғаны туралы есеп беру жұмысында сілтемелер түрінде көрсетілуі қажет;

  • Басылымның түрлерi бойынша – бастапқыда ресми құжаттар (ҚР заңдары, үкiметтiк актiлер, ұлттық және аймақтық бағдарламалар және басқа), әрi қарай мұрағат материалдары, одан кейiн жарияланған әдебиеттер тiзiмi орналасады - монографикалық және басылымдық.

Мәтіндегi сiлтемелер есеп беру жұмысының соңында келтiрiлген әдебиеттер тiзiмiне сәйкес, араб сандары мен нүктесiз реттiк нөмірмен көрсетiлген доға немесе тiк жақшамен көркемделедi.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет