Білім беру бағдарламасы біліктілігі : 071101 2 Топограф-геодезиялық және маркшейдерлік жұмыстардағы өлшеуші*



бет23/32
Дата05.06.2017
өлшемі7,36 Mb.
#17936
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   32


ПӘН МАЗМҰНЫ

Тақырып мазмұны

Оқу нәтижесі

Бағалау критериі
    1. Кіріспе


«Сала экономикасы» пәнінің мақсаты мен тапсырмалары, оның мамандарды даярлаудағы мағынасы. Қазақстан Республикасы экономикасының заманауи ахуалы.

Оқу пәнінің мақсаты мен тапсырмаларын атайды.

Оқу пәнінің мақсаты мен тапсырмаларын атайды.

Қазақстан Республикасы экономикасының заманауи ахуалы туралы пікірлерімен бөліседі.


    1. Бөлім 1 Тау-кен орындарында кәсіпорындарды ұйымдастыру негізі


Тақырып 1.1 Нарықтық экономика жағдайындағы тау кәсіпорны

Тау кәсіпорны туралы түсінік. Тау кәсіпорны қызметінің мақсаты, Тау кәсіпорнының техникалық-экономикалық ерекшелігі, Тау кәсіпорны жалпы және өндірістік құрылымы. Цех, участок, жұмыс орны. Тау кәсіпорнындағы цехтарды классификациялау.

Өндіріс түрлері: даналық, сериялық, массалық.

Өндірістік үдеріс және оларды рационалды ұйымдастыру принциптері. Өндірістік үдеріс элементтері. Өндірістік үдерістерді уақыттағы (үздіксіз және үздікті) ағым сипаты мен дайын өнім рөлі (негізгі, қосымша, қызмет көрсету) бойынша классификациялайды.


Кәсіпорының түрлерін атайды және сипаттайды.

Кәсіпорының түрлерін атайды және сипаттайды.

Өндірістік үдерістерді уақыттағы ағым сипаты мен дайын өнім рөлі бойынша классификациялайды.



Тақырып 1.2 Әртүрлі меншік үлгісіндегі кәсіпорындар қызметінің ерекшеліктері

Әртүрлі меншіктегі кәсіпорындар қызметінің классификациясы және негізі. Кәсіпорындарды біріктіру. Кәсіпорынның құрылтай құжаттары. Кәсіпорынның ұйымдастыру-құқықтық үлгісі. Акционерлік қоғам. Акционерлік қоғамның құқықтық ережесі. Акционерлік қоғам классификациясы. Қоғамның жарғылық капиталы мен акциялары. Акционерлік қоғамды басқару.

Кәсіпорынның негізгі қызметін түсіндіреді.

Әртүрлі меншік үлгісіндегі кәсіпорындар қызметінің ерекшеліктері түсіндіреді.

Тақырып 1.3 Тау-кенорынында негізгі өндірісті ұйымдастыру

Шахталардың тазалау және даярлау кенжарларындағы өндірісті ұйымдастыру. Тазалау кенжарларындағы өндірісті ұйымдастыру үлгілері. Таудан өту жұмыстарын ұйымдастыруды жобалау.

Тазалау кенжарындағы цикл және оның құрылымы. Тау өндірісін өткізу кезіндегі жұмыстарды ұйымдастыру графигін құру мен есептеу әдісі.



Тау кәсіпорнындағы негізгі өндірісті ұйымдастыруды сипаттайды.

Тау кәсіпорнындағы негізгі өндірісті ұйымдастыруды сипаттайды.

Тау өндірісін өткізу кезіндегі жұмыстарды ұйымдастыру графигін құру мен есептеу әдісін мазмұндайды.



Тәжірибелік жұмыс № 1

Тау өндірісін өткізу кезіндегі жұмыстарды ұйымдастыру графигін құру мен есептеу.

Тау өндірісін өткізу кезіндегі жұмыстарды ұйымдастыру графигін құру мен есептеу әдісін жүргізу.

Тау өндірісін өткізу кезіндегі жұмыстарды ұйымдастыру графигін құру мен есептеу әдісін жүргізу.

Тақырып 1.4 Тау-кенорнында қызметтер мен қосымша цехтарды ұйымдастыру

Жөндеу шарушылығын ұйымдастыру. Құралдар шаруашылығын ұйымдастыру. Қоймалар шарушылығын ұйымдастыру. Шахта ішіндегі транспорт жұмысын ұйымдастыру. Энергетикалық шаруашылықты ұйымдастыру.

Қызметтер мен қосымша цехтарды ұйымдастыруды сипаттайды.

