Электрондық ресурстар: 1. https://www.youtube.com/channel/UCLWHAMhQU25OnnIjbSy3Baw?view_as=subscriber
2. On-line курс «Organic chemistry» https:// oyc.yale.edu/chemistry
3. Лекции по химии KhanAcademy https:// ru.khanacademy.org/
Сабақ дайындауға арналған сұрақтар: Номенклатурасы, құрылымдық изомериясы.
Молекулалардың кеңістіктік құрылымын бейнелеу тәсілдері.
Энантиомерлер. Диастереомерлер.
Алифатты көмірсутектерді алу әдістері.
Алкандар мен циклоалкандардың конформациялары.
Циклоалкандар. Номенклатурсы. Алыну тәсілдері.
Ньюменнің проекционные формуласы.
Циклоалкандардың құрылысының ерекшеліктері.
Конфигурация. Хиральды және ахиральды молекулалар.
Қанықпаған көмірсутектердің реакциялық қабілеттілігі. Қосып алу реакциясы және механизмі.
Сабақ өткізу форматы: Ситуациялық тапсырмаларды, жаттығуларды түсіндіру, орындау және талқылау, шағын топтарда жұмыс.
Сабақты бақылау түрі: Баға суммативті (жазбаша түрде/ тестілеу)
ҚО режимінде:Баға суммативті (жазбаша түрде тестілеу) dis.kaznmu.kz (Moodle) Google Classroom платформаларында жазбаша түрде/ тестілеу).
Тәжірибелік сабақтар үшін тапсырмалар: Құрамы С6Н14 алканның изомерлерінің құрылымдық ормулаларын құрастырыңыз және оларды атаңыз.
Ньюменнің проекиялық формуласы бойынша этанның энергетикалық тиімді конформациясын жазыңыз.
3-метилгептен-3-тің π-диастереоизомерлерін жазыңыз және атаңыз.
Пропеннің алыну реакцияларын жазыңыз:а) спирттен,б) моногалогентуындыларынан, 3)дигалогентуындыларынан. Қос байланыстың бар екеннін қандай реакцияме дәлелдеуге болады. Осы реакцияларды жазыңыз.
Құрамы С5Н10 алкенның изомерлерінің құрылымдық ормулаларын құрастырыңыз және оларды атаңыз. Олардың қайсысы цис- и транс- изомер күйінде кездеседі.
2-метилбутен-2-нің гидраттану реакциясын жазыңыз. Қышқылдық катализдің ролін және механизмін жазыңыз.
Пропиннің сумен, мыс (І) хлоридімен әркеттесу реакциясын жазыңыз. Алкиндердің гидраттануының ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
Акрил (пропен) қышқылы мен пропеннің HCI-мен қосып алу реакциясын жазыңыз. Механизмін жазыңыз. HCI қосып алу Марковников ережесіне қарсы жүруін қандай факторлармен түсіндіруге болады.
Қандай дигалогентуындыларынан бутин-1 және бутадиен-1,3 алуға болады. Реакцияларын жазыңыз. Пропиннің циклотримеризациялауын жазыңыз.
Бутадиена-1,3 гидрогалогендеу реакциясын жазыңыз. Механизмін көрсетіңіз. Реакция нәтижесінде неге екі түрлі қосылыс түзіледі түсіндіріп кетіңіз.
Бутин-2 хлормен әрекеттесу реакциясының схемасын жазыңыз. Аралық және соңғы өнімін атаңыз.
1,1-диметилциклопропан және 1,2-диметил-4-этилциклопентанның құрылымдық формуласын жазыңыз.