Білім беру бағдарламасы «Білім» топтарына арналған Құрастырған: А. Х. Қазетова п.ғ. к., аға оқытушы


Тақырыбы:Жалпы білім беру ұйымдарындағы инклюзивті үрдістің құқықтық негіздері (Халықаралық және отандық нормативті-құқықтық актілер). Мақсаты



бет8/68
Дата23.09.2024
өлшемі0,76 Mb.
#204906
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   68
Байланысты:
Казетова А.Х. Инклюзивті білім беру

Тақырыбы:Жалпы білім беру ұйымдарындағы инклюзивті үрдістің құқықтық негіздері (Халықаралық және отандық нормативті-құқықтық актілер).
Мақсаты:инклюзивті білім берудің қағидаларымен және философиялық, әдіснамалық негіздері туралы, ерекше қажеттіліктері бар балалардың психологиялық-педагогикалық қолдауға байланысты заманауи моделдері туралы түсініктері мен инклюзивті тәжірибе аймағында ұйымдастыру мен басқару құзыреттіліктерін қалыптастыру.
Дәріс жоспары:
1.ЮНЕСКО, ЮНИСЕФ,БҰҰ актілері.ҚР заңдары.
2.ҚР 2011-2020жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы.
3.Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты(2012).

1.Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесіндегі инклюзивті білім берудің құқықтық негіздерін жүйелеуді, сөзсіз, осы мәселені жер бетіндегі барлық адамзаттың парызы ретінде белгілеп, халықаралық деңгейде мойындатып, мүгедектердің тең құқығы мен адам баласының гуманистік идеяны ту етудегі міндеттемесі ретінде белгілеп берген нормативтік-құқықтық актілермен танысудан бастайтынымыз белгілі. Олардың ішінде адам құқықтары мен кез келген себеппен кемсітушілікке жол бермейтін мәселелерге қатысты Біріккен Ұлттар Ұйымы мен ЮНЕСКО-ның басшылығымен қол қойылған Декларациялар мен Конвенциялардың орны ерекше. Атап айтатын болсақ:



  • БҰҰ 1948 жылы қабылдаған «Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы»;

  • БҰҰ 1959 жылы қабылдаған «Бала құқықтарыныңдекларациясы»;

  • БҰҰ 1960 жылы қабылдаған «Білім беру саласында кемсітушілікпен күрес туралы»Конвенциясы;

  • БҰҰ 1971 жылы қабылдаған «Ақыл-ойы кешеуілдеген тұлғалардың құқықтары туралы»Декларациясы;

  • БҰҰ 1989 жылы қабылдаған «Бала құқықтары туралы» Конвенциясы, бұл құжатты Қазақстан Республикасының Үкіметі 1994 жылы ратифицикациялағанболатын;

  • ЮНЕСКО 1990 жылы Әлемдік конференцияда қабылдаған «Жалпыға білім беру туралы» Дүниежүзілік Декларациясы, Джомтьен,Тайланд;

  • ЮНЕСКО 2014 жылы киберкеңістікте мүгедектерге ғаламтордағы ақпараттың қолжетімді болуы мәселелері туралы ұйымдастырған конференциясында қабылданған «Инклюзивті АКТ мүгедектер үшін: практикадғы құқық пен мүмкіндіктердің кеңеюі туралы Делидекларациясы»;

  • БҰҰ Бас Ассамблеясы 1993 жылы қабылдаған «Мүгедектерге тең құқықтарды қамтамасыз ету бойынша стандартты ережелер»резолюциясы;

  • Испания, Саламанка1994 жылы қабылданған «Ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларға білім беру саласындағы ұстанымдар, жүргізілетін саясат пен практикалық қызмет және ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларға білім беру бойынша көрсетілетін қызметтер аялары туралы Декларациясы». Қазақстан Республикасында инклюзивтік білім берудің нормативтік базасын жасауда әдістемелік негіздері ретінде қолданылуғаұсынылған.

  • Дакар іс-әрекет аялары: Білім бәрі үшін: біздің ұжымдық міндеттемелеріміздің орындалуы. 2000 жылы Бүкіләлемдік білім бойынша форумдақабылданған;

  • БҰҰ Бас Ассамблеясы 2006 жылы қабылдаған «Мүгедектердің құқықтары туралы» Конвенциясы. Конвенцияға және Факультативтік келісімге Қазақстан Республикасы Үкіметі 2008 жылы қол қойған.

Білім беру саласындағы АКТ-ның қол жетімділігі жөнінде зерттеулер олардың әрбір балаланың индивидуалды қажеттіліктеріне сәйкес бағдарламаларды құрастыруға көмектесетіні және оқу үдерісін жеңілдететінін айқындады.
ЮНЕСКО-ның әдістемелік материалдарында көрсетілген инклюзивті білім беру туралы ұғымға мынадай анықтама берген: «Инклюзивті білім беру дегеніміз – барлық балалар дене, психикалық, зерде, мәдени - этникалық және басқа да ерекшеліктеріне қарамастан, жалпы білім беру жүйесіне қосылып, тұрғылықты көздейтін білім беру үдерісін ұйымдастыру. Бұл жағдайда мектептер білім алудағы ерекше қажеттіліктерді ескеріп, өз оқушыларына қажетті арнайы қолдауды жүзеге асырады».
Ал, Саламанка Декларациясыныңқұжаттарында:«Бұл жалпы білім беру мекемесі жағдайында білім беру қызметінің жүйесі, тұрғылықты мекен-жайы бойынша балалардың білім алуға және оқуға толық құқығы бар ұстанымы негіздемесінде жүзеге асады», – делінген.(Саламанка, Испания 1994 жыл)
ЮНЕСКО қабылдаған терминологияға сәйкес, АКТ-ға тек компьютерлер ғана емес, сонымен қатар, қызметтік және сервистік білім беру бағдарламалары, сканерлер, құлаққаптар, бейнекамералар, тірек сигналдары және мүмкіндігі шектеулі балалардың өз қатарластарымен тең дәрежеде білім алуына мүмкіндік беретін басқа да құралдар жатады].
ЮНЕСКО-ның қолдауымен әзірленген «DATEC» жобасында АКТ-ның оқу үдерісінің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігінің 9 өлшемі келтірілген.

  1. өлшем — оқу үдерісінде пайдаланылатын барлық АКТ үйретуші болуы керек. Мұнда, жеке педагогикалық тәжірибе негізінде, оқу үдерісі барынша тиімді болуы үшін тек жаңа білімдер мен дағдыларды игеруге ынталандыратын құралдарды ғана пайдаланған жөн. Егер тапсырмаларды компьютерлік емес құралдармен де іске асыруға болатын болса, онда мұндай бағдарламалар пайдасыз. Сондай-ақ, білім беру үдерісінен баланың бойында оған өмірінде ешқашан қажет болмайтын тәжірибені қалыптастыратын зиянды бағдарламаларды да шығарып тастаукерек.

  2. өлшем–АКТ оқушылардың мектеп кеңістігіндегі ынтымақтастығына көмектесуітиіс.Ынтымақтастықтаәрекететебілушеберлігіортақзейінді қалыптастырады және коммуникациялық қарым-қатынас дағдыларын игеруге мүмкіндік береді.

  3. өлшем–АКТ-ның оқу үдерісінде пайдаланылатын басқа дәстүрлі құралдармен және тәжірибемен біріктірілуі. Бұл жерде мұндай құралдарды нақты бір мақсаттарға жету үшін пайдалану керектігін түсінумаңызды.

  4. өлшем–барлық АКТ құралдарыойынға қосуға бейімделуі тиіс, себебі білімдер мен дағдылардың көп бөлігі тікелей ойын үдерісіндеигеріледі.

  5. өлшем–АКТ баланың әрекеттерін бақылау жүйесін қалыптастырмауы қажет. Бұл дегеніміз, оқушы технологияларды басқаруы керек, керісінше емес. Дегенмен, әліппе мен санауды үйрету кезеңіндегі оқушылардың әрекеттерін бақылау жүйесінің оң ықпалыдәлелденген.

  6. өлшем–құралдардың нақты атқарымдық қызметі болуы керек және олар нақты міндеттерді шешуге бағдарлануы тиіс. Бұл 1 операция кезінде тек бір ғана тапсырма орындалуы керектігін білдіреді. Жұмыс үстеліндегі нысанды тінтуірдің пернесін басу жолымен көшіруді көрнекі мысал ретінде келтіруге болады.

  7. өлшем–АКТ құралдары баланың бойында жағымды сезім күйлерін қалыптастыруы және зорлық-зомбылық жолдарын насихаттамауытиіс.

  8. өлшем–барлықАКТ бала денсаулығы үшін қауіпсіз болуы қажет. Әрине, балаға компьютерлік ойындардан гөрі қозғалмалы ойындар көбірек пайдалы. Педагогтар мен ата-аналардың міндеті– компьютердегі жұмысты рөлдік, қозғалмалы ойындарман кезектестіріпотыру.

  9. өлшем– педагогтер мен ата-аналарды АКТ-ны баламен бірге пайдалануға тарту. Ересектермен бірге жұмыс істегенде оқушылардың өнімділігі арта түсетіні дәлелденген, себебі балалар осы жағдайда оқу үдерісіне көбірек беріледі.

4 дәріс




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет