Білім беру бағдарламасы «Білім» топтарына арналған Құрастырған: А. Х. Қазетова п.ғ. к., аға оқытушы


Тақырыбы: Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінде мүмкіндігі шектеулі балалар, мүгедек балалардың құқықтары



бет23/68
Дата23.09.2024
өлшемі0,76 Mb.
#204906
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   68
Байланысты:
Казетова А.Х. Инклюзивті білім беру

Тақырыбы: Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінде мүмкіндігі шектеулі балалар, мүгедек балалардың құқықтары.
Дәріс мазұны:

  1. Мүмкіндігі шектеулі балалардың, мүгедек балалардың сапалы білім алуға тең құқылылары

  2. Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінде мүмкіндігі шектеулі балалар, мүгедек балалардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік – экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» Қазақстан халқына Жолдауында білім саласына түбегейлі өзгерістер жасауды міндеттеумен қатар, нәтижесі – Қазақстандағы адами капитал деңгейінің сапалы өсуін атап көрсетті. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының (2012.09.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) 8-бабы «Білім беру саласындағы мемлекеттік кепілдіктер» бөлімінде: «Мемлекет әлеуметтік көмекке мұқтаж Қазақстан Республикасы азаматтарын олардың білім алуы кезеңінде қаржылау шығыстарын толық немесе ішінара өтейді» делінген. Ал, әлеуметтік көмек көрсетілетін Қазақстан Республикасы азаматтарының санатында – даму мүмкіндіктері шектеулі балалар, мүгедектер және бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар да бар. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі № 343-ІІ Заңында, Түпнұсқада макемтар балаларды әлеуметтiк, медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдаудың нысандары мен әдiстерiн айқындайды, дамуында кемiстiгi бар балаларға көмек көрсетудiң тиiмдi жүйесiн жасауға, оларды тәрбиелеу, оқыту, еңбекке және кәсiби даярлау iсiмен байланысты проблемаларды шешуге, балалар мүгедектiгiнiң алдын алуға бағытталған шараларды жүзеге асыру қарастырылған. Үйден оқытылатын және мектеп партасында оқып отырған мүмкіндігі шектеулі сөйлеуі бұзылған оқушылар үшін қалыпты сөйлеу қабілетін дамыту үшін дыбысты қайталату арқылы оның қаншалықты дұрыс айтылғанын анықтайтын, арнайы дыбыс құрылғыларымен жабдықталған тренажерлер қажет. Мұндай тренажерлар дербес компьютерге қосылады да, оқушылар қызығушылығын арттыратын ойын-жаттығулар ретінде жұмыс жасайды. Демек, мүмкіндігі шектеулі оқушыларды үйден оқытуды жаңа технологиялар көмегімен ұйымдастыру талабының артуы мен бүгінгі білім беру жүйесінде бұл мәселеге өз деңгейінде толыққанды назар аударылмауы арасында; білім беру қызметін жетілдіруде электрондық ақпараттық ресрустарды тиімді пайдалану қажет.
21-дәріс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет