Білім беру бағдарламасы Баклавариат Мамандықтың шифры және атауы 6B07201 Фармацевтік өндірістің технологиясы



бет27/39
Дата14.09.2023
өлшемі143,06 Kb.
#181091
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   39
Байланысты:
ТФП.КАЗ.МЕТОД. на 2023-2024

ОСӨЖ арналған тапсырма:

  1. Аланин және аспарагин қышқылы мысалында түзілу реакцияларын жазыңызя: 1)–NH2 және – COOH топтары бойынша тұздардың түзілуі; 2) биполярлы ионның (цвиттер-ион)түзілуі. Осы аминқышқылдарының қышқылдық-негіздік қасиеттері.

  2. Аспарагин қышқылының дезаминдеу реакциясын жазыңыз: 1) гидролиттік дезаминдеу; 2) тотықпай жүретін дезаминдеу; 3) тотыға жүретін дезаминдеу; 4) азотты қышқыл арқылы. Глутамин қышқылымен жазыңыз: 1) амид түзу; 2) -ациль туындыларының түзілуін; 3) азотты қышқылмен дезаминдеу.

  3. Реакцияларды жазыңыз: 1) гистидиннің декарбоксилденуі; 2) треониннің фосфор қышқылымен этерификациясы; 3) треониннің тотығуы; 4) цистеиннің жұмсақ тотығуы және соңынан декарбоксилдену реакциясы жүретін цистеиннің қатаң тотығуы.

  4. Трипептидтерінің түзілу реакциясын жазыңыз: 1) Цис-Вал-Асп; 2) Гли-Про-Лиз. Трипептидтердің қышқылдық-негіздік ортасын анықтаңдар.

  5. Кеңістікте бүйірінен жақындасқанда қандай байланыс түрі түзіледі: 1) лизин мен аспарагин қышқылы; 2) фенилаланин мен валин; 3) тирозин мен аспарагин қышқылы? Келтірілген аминқышқылдары арасындағы түзілген байланыстарды көрсетіңіздер.

  6. Бас миындағы нейропептидтің құрылысын- Leu-энкефалиннің көрсетілген амин қышқылдық жүйелілікпен Tyr-Gly-Gly-Phe-Leu көрсетіңдер.Тұз қышқылының қатысымен осы пептид гидролизге ұшырағанда қандай өнімдер түзіледі?

  7. Трипептидтердің түзілу реакцияларын жазыңыз: 1) Лиз-Про-Мет; 2) Три-Фен-Глу. Толық атын атаңыздар. Түзілген трипептидтің ИЭН-нің ортасы қандай?

  8. Аминқышқылдарының радикалдары кеңістікте бүйірінен жақындасқанда қандай байланыс түрлері түзіледі: 1) изолейцин мен аланин; 2) цистеиннің екі молекуласы; 3) глутамин қышқылы мен серин? Келтірілген аминқышқылдары арасындағы түзілген байланыстарды көрсетіңіздер.

  9. п-Аминофеноласалицил қышқылының м-аминофенолдан алыну реакциясының схемасын жазыңыз.

  10. Коламина мен п-аминофенолдың хлорлысутек қышқылымен әрекеттесу реакциясының схемасын жазыңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет