Әдебиет, соның ішінде электронды ресурстар:
1. Куттыкожанова Г.Г. «Балалардын инфекциялық аурулары». Алматы. 2010. р.363
2. «Инфекционные болезни у детей». Тимченко В.Н. Санкт-Петербург. 2008, 583 с.
3. Клиникалық хаттамалар http://www.rcrz.kz/
Сабаққа дайындық сұрақтары:
1. Вирусты гепатиттердің этиология, эпидемиологиясы.
2. Жедел вирусты гепатиттер кезіндегі зақымданулардың патогенетикалық механизмдері (қалыптағы және патология кезіндегі билирубиндік алмасу, уыттану синдромы, холестаз синдромы, цитолиз, мезенхимальды-иммуннды қабыну синдромы).
3. Жедел вирусты гепатиттердің жіктелуі. Ауырлық көрсеткіштері.
4. Жедел вирусты гепатиттердің әр түрлі кезеңдегі клиникалық көріністері.
5. Жедел вирусты гепатиттердің асқынулары мен нәтижелері.
6. Жедел вирусты гепатиттердің зертханалық-аспаптық диагностика қағидалары.
7. Жедел вирусты гепатиттердің емдеу қағидалары.
8. Жедел вирусты гепатиттердің арнайы және арнайы емес алдын –алу шаралары
Сабақты жүргізу форматы:
Тест тапсырмаларды шешу арқылы бастапқы бақылау, ауызша сұрау, тақырыпқа байланысты науқастың курациясы, №7,8 тәжірибелік дағдыларды дамыту, сабақтың тақырыбына сәйкес қойылған сұрақтарға жауаптармен оқу ауру тарихы фрагментін жазу, ситуациялық тапсырмаларды шешу арқылы қорытынды бақылау.
ҚО кезінде:
Оn-line режимде ZOOM/Microsoft Teams және басқа платформаларда веб-конференция арқылы ауызша сұрау, білім алушылардың нақты уақыт режимінде тәжірибелік дағдыларды көрсету іске асырылады.
Off-line режимде қашықтан платформа dis.kaznmu.kz (Moodle), қарым-қатынас ішкі сервистердің, чаттар мен форумдар арқылы тест тапсырмаларды, ситуациялық есептерді шешу, оқу бейнефильмін көру, сабақтың тақырыбына сәйкес қойылған сұрақтарға жауаптармен оқу ауру тарихы фрагментін жазу жүзеге асырылады.
Сабақты бақылау:
1.Сұхбаттасу, тест тапсырмаларды, ситуациялық есептерді шешу
2. Жеке жазбаша жұмыс: сабақтың тақырыбына сәйкес қойылған сұрақтарға жауаптармен оқу ауру тарихы фрагментін жазу
Достарыңызбен бөлісу: |