Дипломдык жұмыстың жалпы ережелері
Дипломдық жұмысты орындау - бұл студенттің жоғары оқу орнында оқуының ақырғы кезеңі болып табылады және осындаймақсатты көздейді.- таңдап алған мамандығы бойынша теориялық жәнетәжірибелік білімді тереңдету, сонымен қатар нақтылы мәселелердішешуді колдану;
- жобалау-конструкторлық және зерттеу жұмысты дербесжүргізу дағдыларының қалыптасуы мен эксперимент және ғылымизерттеу немесе жобалау әдістемесін меңгеру;
- басқа құрастырушылар немесе зерттеушілер шығарғаннәтижелерді талдап корыту дағдыларын иемдену;
- студенттің қазіргі заман өзгеpici, ғылыми, техника жәнемәдениет пpoгpeci жағдайында дербес жұмыс істей алатындығын анықтау;
Дипломдық жұмыс бітірушінің квалификациялық жұмысы, бұл студенттің теориялық және тәжірибелік білімін қамтып көрсетеді.
Дипломдық жұмысты орындау және Мемлекеттік аттестациялық комиссияға (МАК) қорғау қорытындысы деңгей бойынша бітірушіге сәйкес квалификация беру мүмкіндігі туралы қорытынды шығарылады. Дипломдық жұмыстың тақырыбы маңызды,сонымен қатар ғылым, техника және мәдениеттің даму болашағы мен қазіргі жағдайларға сәйкес болуы кажет. Дипломдық жұмыстың тақырыбы және жетекшілер шығарушы кафедрамен анықталады және университет кеңесімен бекітіледі. Тақырыпты анықтау барысында осы дайындық облыстың нақтылы мәселелерін ескеру қажет.
Дипломдық жұмыстар тақырыптарының жалпы тізімі жыл сайын жаңартылады және жоғары оқу орны бекіткен ереже бойынша студенттерге хабарланады. Дипломдық жұмыстар тақырыптары олардың жетекшілері факультет деканының ұсынысы негізінде ректор бұйрығымен бекітіледі. Егер де дипломдық жұмыс тақырыбын өзгерту немесе
анықтау кажет болса факультет деканы кафедра ұсынысы негізінде ректор бұйрығына өзгертулер eңгізy туралы өтініш қозғайды.
Дипломдық жұмыс тақырыбына сәйкес, дипломдық жұмыс жетекшісі студентке тәжірибе объектін зерттеу бойынша және дипломдық жұмысы жөнінде материал жинау бойынша тапсырма береді.
Сонымен қатар студентке жетекшімен құрастырылған және кафедра меңгерушісімен бекітілген аяқтау мерзімі көрсетілген дипломдық жұмыс тапсырмасы беріледі. Тапсырманың формасы факультет деканының ұсынысы негізінде ректор бұйрығымен бекітіледі. (Қоса беріліп отырған үлгіге сәйкес). Осы тапсырма жұмыспен бipгe МАК-қа ұсынылады. Дипломдық жұмыс тиісті мамандықтың, оқу жоспарында берілген уақыт аралығында орындалады. Оған дейін диплом алдындағы тәжірибе өткізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |