Білім беру бағдарламасы «Білім» топтарына арналған Құрастырған: А. Х. Қазетова п.ғ. к., аға оқытушы


Тьюторлық сүйемелдеуді ұйымдастыру кезеңдері



бет11/68
Дата23.09.2024
өлшемі0,76 Mb.
#204906
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   68
Байланысты:
Казетова А.Х. Инклюзивті білім беру

Тьюторлық сүйемелдеуді ұйымдастыру кезеңдері
Жеке сүйемелдеудің жалпы кезеңдері бар:
* бала туралы ақпарат жинау;
* алынған ақпаратты талдау және өзіндік бақылауларыңыз;
* басқа мамандармен бірлесіп, баламен жұмыс істеудің жеке білім беру жоспарын құру және ұсыныстар жасау;
* қойылған міндеттерді шешу;
* баланың даму жағдайын талдау, стратегияны түзету.
Ал баланың дамуындағы проблемалар немесе ерекшеліктер анықталған жағдайда одан әрі жұмыс жүргізіледі оның кезеңдері:
1. Бастапқы кезең
2. Танысу және байланыс орнату.
3. Бейімделу кезеңі.
4. Негізгі кезең.
5. Қорытынды кезең

6-дәріс.


Тақырыбы: Есту қабілеті нашар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау.
Мақсаты:инклюзивті білім берудің қағидаларымен және философиялық, әдіснамалық негіздері туралы, ерекше қажеттіліктері бар балалардың психологиялық-педагогикалық қолдауға байланысты заманауи моделдері туралы түсініктері мен инклюзивті тәжірибе аймағында ұйымдастыру мен басқару құзыреттіліктерін қалыптастыру.
Дәріс жоспары:
1.Есту қабілеті нашар балалардың сөзді қабылдау.
2.Есту қабілеті нашар балаларды педагогикалық-психологиялық қолдау.
3. Олармен жұмыс жүргізу жұмыстар

1.Мүмкіндігі шектеулі жас ұрпақты тәрбиелеуде, оның бойындағы туа біткен табиғи мүмкіндіктерін дамыту, бағалау, сенім, үлгі көрсету, талап ету арқылы жауапкершілігін жетілдіруге, ынтымақтастық педагогикасын пайдалану арқылы жеке тұлғаны қалыптастыруға болады.


Атақты француз жазушысы және философ-гуманисі Мишель де Монтень 16 ғасырда былай деп жазды: «Кереңдік-соқырлыққа қарағанда ауыр мүгедектік. Ол адамды басты қасиеті - тез және еркін қарым-қатынастан айырады». Медициналық сараптаманың нәтижесі бойынша, мемлекеттің даму деңгейіне қарамастан, бала жасындағылардың есту қабілетінің бұзылуы мен жоғалуы жиі құбылыс болып табылады (шамамен, 1000 адамның ішінен 16-17 жағдай), сондықтан осы балалардың бейімделуін жетілдіру қоғамда үнемі өзекті мәселе болып табылады.
Есту органы адам организмінде өте үлкен рөл атқарады.Негізінде адамның есту органы үш бөлімнен тұрады: сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақ. Іштен туа біткен сыртқы құлақтың зақымдануы сирек кездеседі. Сыртқы құлақтың толық бітеліп қалуын «атрезия» дейді. Атрезия сыртқы дыбыс тесігінің қабынуынан болады. Сыртқы құлақтың зақымдануына сыртқы дыбыс тесігінде жиналып қалған құлық та жатады. Егер адамның құлағына құлық жиналып қалса, ол маман дәрігерге баруы тиіс. Ортаңғы құлаққа ауру қоздырғыштар енсе, ол ауыр зардаптарға әкеліп соқтырады. Бұл жағдайда ортаңғы құлақ қабынады. Ол әр түрлі себептерден болады,мысалы, ангина, грипп аурулары. Ішкі құлақтың зақымдалуы мына себептерге байланысты: қабыну процесінің ортаңғы құлақтан ішкі құлаққа енуі, инфекциялық аурулардың асқынуы, ми қабынуының құлаққа таралуы. Есту органының күшті бұзылуы бұл – өздігінен немесе емделудің нәтижесінде есту органының жақсармауы. Есту органының күшті бұзылуы іштен туа біткен және жүре пайда болуы мүмкін. Іштен туа біткен есту органының күшті бұзылуы сирек кездеседі. Оның себептері: тұқым қуалаушылық, әйел баласының түрлі дәрі-дәрмектерді қолдануы, оның инфекциялық аурулармен ауруы.
Есту функциясының бұзылу дәрежесіне қарай есту жетіспеушілігі 2-ге бөлінеді:

  • Әлсіз есту;

  • Кереңдік.

Жүре пайда болған себептер:
ортаңғы құлақтың күшті қабынуы, мұрын және жұтқыншақ аурулары, ауыр инфекциялық аурулар (менингит, скарлатина, қызылша) туылу кезіндегі баланың алған жарақаттары.
Есту функциясының бұзылу дәрежесіне қарай есту жетіспеушілігі екіге бөлінеді: кереңдер және құлағының мүкісі бар адамдар.Құлағының мүкісі бар адамдар – сөз-сөйлемді қабылдаған кезде түрлі қиыншылықтардың кездесуі. Сөз-сөйлемді қабылдағанда түрлі тәсілдер қолданылады (дауысты қатты шығару, дыбыс күшейткіш приборларды қолдану, нашар еститін адамның құлағына жақындап сөйлеу). Есту жетіспеушілігінің түрлеріне байланысты балаларды екі топқа бөледі: кереңдер және нашар еститіндер. Кереңдердің өзі екі түрге бөлінеді: біріншісі сөз сөйлеу қабілетінен айырылған кереңдер (керең-мылқаулар); екіншісі сөз сөйлеу қабілеті бар кереңдер (есту қабілетінен кеш айырылғандар).Баланың дамуы бұзылған кезде оның қоғамда әлеуметтену процесі және әрі қарай бейімделуі қиындайды.Қамқорлаумен қатар емдеу туралы ол қоршаған ортада «Өз орнын таба ала ма, қанағаттанып толықтай өмір сүре ала ма?» деген сұрақ туады.Ол үшін не істеу қажет? Бұл үшін мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік оңалту және бәрінен бұрын оларды белсенді әрекет пен қоршаған ортаны тану үшін мүмкіндік беретін шынайы әрекеттерге тарту қажет. ХХ ғасырдың аса көрнекті ғалымы Л.С. Выготский естімейтін балалар адам тәртібінің барлық жиынтығына, яғни белсенді өмірге қабілетті дегенді алға тартады. Сонымен қатар, адамның өзін-өзі тануы үшін, алдымен өзіндік «Мен» кейіпін қалыптастыру қажет.

7-дәріс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет