Білім беру бағдарламасы: 6В05413-«Математика және математиканы оқыту»



бет4/7
Дата12.12.2023
өлшемі365,35 Kb.
#196675
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Учебная практика(каз) (1)

3. Оқу тәжірибенің мазмұны

Тәжірибе ұзақтығы, жоғарыда айтылған мамандықтардың оқу жоспарына сәйкес, 2 аптаны құрайды, ал күнтізбелік мерзімі жыл сайын бекітіледі және ТарӨУ ректорымен бекітілетін оқу процесінің кестесінде көрсетіледі. Тәжірибені өту үшін студенттер Университет бойынша бұйрыққа сәйкес таңдалған тәжірибе өту объектісіне жіберіледі. Тәжірибе бөлімі кафедраның ұсынысы бойынша алдын-ала ұйымдармен (кәсіпорындармен, фирмалармен және басқа берілген мамандық менеджерлерінің кәсіптік қызмет объектісі ретінде мүдделі ұйымдармен) тәжірибе өту туралы келісім-шарт жасасады.


Тәжірибені өту алдында кафедра нұсқаулы конференция өткізеді, онда практиканттарды өндірістік (оқу) тәжірибені өтудің берілген ережелерімен таныстырады, техника қауіпсіздігі және тәжірибе өту тәртібі бойынша нұсқау береді.
«Қолданбалы математика және статистика» кафедрасы студенттердің тәжірибе өту уақытысында келесі іс-әрекет тәртібін орындауды ұсынады:

  • кадрлар бөліміне өзін таныстыру (жалпы бөлім немесе соған ұқсас қызмет бөлімі, ұйымның бірінші жетекшісінің қабылдау бөліміне), практикантты қабылдауға тәжірибе өтуге жолдама және қатынас-хат көшірмелерін, берілген немесе жоғарғы ұйымның тәжірибе өтуге келісімі берілген келісім-шарт (болмаған жағдайда сәйкес құрылым туралы үкім немесе жолдама болуы мүмкін);

  • тәжірибе объектісінің ішкі тәртіп ережелерін және жұмыс режимін, құжаттармен жұмыс істеу тәртібін анықтау;

  • объектінің жалпы сипаттамасымен, құрылымымен, функционалдық қызмет бөлімдерінің міндеттерімен, қызмет етудің негізгі көрсеткіштерімен танысу;

  • негізгі бөлімнің тәжірибелік қызметіне қатысу (немесе бірнеше негізгі функционалдық қызмет бөлімдерінің), сәйкес біліктілік және мамандығы бар менеджерлердің функционалдық міндеттемелерін орындау;

  • басқа бөлімдердің қызмет мазмұнымен және төменгі және орта басқару деңгейіндегі менеджерлерінің еңбек мазмұнымен танысу;

  • материалдарды жинау, қорытындылау және талдау, есеп берудің құрылымы мен мазмұнын тәжірибе жетекшісімен келісу;

  • есеп беруді дайындау, пікір алу;

  • есеп беруді, тәжірибе өту күнделігін және пікірді жауапты адамдардың қолдарымен растау, оларды ұйымның мөрімен куәландыру.

Бастапқы кәсіби дағдыларды игеру үшін тәжірибе (оқу) математикалық және жалпы жаратылыстану ғылымдары, жалпы кәсіптік және арнайы пәндер аумағында, білім алушылардың аналитикалық қабілеттерін дамытуға, менеджмент бойынша алғашқы кәсіби дағдыларын теориялық білімдерді бекіту және кеңейтуге бағытталған.
Оқу тәжірибесін жоспарлау және ұйымдастыру студенттермен келесі бағыттарды жұмыс істеуді қарастырады:
- ұйымдар мен кәсіпорындардың жұмыстарын реттейтін нормативтік құжаттармен, заңнамалық актілермен, ішкі пайдалану нұсқаулармен жұмыстарды ұйымдастыру;
- ұйым, кәсіпорын қызметінің жеке тұстарын талдау жасаудың тәжірибелік әдістерін меңгеру;
- қазіргі заманғы нормаларға сәйкес қызметтік құжаттарды орындау дағдыларын білу.
Тәжірибе өту тақырыбы мен объектісіне сәйкес тәжірибе мазмұны бойынша ақпаратты жинауды және талдауды ұйымдастырудың келесі бағыттары ұсынылады.
Тәжірибені өту орны бойынша студент есепке келесі бөлімдер бойынша материалдарды жинауы, талдауы және енгізуі қажет (жеке тапсырманы есепке алғанда):
1. Тәжірибе объектісіне жалпы сипаттама. Құрылу тарихы. Қызметінің негізгі аспектілері.
2 Ұйымның құрылымын құру:
- нақты шарттарға байланысты ұйымның басқару құрылымын тұрғызу;
- ұсынылған басқару құрылымдарының және өндіріспен басқару жүйесінің элементтерінің байланысының артықшылықтары мен кемшіліктеріне сипаттама беру.
3 Кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық формасы. Кәсіпорын қызметінің құрылу тәртібі және ұйымдастырылуы:
- істегі нормативтік актілерді, ережелерге талдау жүргізу;
- берілген құжаттарды дайындауда нормативтік-құқықтық тұсы туралы жалпы түсінік беру;
- әр түрлі типтегі ұйымдарды тіркеу үшін қарастырылған құжаттар құрамын қарастыру;
- жеке коммерциялық құрылымдарды тіркеу ерекшеліктерін қарастыру.
4. Қорытынды: тәжірибе барысында алған дағдыларды сипаттау, жүргізілген зерттеудің тәжірибелік маңызы туралы жеке тұжырым жасау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет