2. Джуманов Шарафиддин Нуриддинович, «Терапиялық және ортопедиялық стоматология» кафедрасының аға оқытушысы.
Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы: білімгерлермен дуальды оқыту жүйесінде сабақ өтуге қызығады. 5 сатья шығарған, 1 оқулық және 1 электронды оқулық жазған.
Байланыс ақпараты: Түркістан қаласы, Университет қалашығы, №2 медицина корпусы,
Стоматология факультеті 3- қабат, ауд №326а.
3. Ускенбаева Айгерім, «Терапиялық және ортопедиялық стоматология» кафедрасының оқытушысы. 1 сатья шығарған, 1 электронды оқулық жазған. Байланыс ақпараты: Түркістан қаласы, Университет қалашығы, №2 медицина корпусы,
Стоматология факультеті 3- қабат, ауд №326а.
4. Есентаев Дархан Қалдыбайұлы, «Терапиялық және ортопедиялық стоматология» кафедрасының оқытушысы.
SCOPUS шетелдік жургалға 1 ғылыми мақала жариялаған. Байланыс ақпараты: Түркістан қаласы, Университет қалашығы, №2 медицина корпусы,
Стоматология факультеті 3- қабат, ауд №326а.
5. Сиздиков Махсуджан Махамадаминович, «Терапиялық және ортопедиялық стоматология» кафедрасының оқытушысы.
Байланыс ақпараты: Түркістан қаласы, Университет қалашығы, №2 медицина корпусы,
Стоматология факультеті 3- қабат, ауд №326а.
1.8 Байланыс ақпараты: Түркістан қаласы, Б.Саттарханов даңғылы, 29, №2 ғимараты, Стоматология факультеті, «Терапиялық және ортопедиялық стоматология» кафедрасы (3-қабат, ауд. 329, 330,326А).
1.9 Пәннің саясаты: Университеттің оқу үдерісін ұйымдастыру және емтихан регламентінің 7 бабына сәйкес студенттердің сабаққа қатысуы міндетті. Студенттің сабаққа келмеген күндері, әрбір семестр бойынша жеке есептегенде жалпы оқу бағдарламасындағы сағат мөлшерінің 20% аспауы тиіс. Денсаулығы бойынша сабаққа келмеген күндері осы пайыздық шектеу ішіне кірмейді. Денсаулығы туралы анықтамасы университет клиникасына немесе АИ-да үш күнде тіркеліп, сабаққа деканаттан өтеуге рұқсат қағазымен келуі тиіс. Себепті жіберген сабақтарын блокқа дейін өтеуі қажет. Студент сабаққа қатыспаған кезде өтілген тақырыптарды және пән оқытушысы тарапынан берілген тапсырмаларды өз бетінше орындауы қажет. Сабаққа келмеген студенттер үшін өтілген сабақ қайталанбайды.
Студент семестр соңындағы немесе оқу жылы соңындағы емтиханға кіруі үшін, денсаулығына байланысты сабақтан қалған күндерін есептемегенде, пән бойынша аудиториялық сабақтардың ең кемі 90%-на қатысуы қажет. Сабақтарға қатыспауына немесе өтпелі балл жинай алмауына байланысты емтиханға жіберілмейтіні туралы, сессия басталмас бұрын пән оқытушысы тарапынан студентке хабарланады. Сессия басталмас бұрын кафедра меңгерушісінің ұсынысы негізінде ол студент деканат тарапынан емтиханға жіберілмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |