Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Коммерциялық емес ашық акционерлік қоғам
Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы Энергетика және Байланыс
университеті
«IT-инжинеринг» кафедрасы
«Python тілінде бағдарламалау» пәні бойынша
№2 зертханалық жұмыс
Білім беру бағдарламасы: Ақпаратық қауіпсіздік
Орындаған: Кимелов Ғалым
Тобы: СИБк 22-4
Қабылдаған: Серік А.
Алматы, 2023
Зертханалық жұмыс №2.
СЫЗЫҚТЫҚ АЛГОРИТМДЕР МЕН ПРОГРАММАЛАР
Жұмыстың мақсаты: Компьютерде есептерді шешуге үйрену үшін алдымен қарапайым сызықтық алгоритмдер мен олардың негізінде құрастырылатын программаларды орындауға машықтану.
Сызықтық алгоритм дегеніміз есепті шешуге арналған барлық амалдар бір тізбек бойынша, тек бір бағытта орындалатын есептеу процесі. Мұндай алгоритмнің негізінде құрастырылған программаның операторларының орындалу тәртібі жазылу тәртібімен бірдей болады. Ондай алгоритмді орындау үшін меншіктеу, енгізу және шығару операторларымен шектелуге болады.
Мысал 1. Қабырғалары берілген үшбұрыштың периметрін табу алгоритмі. Математика пәнінен белгілі тәртіп бойынша, алдымен қабырғалардың мәндерінің үшбұрыш құрайтындығын тексеру керек. Осыдан кейін оның алгоритмін келесі түрде сипаттауға болады.
1. Берілген үшбұрыштың қабырғаларының мәндерін 𝑎, 𝑏, 𝑐 компьютер жадына енгізу.
2. Үшбұрыштың периметрін есептеу 𝑝 = 𝑎 + 𝑏 + 𝑐.
3. Есептің нәтижесін экранға шығару.
a=4
b=6
c=5
p=a+b+c
print('p=',p)
Нәтижесі: p= 15
a,b және c қабырғалы үшбұрыш пермиетрі
Мысал 2. Куб қабырғасының ұзындығы a берілген. Кубтың көлемі V = мен оның ауданын S = 6· табыңыз
Енді осы амалдардың компьютерде орындалуы қарастырылсын:
a = 5
V = a*a*a
S = 6*a*a
print(V)
print(S)
куб ауданы мен көлемің табу
Мысал 3. Берілген арифметикалық өрнектің мәнін есептеу. Тұрақты әрі белгілі шамалар 𝑎,𝑏,𝑐 мен мәні енгізілетін шама 𝑥 үшін келесі функцияның мәнін есептеу керек болсын: 𝑦 = 𝑎 ∙ +𝑏 ∙ 𝑥 + 𝑐.
Енді осы амалдардың компьютерде орындалуы қарастырылсын:
a=5
b=7
c=9
x=3
y=a*x*x+b*x+c
print(x,y)
𝑦 = 𝑎 ∙ x^2+𝑏 ∙ 𝑥 + 𝑐 өрнек коды
Мысал 4. Жоғарыда көрсетілген 𝑦 = 𝑎 ∙ +𝑏 ∙ 𝑥 + 𝑐 функциясының айнымалыларының мәнін пернетақтадан енгізу арқылы есептеу бағдарламасын қарастырайық
a = int( input())
b = int( input())
c = int( input())
x = int( input())
y=a*x*x+b*x+c
print(x,y)
𝑦 = 𝑎 ∙ x^2+𝑏 ∙ 𝑥 + 𝑐 өрнек кодына пернетақта арқылы сандар еңгізу
Мысал 5. Қарапайым пайыз бойынша депозитке салынған ақшаның алғашқы мөлшері екі жылдан кейін қаншаға тең болатынын есептеу. Ол есептеудің формуласы белгілі:
summa = summa ∗ (1 + r ∗ n),
мұндағы r = 5% −жылдық пайыз мөлшері, summa =1000 – депозитке салынған ақшаның алғашқы мөлшері. Екі year=2 жылдан кейінгі ақшаның мөлшерін табу үшін келесі амалдар орындалады:
summa =1000
rate = 0.05
year = 2
summa = summa*(1+year*rate)
print(summa)
summa = summa ∗ (1 + r ∗ n) формуласы арқылы есеп жүргізу
Мысал 6. Күрделі пайыз бойынша депозитке салынған ақшаның үш жылдан кейінгі шамасын анықтау керек болсын. Есептеу формуласы келесі:
summa = summa ∗ (1 + 𝑟)𝑛,
мұндағы r = 5% −жылдық пайыз мөлшері, summa =1000 – депозитке салынған ақшаның алғашқы мөлшері. Үш year=3 жылдан кейінгі ақшаның мөлшерін табу үшін келесі амалдар орындалады:
summa=1000
rate=0.05
year=3
summa=summa*(1+rate)**year
print(summa)
summa = summa ∗ (1 + 𝑟)𝑛, формуласымен есеп жүргізу
Достарыңызбен бөлісу: |