Білім беру бағдарламасы: 6В07201 «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы»



бет1/4
Дата08.12.2023
өлшемі125,5 Kb.
#195915
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3   4
Байланысты:
№5 әдістемелік нұсқаулық СДЗХТ




«С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ
НАО «КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА»

Фармацевтикалық және токсикологиялық химия, фармакогнозия және ботаника кафедрасы

Практикалық сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулық

Редакция 1

беттің беті




Білім беру бағдарламасы: 6В07201 – «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы».
Кафедра: Фармацевтикалық және токсикологиялық химия, фармакогнозия және ботаника
Пән: Синтетикалық дәрілік заттардың химиясы және технологиясы

Практикалық сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулық

5 тақырып: Аралық өнімдерді өндірудің жалпы технологиялық әдістері




Курс: 3
Кредит: 4


Алматы, 2023
1.Тақырып №5. Аралық өнімдерді өндірудің жалпы технологиялық әдістері


2.Мақсаты: Аралық өнім қосылыстарының алыну жолдарын, олардың өндірісте алыну технологиясы туралы білімді қалыптастыру.
Міндеттері:
- өндірістің технологиялық схемасын әзірлеуді үйрену;
- өндіріс барысында аралық өнімді анықтап, талдау жасай білу.
- аралық өнімдердің алыну жолдарының реакциясын жаза білу.


Ақпараттық-дидактикалық блок:
Технология – табиғи шикізатты тұтыну бұйымына жəне өндіріс құралына дейін өңдеудің əдістері мен құралдары туралы ғылым. Технология екі түрге бөлінеді: механикалық және химиялық. Механикалық технологияда – материалдың пішіні немесе сыртқы түрі және физикалық қасиеттері өзгеретін процестер қарастырылады. Ал химиялық технология – зат құрамының, қасиеттерінің және ішкі құрылымының түбегейлі өзгеруімен өтетін процестерді қамтиды.
Химиялық технология – өнім өндіру жолдары мен процестері туралы табиғи қолданбалы ғылым. Өнім – қолданыс заттары мен өндіріс құралдары, химиялық айналыс қатысында техникалық, экономикалық және эксплуатациялық жағынан мақсатты жолмен алынады. Химиялық технологияның ғылым ретінде:
Зерттеу пәні – химиялық өндіріс (бастапқы затты пайдалы өнімге дейін өңдеу әдістері мен үрдістері); зерттеу мақсаты – адамзат қоғамына қажетті өнімдерді өндірудің ұтымды әдістерін жасау.
Химиялық өндіріс – шикізатты қажетті өнімдерге химиялық өзгерістер жолымен өңдеуге арналған машиналармен аппараттарда жүзеге асырылатын үдерістер мен операциялардың жиынтығы. Химиялық өндірістің Қазақстандағы жағдайына келетін болсақ, қазіргі уақытта химия өнеркәсібі өндірісінің көлемі 2020 жылы 469 млрд. теңгені құрады. Қазақстанның химия өнеркәсібі 795 кәсіпорыннан тұрады, оның ішінде 12 кәсіпорын ірі кәсіпорынға жатады. Қазақстандағы химиялық өндірістің ең негізгі проблемалары ретінде Химиялық өндіріс жабдықтары тозуының жоғары деңгейі (43 - 80%), бұл химиялық өнім өндірісінің тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға кедергі келтіреді. Өңдеу өнеркәсібі салаларында терең бөліністердің дамымауы, ауыл шаруашылығы өндірушілерінің төлем қабілеттілігінің төмендігі, шағын және орта кәсіпкерлік тарапынан химиялық өнімге шектеулі сұраныс химиялық өнімнің импорты үшін жағдай жасайды.
Химиялық өндіріс компоненттері
Шикізат – өндірісте қолданылатын табиғи материалдар.
Мақсатты өнім (R) - осы химиялық технологияны жүзеге асыруда көзделіп отырған өнім.
Аралық өнім (жартылай өнім) - өндірістің бір немесе бірнеше сатыларынан кейін шикізатты қайта өңдеу процесінде қалыптасқан материалдар және келесі кезеңдерге арналған шикізат болып табылады.
Жанама өнім (S) – шикізатты өңдеу процесі барысында мақсатты өніммен қатар түзілетін, бірақ берілген өндірістің мақсаты болып табылмайтын материал.
Қалдықтар – табиғи шикізатты өңдеу нәтижесінде пайда болатын заттар мен өндірістік жарамсыз шығарылымдар.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет