Білім беру бағдарламасы «Білім» топтарына арналған Құрастырған: А. Х. Қазетова п.ғ. к., аға оқытушы



бет7/68
Дата23.09.2024
өлшемі0,76 Mb.
#204906
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   68
Байланысты:
Казетова А.Х. Инклюзивті білім беру

Дәріс №2
Тақырыбы: Ерекше білім беруді қажет ететін категориядағы балаларға инклюзивті білім беру жағдайлары.
Мақсаты:инклюзивті білім берудің қағидаларымен және философиялық, әдіснамалық негіздері туралы, ерекше қажеттіліктері бар балалардың психологиялық-педагогикалық қолдауға байланысты заманауи моделдері туралы түсініктері мен инклюзивті тәжірибе аймағында ұйымдастыру мен басқару құзыреттіліктерін қалыптастыру.
Дәріс жоспары:

  1. Ерекше білім беруді қажет ететін балалар категориясы

  2. Ақаулығы бар балалар психологиялық-педагогикалық мәселе ретінде

  3. «Ақаулық» түсінігі. Ақаулықтың болу себептері.

1.Қазіргі таңда білім беру жүйесінде даму мүмкіндігі шектеулі балаларға айрықша орын бөлінген. Бұл балаларға қатысты біздің алдымызда тұрған негізгі міндет – олардың әлеуметтік ортаға бейімделуіне, қоғамдағы толыққанды өмірге дайындалуына жағдай жасау және көмек көрсету. Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпыға бірдей білім беру орталықтарына қарай бейімдеу 2002 жылдан басталды.


Инклюзивті білім беруді дамытудың қазіргі кезеңінде ерекше білім беру қажеттілігінің келесі анықтамасы қолданылады – бұл оқушылардың сапалы білім алуы барысындағы психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік және басқа да көмекке мұқтаждығы. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың төмендегідей топтарға бөледі:
1-топ. Психикалық және дене дамуында түрлі бұзылымдары бар балалар:
1. Естуінде кемістігі бар балалар (құлағы естімейтін, нашар еститін, саңыраулар);
2. Көруінде кемістігі бар балалар (көзі көрмейтіндер, нашар көретіндер, соқырлар);
3. Тірек-қозғалыс аппаратының функциясында кемістігібар балалар;
4. Сөйлеуінде кемістігі бар балалар;
5. Ақыл-ойында кемістігі бар балалар;
6. Психикалық дамуында ауытқуы бар балалар;
7. Эмоционалды-ерікті сферасы мен мінез-құлқында кемістігі бар балалар;
8. Күрделі кемістігі бар, оның ішінде соқыр және саңырау балалар.
Адамдардың мүмкіндіктерінің шектелуіне деген қазіргі заманғы көзқарастар, оны патологиялық күй ретінде емес, адамның белсенділігін төмендететін және оның әлеуметтік іс-әрекетін қиындататын қоршаған ортаның жағдайлары немесе ағзаның функциялары, дене құрылысындағы бұзылыстар болатын үдеріс ретінде түсіндіруге негізделеді. Шектеулі мүмкіндіктердің себебі ретінде, білім беру бағдарламаларының, нақты балаға, жасөспірімге немесе ересек адамға қажет медициналық және әлеуметтік қызметтің жеткіліксіздігі немесе жетілмеуі алынуы мүмкін. Аталған құбылысты түсіндіру ерекше маңызды болып саналады, себебі психологиялық-педагогикалық және реабилитациялық жұмыстың мәні және мазмұны біршама дәрежеде мүгедектікті немесе «мүмкіндіктің шектелуін» осы үдерістің субъектілерінің қалай түсінетініне байланысты болады. Қазіргі кезде денсаулығында және психофизикалық дамуында қиындықтары бар адамдарды оқшаулайтын және олардың қоғамның толыққанды мүшесі болуға мүмкіндік бермейтін кедергілерді анықтау қажет боып табылады.
2-топ. Оқытудағы ерекше қиындықтары,мінез-құлық және эмоциялықпроблемалары бар балалар.
Зияты қалыпты балалардың ерекше қиындықтары жеке оқу дағдыларын меңгеруде байқалады: оқу, жазу және санау (дисграфия, дислексия, дис-калькулия және т.б.). Бұл қиындықтар уақытша сипатқа ие және оны балаларға мамандардың тиісті көмегімен жоюға болады. Мінез-құлық және эмоционалдық проблемалар ерекше психологиялық факторлар-дан (отбасында тәрбиенің бұзылуы, ата-ана мен баланың және отба-сы ішілік қатынастың бұзылуы), сонымен қатар дамуындағы ерекше проблемалардың болуынан (гипербелсенділік және толыққанды көңіл бөлмеуден, аутистикалық бұзылыстар спекторы және т.б.) құрдастарымен және мұғалімдерімен қарым-қатынас жасаудағы әртүрлі қиындықтардан (енжарлық, тұйықтық немесе жанжалдық, тіл алмаушылық, агрессивтілік) пайда болуы мүмкін.
3-топ. Әлеуметтік-психологиялық,экономикалық,тілдік,мәдениерекшеліктерінен туындайтын ерекше білім беруге қажеттілігі туындай-тын балалар. Бұл топқа микроәлеуметтік және педагогикалық қараусыз қалған нашар отбасынан шыққан немесе бала тәрибесіне көңіл аудармайтын отбасылардан, әлеуметтік қатерлі топтағы отбасы балалары (ішімдікке, нашақорлыққа жақын ата-аналар), сонымен бірге жергілікті әлеуметке бейімделуде қиындықтары бар (босқындар, мигранттар, оралмандар) не-месе оқу тілін түсінбейтін және бұл тілде сөйлемейтін балалар кіргізіледі.
ЕБҚ бар балаларды мұндай топтарға бөлу мектепте білім алуында қиындығы бар бірде-бір оқушының назардан тыс қалуына жол бермейді.
ҚР инклюзивті білім беру принциптерін енгізіп отырған жалпы білім беру педагогтары үшін ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушы
Психикалық және дене дамуы бұзылған (мүмкіндігі шектеулі) бала ғана емес, сонымен қатар оқытуда қиындықтарға тап болған кез келген бала екенін түсінулері маңызды.
Психикалық және дене даму бұзылыстары жоқ екінші және үшінші топтағы балалар көбінесе психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңеске жүгінбейді және ол арқылы анықталмайды. Сәйкесінше, жалпы білім беретін мектеп балалардың бұл топтарын да өз назарынан қалдырмай және оны уақытында анықтап, оларға көмек көрсетуі тиіс.
Қазақстанда, бүкіл әлемдегідей, психикалық және дене дамуы бұзылған балалардың саны аз. ПМПК мәліметтері бойынша 2018 жылы олардың саны барлық балалар популяциясының 2,7% ғана құрайды.

“Aнoмaлия”- грек сөзінен алғанда «дұрыс емес» деген мағынаны білдіреді. Ақаулығы бар балалар жалпы денелік және психикалық жағынан кемшіліктері бар балалар тобына енеді.Ақаулығы бар балалардың дене және психикалық жағынан бұзылып келуі, олардың жалпы дамуына өзіндік өз әсерін тигізеді. Мұндай балалар тобы арнайы оқыту мен тәрбиелеу және түзету жұмысын қажет етеді.


Ақаулығы бар балалар тобына:
Есту қабілеті бұзылған;
Көру қабілеті бұзылған;
Сөйлеу тілі бұзылған;
Интеллектілік дамуы бұзылған;
Психикалық дамуы баяу;
Тірек- қимыл аппараты бұзылған;
Күрделі түрдегі бұзылыстар;
Психикалық мінез-құлқы жағынан бұзылған;


Сондай-ақ жоғарыда айтылған ақаулықтарымен қоса жалпы жүйелік түрлері де бар:
-денелік ақаулықтар
-сенсорлы бұзылыстар
-ми қызметі бұзылыстары
Мүмкіндігі шектелген балалар күрделі және әртүрлі сипаттағы бұзылыстармен сипатталады. Мұндай балалар 11 тобы оқу-танымдық, еңбек іс-әрекеттерінде және әлеуметтік байланыстарда ерекшеленіп байқалады. Әрбір бұзылыстың өзіндік сипат ерекшелігіне қарай балалардың дамуы барысында оқыту мен тәрбиелеу жұмысының жүйелі жүргізілуі нәтижесінде ғана түзелуі мүмкін, ал кейбіреулерінде бұл үрдіс ұзақ уақытты қамтуы ықтимал. Бұл мүмкіндігі шектелген балаларға көмек ету, оларға көмек беру барысында ғана іске асырылады.
Ақаулығы бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу ісімен педагогикалық, медициналық, психологиялық, әлеуметтік салалар бірлесе отырып түзету, тәрбиелеу жұмыстарын жүргізу барысында көмек беру және оларды қолдау арқылы ғана жүзеге асырылады.
Балаларда психо-денелік ақаулықтардың болу себептері:
• экологиялық әсерлер (өндіріс орындары мен газ-мұнай саласы, қара-түсті металлургияның зиянды заттардың ауаға тарауы. Су қоймасының ластануы,жер асты суларының ластануы;
• экономикалық жағдай;
• әлеуметтік жағдай;
• отбасылық жағдай;
• онкологиялық ауру;
• жұқпалы аурулар;
• эндокриндік жүйке ауру салдары;
• генетикалық бұзылыстар;
• дүниеге келу сәтіндегі қолайсыз жағдайлар;
• даму жағдайының ауыр деңгейде болуы.


Халықаралық қоғам ұйымы даму ақаулықтарының түрлеріне байланысты жүйелілікті жинақтау жұмыстарымен айналысуда. Дамыған елдердің көпшілігі өз еліңдегі денсаулық мүмкіндіктерінің шектелу белгілеріне орай терминалогия және жүйелілік бойынша өз санақтарын жүргізіп жатыр. Статистикалық мағлұмат елдердің дамығандығына, медициналық, әлеуметтік және педагогикалық көмек көрсету сапасына байланысты анықталады Бүгінгі таңда статистика проценттік қатынасын дәлірек анықтап отыр.Ақаулығы бар балалардың арасында 12 бірінші орынды оқытылуы қиын балалар алса, екінші орынды ақыл-ойы баяу дамыған балалар орын алып отыр. Үшінші орында сөйлеу тілі бұзылғандар.Жалпы әлемде 1000 адамның үшеуі соқыр, ал 5 пайыздан астамы есту ақаулығы барлар.Әрбір үш оқушының, яғни 7-15 жас аралығындағы балалардың 4-5 оқушысы ақыл-ойы баяу немесе оқытылуы қиын оқушылар болып табылады.Әрбір 800 жаңа туған нәрестенің біреуі Даун синдромына шалдыққандар.

3-дәріс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет