Алматы 2023 I. Тақырып №1: Фитотерапияның жалпы түсінігі, негізгі мақсаты, міндеттері, фитотерапия тарихы және қазіргі медицинадағы рөлі
II. Мақсаты Фитотерапияның жалпы ұғымдарын, негізгі мақсатын, міндеттерін, тарихын және қазіргі медицинадағы рөлін меңгеру.
III. Оқыту міндеттері - емдік дәрілік өсімдіктерді, өсімдіктерден, жануарлардан алынатын шикізаттардың және медицинада қолдануға Қазақстан Республикасында рұқсат етілген фитопрепараттарды қолдану мәселелерін шешу.
- дәрілік өсімдіктерді, дәрілік шикізаттарды, өсімдіктер мен жануарлардан алынатын шикізаттардың бастапқы өңдеудің кейбір өнімдерін және әртүрлі ауруларда қолданылатын фитопрепараттарды ажырату.
- дәрілік өсімдіктерді танудан, сипаттаудан, биологиялық белсенді заттарды оқшаулау әдістерінен, сапалық анықтаудан, физика-химиялық қасиеттерінен, химиялық құрамынан, сандық анықтаудан бастап, әртүрлі ауруларда алу мен медициналық қолданумен, өсімдік немесе жануар тектес шикізаттың сапасын бақылаумен және дәрілік заттарды стандарттаумен аяқталатын дәрілік өсімдік заттарына қатысты мәселелер бойынша кәсіби міндеттерді шешу.