Тақырыбы:Психикалық дамуы тежелген балаларды жіктеу Дәріс мазмұны: Психикалық дамуы тежелген балаларға сипаттама
Саламан Декларациясына сәйкес инклюзивті білім беру саясатының міндеттері.
Инклюзивті білім берудің негізгі принциптері
Балалардың психикалық дамуының тежелу мәселесі дүниежүзілік психологтар мен педагогтардың бірден-бір көкейтесті мәселенің бірі брлып табылады. Олар ақылдылар қатарына жатпайтын, сонымен бірге білім қорының көлеміне қарай олар қорытуға жеткілікті икемділіктері барын кең «дамудың жақын аймағын» көре білді, белгілі категориялы балаларды іріктеп алады. Бұл балалар ерекше топқа кіреді – психикалық дамуының тежелуі бар балалар. Берілген бұзылулар олигофрения мен интеллектінің қалыпты дамудың арасындағы аралық орын алады.
Психикалық дамуы тежелген балалардың тек қана психикасы бұзылған деп қарамау керек, сонымен қатар олардың дене мүшелері мен тілдерінде де дамымаушылық кездеседі. Әдетте психикалық дамуы тежелген балалардың тілінде кемістік болады. Бірақ бұл жағдай да түрлі сөйлеу патологоиясымен байланысты. Яғни, ол ақыл-есі дұрыс балаларда да көрініс беретін кез-келген сөйлеу мәнерінің бұзылуы болып табылады. Алайда психикалық дамуы тежелген оқушылар тобында да сөйлеу мәнерінің фонетикалық-фонематикалық тұрғыда дамымай қалу жағдайы кездесіп жатады.
Бұл зияттың зақымдалуының жеңіл түрін басқа ауытқушылықтардан ажырату үшін Сухарева ПДТ деген термин енгізді. Бұл термин осы күнге дейін қолданыста. Бұл баланың зиатының зақымдалуы олигофрения мен зияты зақымдалған балалардың арасынан орын алады. Яғни олардың зияты ақыл ойы зақымдалған балалардан жоғары, қалыпты балалардан төмен. Психикалық дамудың тежелу себептері төмендегідей болуы мүмкін:
1. Нәрестенің анасының құрсағында даму кезеңінің бастапқы немесе соңғы айларында әртүрлі зиянды себептердің оның миына әсер етуі.
2. Нәрестенің босану кезінде бас сүйегі мен миының жеңіл зақымдануы.
3. Бала туғаннан кейін әсірісе алғашқы айлары мен жылдарында әртүрлі соматикалық немесе жұқпалы аурулармен ауыруы.
4. Отбасында дұрыс тәрбие мен күтімге көңіл бөлмеу
5. Психогендік жағдайлардың түрлі әсерінің болуы, яғни бала ата-анасынан айырылғанда толық эмоционалды қар-қат/ң болмауы.
6. Жаңа туған нәрестені, жас баланы жетімдер үйлерінде дұрыс тәрбие бермеу.Яғни мейіріммен жақсы көріп еркелету, сүйіспеншілік сезімінің жетіспеуі сияқты басқа да зиянды себептер бала психикасының қалыптасуын тежейді. Әсірісі эмоционалды жігер әрекеттерін төмендетеді, содан барып инфантилизм қалыптасады.
ПД тежелуіне байланысты жан жақты клиникалық, психологиялық және педагогикалық бағыттарда зерттеулер жүргізіліп, топтастырулар жасалған. Осы бағытта Сухарева, Власова, Певзнер, Лубовский, Лебединская түрлі топтастырулар жасады. ПДТ бала/ң жеке басын қалыптастыруда эмоционалды даму дәрежесінде, сонымен қатар нейро динамикалық бұзылуларға байланысты Певзнер мен Власова ПДТ-ның 2 түрін анықтады:
1. Психикалық және психофизикалық инфантилизм негізіндегі ПДТ жүкті кезіндегі баланың орталық жүйке жүйесіне зиянды әсерлердің болуы.
2. Бала өмірінің ерте кезеңінде түрліше патогенді факторлардың нәтижесінде пайда болғанбаланы астеникалық және стелебрастикалық әкелген түрі.
ПДТ Лебединская клиникалық зерттеулердің нәтижесінде ПДТ баланы төмендегідей жіктеді:
1. Конституционалды немесе гормониялық инфантилизм түрінде қалыптасатын ПДТ. Бұл бала/ң эмоциялары мен жігерлік қасиеттері тежеліп, көп кіші балаларға тән әрекеттер жасайды. Керісінше өз жастарына тән әрекеттер оқу, ойлану негізінде сапалы іс бітіру, жауапкерлік ынталары болмайды.
2. Самотогендік ПДТ – бұл топтағы бала/ң іштен туа немесе жүре пайда болған жүрек, бүйрек аурулары мен жиі ауыруы, созалмалы аурудың асқынуы жүйке ауруларының әсері нақты самотогенді зақымданулар. Жиі кездесетін клиникалық белгілері:әлсіздік, дәрменсіздік, қорқақтық, өз-өзіне көңілі толмаушылық, жантақтаушылық, кей жағдайларда бұл себептер отбасындатәрбиенің дұрыс болмауынан, баланы шамадан тыс еркелетіп, олардың дұрыс ойлануына тиісті жағдай жасамауынан болады.
3. Психогендік ПДТ – бұл топтағы ьала/ң жас кезінде отбасында әртүрлі созылмалы жүйке ауруларының салдарынан психикалық күйзеліске ұшырауы. Бұл балалар/ң эмоцилналдық ерік-жігері төмен, ынжық, өзіне сенімсіз, әр нәрсеге күдікпен қарайды. Жалтақтап, сезіктеніп тұрады. Баланы өте қатты еркелетіп тәрбиелеу.
Саламан Декларациясына сәйкес инклюзивті білім беру саясатының міндеттері мынадай:
Әрбір бала білім алуға құқылы және оны алуға тиіс.
Әрбір баланың дара қабілеттері, қызығушылықтары, қажеттіліктері және оқуға деген мұқтаждықтары болады.
Білім беру жүйесіне оң өзғерістер, яғни осы мұқтаждықтарды қанағаттандыру мақсатына орай өзгерту.
Ашық азаматтық қоғамда Қазақстанның тұрақты дамуының басты шарты- тұрғындардың сауаттылық дәрежесін көтеруге бағытталған жалпы білім беру жүйесін дамыту мен барлық балаларға бірдей құқық беру болып табылады. Бүгінгі таңдағы білім беруді дамытудың негізгі сипаттамаларының бірі, жаңа бағыттағы арнайы білім беруді талап ететін балаларға тең дәрежеде білім беру мәселесі болып табылады. «Жалпыға бірдей білім» бағдарламасына сәйкес 1994 жылы Саламанка қаласында (Испания) арнайы қажеттілігі бар балаларға білім беруді дамытуға арналған бүкіләлемдік конференция болып өтті. Конференция соңында Саламан декларациясы жасалды. Мұнда арнайы оқытуды талап ететін баларға білім беруді дамытудың болашақтағы жоспарлары мен шешімдері қарастырылғанын жоғарыда атап өттік Осы декларацияны дамыту мақсатында ЮНЕСКО Қазақстан Республикасы Білім Министрлігімен біріге отырып Қазақстанда «Арнайы қажеттілігі бар балаларға базалық білім беруді дамыту» атты Пилоттық жоба жасалынды. Бұл жобаның мақсаты осындай балаларды жалпы білім беру үрдісінде қоса оқыту яғни инклюзивті оқыту жолдарын іздестіру болып табылды. Бұл жобаның орындалуын қадағалау, дамуында ақаулығы бар балалар мен жасөспірімдерге арналған әлеуметтік бейімделу және кәсіби еңбекте сауықтыру ғылыми-практикалық орталығына тапсырылды. Яғни ӘБЕО (бүгінгі таңда ол коррекциялық педагогиканың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы деп аталады.) ЮНЕСКО мен Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің мұндай шешім шығаруына түрткі болған ӘБЕО РҒПОорталығы Қазақстандағы бұл мәселені шешуде ғылыми деңгейде ұйымдастыруда мүмкіндігі бар жалғыз ғана ұйым болып табылады.