Тау-кенорнында қызметтер мен қосымша цехтарды ұйымдастыруды сипаттайды.

Тәжірибелік жұмыс № 2

Тау кәсіпорнындағы технологиялық үдерістерді жандандыру.

Тау кәсіпорнындағы технологиялық үдерістерді жандандыру жолдарын сараптамалау.

Тау кәсіпорнындағы технологиялық үдерістерді жандандыру жолдарын сараптамалайды.

Бөлім 2 Кәсіпорын ресурстары мен оларды пайдалану нәтижелері

Тақырып 2.1 Тау кәсіпорнының негізгі қаражаты

Экономикалық негіз, негізгі өндірістік қорды (НӨҚ) классификациялау мен құрылымы, тау кәсіпорнының негізгі қаражаты. Активті және пассивті НӨҚ. НӨҚ есебі мен құны. Натуралды және ақшалай үлгідегі есеп. НӨҚ алғашқы, ортажылдық, қалдық, қайта тағайындау, ликвидациялық бағамы. Жыл соңындағы НӨҚ құны.

НӨҚ тозуы және амортизация. Тозу түрлері: моральдық, физикалық. Амортизациялық аударымдар. Амортизация нормалары. Амортизациялық аударымдарды есептеу әдісі. Амортизациялық аударымдарды бөлу. Амортизация қорының құрылуы.

Негізгі қорды пайдаланудың негізгі көрсеткіштері: қор көлемі, қор қайырымдылығы, қор құрамы, жаңару коэффициенті, шығару коэффициенті, интенсивті жүктеу коэффициенті, экстенсивті жүктеу коэффициенті, интегралды жүктеу коэффициенті.

Негізгі қаражатты жүргізу үлгілері: көбейту, реконструкция, капиталдық құрылыс, техникалық қайта қарулану, қарапайым жүргізу.



НӨҚ экономикалық мәнін, классификациясы мен құрылымын ашады.

НӨҚ экономикалық мәнін, классификациясы мен құрылымын ашады, тау кәсіпорнының негізгі қаражатын сипаттайды.

Тозу түрлерін атайды және сипаттайды.

Негізгі қорды пайдалану көрсеткіштерін мазмұндайды және негізгі қаражатты қолдану үлгілерін атайды.


Тәжірибелік жұмыс № 3

Баланстық (алғашқы) құн есебі. Негізгі қаражаттың орташа жылдық құнын есептеу. Негізгі қаражат құрылымын есептеу. Амортизациялық аударымдарды есептеу. Негізгі қаражатты пайдалану тиімділігін есептеу.

Тау кәсіорнының негізгі қаражаты бойынша есепті жүргізеді.

Тау кәсіорнының негізгі қаражаты бойынша есепті жүргізеді.

Тақырып 2.2 Тау кәсіпорнының айналымдағы қаражаты

Айналымдағы қаражаттың экономикалық мазмұны, құрамы мен құрылымы. Айналымдағы қаражат айналымы. Айналымның негізгі кезеңдері. Айналым қаражатын құру көздері. Өндірістік айналым қаражаты, айналым қаражаты.

Айналым қаражатын нормалау. Тиімді пайдалану көрсеткіштері мен айналма қаражатының айналдыруын үдету жолдары. Айналдыру коэффициенті, айналма қаражаттың бір айналу ұзақтығы.



Айналымдағы қаражаттың экономикалық мазмұны, құрамы мен құрылымын ашады.

Айналымдағы қаражаттың экономикалық мазмұны, құрамы мен құрылымын ашады.

Негізгі анықтамаларды құрады.



Тәжірибелік жұмыс № 4

Айналымдағы қаражаттың орташа жылдық қалдығын есептеу. Айналымдағы қаражатты пайдалану тиімділігін есептеу.

Тау кәсіпорнының айналымдағы қаражаты бойынша есепті жүргізеді.

Тау кәсіпорнының айналымдағы қаражаты бойынша есепті жүргізеді.

Бөлім 3 Тау кәсіпорнын басқарудың экономикалық механизмі

Тақырып 3.1 Техникалық нормалау негізі

Техникалық нормалау маңызы, құрылымы мен тапсырмалары. Еңбек нормасының түрлері. Механизм мен орындаушының жұмыс уақытын пайдалануының классификациясы. Жұмыс уақытын пайдалануды зерттеу әдістері: жұмыс уақытын фотоға түсіру, хронометраж.

Техникалық нормалау маңызы, құрылымы мен тапсырмаларын ашады.

Техникалық нормалау маңызы, құрылымы мен тапсырмаларын ашады.

Нормалау түрлерін атайды.

Жұмыс уақытын пайдалануды зерттеу әдістерін сипаттайды.


Тақырып 3.2 Тау кәсіпорнының еңбек ресурстары

Кәсіпорын қызметкерлері, оларды классификациялау. еңбек өнімділігі, жұмысты орындау, еңбек қиындығы, жалақы. Еңбек өнімділігін арттыратын факторлар.

Кәсіпорын қызметкерлерінің санын жоспарлау. Сан нормасы. Тізімдік сан, келу құрамы, орта есептік сан. Кәсіпорында жұмыс жасайтын құрамның ортатізімділігін анықтау.

Жалақы түсінігі. Жалақыны ұйымдастыру принциптері. Тау кәсіпорнындағы жалақыны ұйымдастыру. Тарифтік жүйе және оның элементтері. Тарифтік жүйе тапсырмалары мен принципі.

Еңбек ақысы жүйесі, үлгісі мен түрлері. Еңбекті ұйымдастырудың бригадалық үлгісінде жалақыны бөлу.

Қосымша жалақы туралы түсінік және қосымша түрлері. Цех, кәсіпорын ұжымына еңбек жалақысын есептеу және бөлу әдісі. Инженерлік-техникалық жұмысшыларға, қызметкерлер мен кіші қызмет көрсету қызметкерлеріне еңбекақыны төлеу. «Кәсіпорын туралы» заңға сәйкес еңбек жалақысы саласындағы сыйақы шарттары мен көрсеткіштері. Цех (жер телім) жұмыскерлерінің жалақысының жылдық қорын есептеу әдістемесі.


Тау кәсіпорнының еңбек ресурстарын сипаттайды.

Келесі түсінктерді ашады: еңбек өнімділігі, жұмысты орындау, еңбек қиындығы, жалақы.

Еңбек өнімділігін арттыратын факторлар.



Тәжірибелік жұмыс № 5

Еңбек ақысы жүйесі мен үлгісіне байланысты еңбек ақысының қорын есептеу.

Еңбек ақысының қорын есептейді.

Еңбек ақысының қорын есептейді.

Тақырып 3.3 Өзіндік құн, калькуляция туралы түсінік

Алымдар, олардың негізгі түрлері. Өзіндік құн, оның құрылымы, түрлері, өзіндік құнды төмендетудің негізгі жолдары. Шығын сметасы. Өзіндік құнды калькуляциялау.

Кәсіпорынға шығынды классификациялайды және өзіндік құнды есептейді.

Алымдар түрлерін атайды және сипаттайды.

Өзіндік құнды жоспарлау мен өндіроіске шығынды классифициялайды.



Тәжірибелік жұмыс № 6

Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауды құрау.

Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауды құрады.

Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауды құрады.

Тәжірибелік жұмыс № 7

Шығын сметасын құру.

Шығын сметасын құрады.

Шығын сметасын құрады.

Тақырып 3.4 Бағалау саясаты

Бағалау үдерісінің тізбегі. Бағаны тағайындаудың түсінігі. Нарық шартына сай бағаны белгілеу және келісімді қатынас. Бағаны белгілеу принципі. Баға түрлері мен функциясы. Есептеу тарифі мен бағамы. Баға белгілеудің нарықтық механизмі. Инфляция.

Қазақстан Республикасындағы салық және салық жүйесінің мәні. Салық салудың экономикалық принциптері, салық салу функциясы, түрлері, Қазақстан Республикасындағы салықты реттеу ерекщеліктері. Бюджетке кәсіпорындардың аударымдарының негізгі түрлері.



Бағаны белгілеудің тізбегінің процесін мазмұндайды.

Бағаны белгілеудің тізбегінің процесін мазмұндайды. Қазақстан Республикасындағы салық және салық жүйесінің мәнін мазмұндайды.

Тақырып 3.5 Пайда, шығын мен рентабельді тау-кен кәсіпорыны

Пайда. Пайда көлеміне әсер ететін факторлар. Пайданың негізгі түрлері. Өндімді реализациялаудан түскен пайда. Өндірістік кәсіпорындарға пайданы реттеу тәртібі.таза пайданы есептеу.

Рентабельділік, оның негізгі түрлері. Рентабельді есептеу түрлері. Жоғарғы рентабельділік жолдары.



Пайдаға әсер ететін факторларды мазмұндайды.

Пайдаға әсер ететін факторларды мазмұндайды. Рентабельділікті жоғарылату жолдарын атайды.

Тәжірибелік жұмыс № 8

Тау-кен кәсіпорнының рентабельділік пен пайданың негізгі түрлерін есептеу.

Рентабельділік пен пайданың негізгі түрлерін есептеуді жасайды.

Тау-кен кәсіпорнының рентабельділік пен пайданың негізгі түрлерін есептеуді жүзеге асырады.

Бөлім 4 Тау-кен кәсіпорнын жоспарлау негізі

Тақырып 4.1 Кәсіпорынның бизнес-жоспары

Экономика жағдайында кәсіпорындарды жоспарлау ерекшелігі. Тау-кен кәсіпорынында жоспарлау мақсаты. Кәсіпорынның бизнес-жоспары. Бизнес-жоспар кезеңдері. Бизнес-жоспардың негізгі бөлімдері. Бизнес-жоспарды құрастыру әдістемесі.

Бизнес-жоспар кезеңдерін сипаттайды.

Бизнес-жоспар кезеңдерін атайды және сипаттайды.

Тәжірибелік жұмыс № 9

Бизнес-жоспарды құру.

Бизнес-жоспарды құру.

Бизнес-жоспарды құру.

Бөлім 5 Нарықтық экономика жағдайында шаруашылық қызмет есебі, есептілігі мен сараптама

Тақырып 5.1 Нарықтық экономика жағдайында есеп, есептілік

«Кәсіпкерлік» заңына сай есеп пен есептілік. Нарықтық экономика жағдайындағы есеп мәні, мағынасы мен тапсырмалары.

Есеп мәнін ашады.

Есеп мәні, мағынасы мен тапсырмаларын ашады. Есеп түрлерін атайды және сипаттайды.

Тақырып 5.2 Нарықтық экономика жағдайындағы өндірістік-шаруашылық қызметтерін саралау

Мәні, тапсырмалар мен сараптама мақсаты. Сараптамаға арналған бастапқы мәліметтер, олардың байланысы. Сараптаманың негізгі әдістері мен тәсілдері.

Өндірістік-шараушылық қызметі сараптамасының мәнін ашады.

Өндірістік-шараушылық қызметі сараптамасының мәнін ашады.

Тәжірибелік жұмыс № 10

Кәсіпорын қызметінің өндірістік-шаруашылық негізгі нәтижелерін сараптамалау.

Кәсіпорын қызметінің өндірістік-шаруашылық негізгі нәтижелерін сараптамалауды жасайды.

Кәсіпорын қызметінің өндірістік-шаруашылық негізгі нәтижелерін сараптамалауды жасайды.

Курстық жұмыстар

НҰСҚАУЛЫҚ

«Сала экономикасы» пәні бойынша оқу бағдарламасын жүзеге асыру үшін оқуды ұйымдастырудың келесі үлгілері ұсынылады : дәріс, семинарлар, экскурсиялар, тәжірибелік сабақтар.

Оқыту материалдары мазмұнының ерекшелігі мен күрделілігін есепке ала отырып оқытудың келесі әдістерінұсынамыз: жеке және фронталды әңгімелесу, нақты жағдайларды сараптамалау, имитациялық жаттығулар, семинар-пікір таластар.

Танымдық қызметін ұйымдастыру үлгісі ұсыныс сипатында беріледі. Бөлімдерді оқуға берілетін сағаттар саны мазмұнның минимумын сақтаған кезде ғана өзгертіледі.

Ағымдағы мемлекеттің потенциалды минералды-ресурстық оқуын қарастыратын оқыту бағдарламасы, оның экономикадағы рөлі мен маңызы; тау-кен кәсіпорнының өндірістік ресурстары мен оларды пайдаланудың тиімділік нәтижесі, тау-кен өніміне бағаны қою саясаты; заманауи жағдайда еңбек жалақысы жүйесі мен негізгі формалардың әлеуметтік-экономикалық мәні; тау-кен кәсіпорнының негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштерін есептеу мен сараптамалау; тау-кен кәсіпорнын жоспарлау негізі.

Оқу пәні бойынша оқу бағдарламасы білім алушының білім, білу керек және дағдыға бағытталған:

– Тау-кен ісі

– Маркшейдер ісі

– Маркшейдер ісін ұйымдастыру

Оқыту пәнін оқу барысында міндетті түрде жалпы кәсіптік пәндер мен арнайы циклдер пәндерімен интеграциялау.

«Сала экономикасы» пәнді оқу нәтижесінде студенттер:

білуі қажет:

– мемлекеттің экономикалық кешенінің құрамы мен құрылымы;

– өндірістік ұйымдар қызметінің тапсырмалары мен уәжі, олардың классификациясы мен құрылымы;

кәсіпкерліктің тапсырмасы, үлгісі, саласы;

– қаржы ұйымдары, қаржы ресурстары, пайда құрамы мен жалпы табыс;

– еңбек жалақысын ұйымдастыру, ұйымның өндірістік қызметкерлерінің құрамы мен құрылымы;

– ұйымды басқару механизмі;

– ұйымның шаруашылық қызметін жоспарлау;

– өндіріс аралық экономикалық байланыс;

– инновацияны ұйымдастыру мен жоспарлау;

– өнімнің бәсекелестік және сапасын басқару;

– ұйымның инвестициялық қызметі;

– ұйым қызметінің тиімділік бағасы: көрсеткіштер, есептеу әдісі, қолдану саласы;

істей алуы қажет:

– тау-кен кәсіпорындарында болып жатқан экономикалық үдерістер мен жағдайларды сараптамалау;

– тау-кен өндірісінде қызметтегі максималды нәтижелерге жету мақсатында өндірістік және әкімшілік шешімдерді қабылдау;

– ұйым қызметін жоспарлауды жүзеге асыру;

– инновациялық және өндірістік қызметтің жаңа үлгілерін білу.

Оқыту пәнін оқу үдерісінде міндетті түрде келесі жағдайларды жасау қажет:

– тиянақтылық, тәртіптілік пен өз бетімен жұмысқа тәрбиелеу;

– назар қоюды дамыту, сауатты жазу мен жазба тәртібін дамыту, жылдам ойлау, байланыс қабілеттерін дамыту.

Пәнді оқу барысында алған білімі, курстық жұмысты орындау барысында бекітілуі және тереңдетілуі қажет.

Курстық жұмыс мақсаты – теориялық білімді бекіту мен тереңдету, тау-кен кәсіпорнының белгіленген өндірістік-шараушылық қызметін анықтау көрсеткіштерін есептеу жоспарларын орындау.

Сонымен қатар курстық жұмыстың тапсырмасы болып, білім алушыларды дипломдық жобасын жазуға дайындау.

Курстық жұмыстар ағымдағы талаптарға сай рәсімделеді, яғни стандартты А4 форматындағы парақта. Курстық жұмыстар көлемі 15-20 бетті құрайды. Курстық жұмысты жазу кезінде ағымдағы стандарттармен қолдану міндет. Курстық жұмыстардаесептерді сипаттайтын кестелер, графиктер болуы тиіс.

Курстық жұмыстар келесі бөлімдерді қамтиды:

Кіріспе бөлім.

Есептеу бөлім.

Өндірістік жұмыскерлер санын есептеу, шығындарды есептеу, маркшейдер жұмысын ұйымдастыру сметасын рәсімдеу.



Қорытындылар мен тұжырым.

МАРКШЕЙДЕР ІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Пән мақсаты –маркшейдер қызметі тапсырмаларын зерттеу; жұмыскерлердің құқықтары мен жауапкершіліктері; жер бетінде маркшейдер тірек желісін құру кезінде, тау-кен кәсіпорнын салу кезіндегі, жер асыт әдісі кен орынын құру кезіндегі, ашық әдіс ретінде кен орындарын құру кезінде тау-кен өндірісі жұмыстарын ұйымдастыру; әртүрлі маркшейдер жұмыстарын орындау кезіндегі қауіпсіздік талаптары, жоспарлау.
ПӘНГЕ ҚЫСҚАША СИПАТТАМА

Бөлім, тақырып

Оқу сағаттарының саны

Барлығы

Тәжірибелік сабақтарға




1

2

3

Кіріспе

1




Бөлім 1 Маркшейдер ісін ұйымдастыру

37

16

1.1 Тау-кен орындары өндіріндегі маркшейдер қызметін ұйымдастыру

5




1.2 Жер бетінде маркшейдер тірек желісін құру кезінде жұмыстарды ұйымдастыру

6

2

1.3 Тау-кен кәсіпорынын салу кезіндегі маркшейдер ісін ұйымдастыру

8

4

1.4 Жерасты тәсілі арқылы құру кезіндегі маркшейдер ісін ұйымдастыру

10

6

1.5 Ашық тәсілі арқылы кен орынын құру кезіндегі маркшейдер ісін ұйымдастыру

7

4

Бақылау жұмысы

1




Бөлім 2 Маркшейдер жұмысын жоспарлау.

Маркшейдер есебі

32

14

2.1 Маркшейдер жұмысын техникалық нөмірлеу

8

2

2.2 Маркшейдер жұмысын жоспарлау

12

6

2.3 Тау-кен өнеркісібінің маркшейдер жұмысы

12

6

Барлығы

70

30


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет