Тақырыбы:Жалпы білім берудегі ақыл-ой кемістігі бар балалар. Мақсаты:инклюзивті білім берудің қағидаларымен және философиялық, әдіснамалық негіздері туралы, ерекше қажеттіліктері бар балалардың психологиялық-педагогикалық қолдауға байланысты заманауи моделдері туралы түсініктері мен инклюзивті тәжірибе аймағында ұйымдастыру мен басқару құзыреттіліктерін қалыптастыру.
Дәріс жоспары: 1.Олигофрения және оның деңгейлері.
2.Ақыл-ойы баяу дамыған балалар.
3.Көмекші мекемелер және оның негізгі міндеттері.
1.Ақыл-ой сана және психикалық түрдегі дамымаушылық – олигофрения.
Аурудың пайда болуына әр түрлі себептер: тұқым қуалайтын аурулар салдарынан организмдегі генетикалық ауытқулар. Орталық жүйке жүйесі қызметінің зақымдануының нәтижесінде балада ақыл–ой, сананың баяулығы байқалады, бұл ең алдымен бас миының дамымауы болып саналады.
Олигофренияның болу себептері әртүрлі факторлардың әсер етуінен болады:
Бұлар экзогендік (сырттай) және эндогендік ( ішкі ) сипатқа байланысты келеді.
Экзогендік фактор – анасынын жүкті болу негізіңде түрлі инфекциялық аурулармен ауруы ( вирустік аурулар ), анасының организіміне түрлі кеселдің тусуі, түрлі травмалар мен соққылар.
Эндогендік фактор – туа пайда болатың олигофренді алып келеді .
Бұған патологиялық тұқым қуалаушылық (ата-анасының түрлі венерологиялық аурулары, сондай –ақ екеуінің біреуінің ақыл-ой кемістігі, хромосом тобының бұзылуы, резус-фактор бойынша кан құрамының сәйкес келмеуі.
2.Ақыл-ой кемістігі болуының 3 сатысы бар:
Идиотия;
Имбециль;
Дебил.
Идиотия (мәңгүрт, нақұрыс) – олигофренияның ең ауыр дәрежесі. Мұндай балаларда бұзылыстар өте ауыр, қиын болып келеді. Олардың өзіне-өзі кызмет көрсетуі қиын және жай, ал кейбіреулерінде бұл дағдырлар тіпті қалыптаспайды. Интеллектуалды коэффициенті (IQ) 20-дан төмен.
Имбецил (милау, өз бетінше өмір сүре алмайды) - идиотиямен салыстырылғанда жеңілірек келеді. Бұлар белгілі бір дәрежеге дейін сөйлеуді игерген күрделі, емес еңбек дағдыларын менгерген, Имбецилдердің сөздік қоры небары 200-300 қарапайым сөздерден құралған. Имбецил балалар көмекші мектептерде оқуда үлгіре алмайды.
Дебил (миақы, мешеулік, әлсіз, қауқарсыздық) – ақыл ой кемістігінің жеңіл сатысы. Бірақта интеллектісі төмен, эмоционалдық ерік сапасы әлсіз, жалпы мектептегі білім беру бағдарламасын меңгере алмайды.
Оларға білімді меңгеру қиындық келтіреді және күрделі жазу мен оқуды игермейді, дыбыс пен әріп арасындағы байланысты түсінбейді, түсінген жағдайда да қиындықпен игереді.Қарапайым математикалық операцияларды үлкен қиындықпен менгереді. Орта мектепте мұндай балалар оқыған жағдайда тарих, география, сызу,химия,физикат.б. пәндерден үлгіре алмайды.
3. Арнайы білім беру мекемелер түрлері
1) психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестер (60000 балаға бір кеңес)
2) оңалту орталығы (облыстық, республикалық маңызы бар қалаларда);
3) психология – педагогикалық түзету кабинеттері (район орталықтарында);
4) мектептердегі логопедиялық пункттер (мектепте 20 бастауыш сынып болған жағдайда)
Мүмкіндігі шектеулі ата-ана қарауынсыз қалған немесе жетім балаларға арналған арнайы білім беру мекемелері.
- мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған балалар үйі (әртүрлі категориядағы балаларға);
- мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған балалар үйі және жалпы үлгідегі балалар үйі функцияларын атқаратын аралас балалар үйі.
Арнайы оқыту-тәрбиелеу мекемелерін ұйымдастырудың негізгі жалпы қағидалары:
мекемелерді негізгі кемістік (ауытқу) қағидасы бойынша толықтыру;