Білім беру бағдарламасы: 6В07201 «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы»



бет2/5
Дата13.09.2023
өлшемі161,5 Kb.
#180971
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5
Байланысты:
№3 әдістемелік нұсқаулық СДЗХТ
[SW.BAND] 4, [SW.BAND] 3 [Режим. День 3] ВЕЧЕРНЯЯ РУТИНА
Ақпараттық-дидактикалық блок:
Ароматты қышқылдар және олардың туындылары келесі топтарға жіктеледі:

  1. пара,- орто-, мета- аминобензой қышқылының туындылары

  2. пара-аминосалицил қышқылының туындылары

  3. фенилсірке және фенилпропион қышқылдары

  4. арилалкиламиндер, гидроксифенилалкиламиндер және олардың туындылары

  5. йодталған арилалифаттық аминқышқылдардың туындылары

  6. бензолсульфоқышқылы

Ароматтық қосылыстар:





Карбон қышқылдары және олардың туындылары.


Молекуласында карбоксил тобы бар органикалық қосылысты карбон қышқылдары деп атайды.
Ароматты қышқылдар — кристалды заттар, көбінесе суда аз, бензол және полярлы органикалық еріткіштерде (спирт, хлороформ) жақсы ериді.
Ароматты қышқылдар медицинада әлсіз антисептиктер, ал тұздары катиондар тасымалдаушы қызметін атқарады.
Карбон қышқылдарының ең қарапайым өкілі – бензой қышқылы. Фармакопеялық препараты болып бензой қышқылы және оның натрий тұзы - натрий бензоаты табылады.
Бензой қышқылы Acidum benzoicum

Медициналық мақсатта бензой қышқылын толуолдан алады. Бензой қышқылы ине тәрізді түссіз немесе майда қиыршықты ұнтақ. Қыздырған жағдайда бензой қышқылына ұшу қасиеті тән. Карбон қышқылдарының өзі екендігін анықтау үшін ең негізгі функциональды топ - карбоксил тобына реакция ауыр металдардың ерітіндісімен жүргізіледі (CuSO4, СоС12, FeCl3, Pb(CH3COO)2 и др.). Тұздың мінездемесіне байланысты тұнбалардың әр түрлі түсі пайда болады.

Бензой қышқылын алу


Реактивтер: 4г (0,87 мл) толуол
12,4г калий перманганаты
25% хлорсутек қышқылы
Құрал-жабдықтар: кең мойынды, түбі домалақ колба (сыйымдылығы 300-500 мл) -1 дана
Мұздатқыш, механикалық араластырғыш.
Құрылғының құрылысы: колбаны араластырғышпен екі түтікшелі тығынмен бекітіп, мұздатқышқа орнатылады. Содан колбаны су моншасына салады.

Бензой қышқылын алу әдістемесі


Колбаға 4г толуолды енгізеді (абайла! Толуол улы!). 12,4г ұсақ ұнтақталған калий перманганатын және 200мл су құяды. Колбаны қайнап тұрған су моншасында үнемі араластыра отырып, 3 сағат қыздырамыз.
Егер ерітінді ақшыл қызыл (розовый) түске енсе, оған бірнеше тамшы спирт тамызады.
Суыған соң, қоспаны марганец екі тотығымен сүзеді (фильтрлейді), фильтр қағазындағы тұнбаны екі рет, аз мөлшерде сумен шаяды. Қосылған фильтратты көлемі 50-60г болғанша буландырады, марганец екі тотығымен қайта фильтрленеді, фильтрдегі тұнба ыстық сумен шайылады. Қосылған фильтратты 25% тұз қышқылымен қышқылдандырылады (рН~3). Бюхнер воронкасында бензой қышқылы тұнбаға түседі, тұнбаны аз мөлшерде салқын сумен шайылады. Алдымен фильтр қағазында, содан соң, фосфор бес тотығымен эксикаторда кептіріледі.
Бензой қышқылын судан (1г зат 12мл қайнаған суда ерітіледі) немесе спирттен (1г 0,7 мл) немесе айдау арқылы тазалауға болады.
Бензой қышқылы құм моншасында оңай айдалады. Препарат шығымы 75% жуық.
Препараттың сапасын тексергенде сыртқы түріне, балқу температурасына және фталь қышқылының жоқтығына мән беру қажет.
Ескерту! Ерітіндіні қыздырғаннан кейін келесі сабаққа қалдыруға болады.

Фенолоқышқылдар және олардың туындылары


Салицил қышқылы, Acidum salicylicum о-Оксибензой қышқылы
Салицил қышқылы табиғатта кеңінен тараған. Ол бос күйінде Cassia acutifolia жапырақтарында, түймедақтың гүлдерінде кездеседі. Салицил қышқылын және оның туындыларын табиғи көзбен алу сұранысты қамтамасыз ете алмайды, сондықтан салицил қышқылын және оның туындыларын синтетикалық жолмен ғана алынады.
Сілтілік металдардың феноляттарын тікелей карбоксилдеу арқылы салицил қышқылын алатын әдістің өндірістік мағынасы бар және ол қызығушылық тудырып отыр. Бұл әдісті ең бірінші рет Кольбе қолданды және әрі қарай дамытқан Шмидт болды.

Хлороформның алынуы (хлоралгидраттан)


Реактивтер: 50 грамм хлоралгидрат, 75 мл күйдіргіш натрий ерітіндісі (15% ерітіндісі).
Ыдыстар: Вюрц колбасы, (сыйымдылығы 250 мл), су моншасы, Либих мұздатқышы.
Мұздатқышқа байланысқан Вюрц колбасының ішіне 50 г хлоралгидрат және аздап 75 мл 15% натрий ерітіндісін қосады. Вюрц колбасын су моншасына салып, қыздырамыз. Хлороформды қабылдағышта айдап, мұздатылған салқын суға саламыз.
Хлороформды тазалау. Хлороформды бөлгіш сүзгі арқылы сумен шаямыз. Хлороформды судан айдап, 24 сағат бойы сусыз кальций хлоридте немесе натрий сульфатымен кептіріп, содан соң айдаймыз. Өнімнің шығымы 70%.
Ескерту: Вюрц колбасына реактивті енгізіп, термометрді тығынмен бекіткеннен соң су моншасын қыздыруды бастаймыз. Колбадағы сұйықтықты шамамен қайнағанша қыздыруды жалғастырамыз (шамамен 1 сағат). Колбаға бірнеше капиллярды қайнағанша біркелкі орналастырамыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет