Білім беру бағдарламасы: 6В07201 – «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы».
Кафедра: Фармацевтикалық және токсикологиялық химия, фармакогнозия және ботаника
Пән: «Синтетикалық дәрілік заттардың химиясы және технологиясы».
Практикалық сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулық
Тақырып №4: Гетероциклді қатардағы дәрілік қосылыстардың химиясы және технологиясы.
Курс: 3
Кредит саны: 4
Алматы 2023 1.Тақырып №4. Гетероциклді қатардағы дәрілік қосылыстардың химиясы және технологиясы.
2.Мақсаты: білім алушыларда гетероциклді қатардағы дәрілік қосылыстардың алыну жолдары, синтезделуі, сонымен қатар, олардың өндірісте алыну технологиясы туралы білімді қалыптастыру.
Міндеттері: 1) Гетероциклді қосылыстардың жіктелуін қарастыру;
2) Пиррол туындыларының дәрілік препараттарына жалпы сипаттама беру. Пирацетамның синтезі, қолданылуы, алынуы, идентификациясы, сақталуы;
3) Пиразолон-5 туындыларының синтезі;
4) Гетероциклді қосылыстардың медицинадағы маңызын айқындау.