Нормативтік функция білім алушылардың бекітілген мемлекеттік стандартқа қатысты тіркеп, жеке оқушылардың мектеп сыныптарының үлгерімін, мұғалімнің дайындық деңгейі мен жұмыс сапасын қадағалайды.
Ақпараттық-диагностикалық функция білім беру процесінің барлық қатысушылары арасында баланысты, білім алушылардың, соның ішінде ерекше қажеттіліктері бар балалардың да, мазмұндық және эмоционалдық рефлексиясын қамтамасыз етеді. Бағалау жүйесі білім беру процесінде, нақты сыныпта, нақты бала үшін барлығы дұрыс жүргеніне көз жеткізуге мүмкіндік береді. Бағалау жүйесі қайсыбір оқу материалының қаншалықты сәтті меңгерілгенін, білім алушылардың қайсыбір дағдыларының қаншалықты қалыптасқанын анықтауға мүмкіндік беруі тиіс. Оқу нәтижелеріне бақылау өлшемдерінің, талаптарының белгілі минимумында білім алушылардың жеткен деңгейін салыстыруға берілген осындай мүмкіндік мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін өте маңызды.
Бұл кезде есепті бастау табалдырығы ретінде осындай балалар үшін нақты анықталуға жататын дәл осы міндетті минимумды алу анағұрлым ұтымды көрінуде.
Мүмкіндіктері шектеулі балалардың білім жетістіктерін бағалау білім алушылар дайындығының жалпы деңгейіндегі өзгерістерді де, оқудағы жетістіктерінің және білім беру процесінде мүмкіндіктері шектеулі балаларда орын алатын қиындықтарының шынайы сипаттамасын алуға мүмкіндік беретін оның танымдық қызметінің түрлі салаларындағы табыстарының (ақпаратты меңгеруі, ақпаратты өңдеуі, шығармашылық және жобалық қызмет, ойын жеткізу және т.б.) динамикасын да тіркеуі тиіс.
Бағалау жүйесі мұғалім, оқушы, оның ата-анасы, сынып жетекшісі, сонымен бірге әкімшілік пен білім беру ұйымының педагогикалық ұжымы арасындағы тұрақты байланысты қамтамасыз етуі тиіс, бұл білім беру процесін қалыптастыруға жүйелі көзқарасты қалыптастырып, онысымен оның тұтастығын қамтамасыз етеді.
Одан басқа, мүмкіндіктері шектеулі балалардың оқу жетістіктерін бағалауда білім алушылардың психикасына мейлінше ұқыптылықпен қарап, оларды зақымдайтын жағдайларға жол бермей, мүмкіндіктері шектеулі балалардың психологиялық даму ерекшеліктерін ескеру қажет.
Бағалауға деген жоғарыда аталған көзқарастар білім беру процесінің барлық қатысушыларымен бағалау жүйесіне білімді сәтті алу, кері байланысты орнату, бірақ одан артық емесіндей қажетті құрал ретіндегі қатынасын түсінуін қамтамасыз етуі керек.
Критериалдық бағалау жүйесі келесі элементтерді құрайды:
Тақырыпты (сабақты) меңгеру критерийлері дәл анықталады, бұл нақты оқу нәтижелерінің тізімінде мәнін табады (білім беру бағдарламасының шеңберінде меңгеру деңгейлерін анықтаумен алынған оқу мақсаттары).
Тексеру жұмыстары әзірленеді – тестер, олардың негізгі тағайындауы ретінде негізгі тағайындалуы түзетуші оқу ресімдерінің қажеттілігін анықтау шығады.
Оқу материалы жеке үзінділерге (оқу бірліктеріне) бөлінеді, зерделеу барысында қол жеткізуге жататын нәтижелер (критерийлер) анықталады, ағымды тексеру жұмыстары құрастырылады, олар әрбір оқу бірлігін зерделеу мақсаттарына қол жеткізілгеніне көз жеткізуге мүмкіндік береді.
4.Сәйкес оқу әдістері таңдалады, білімділік тапсырмалар құрастырылады.
Әр тест сұрағы бойынша балама түзету материалы әзірленеді.
Критериалды бағалау критерийлерге сүйенеді, яғни баға оқушылардың олардың оқу-танымдық құзыреттілігінің дамуындағы түрлі бағыттар бойынша жетістіктерін бейнелейтін құрамдастардан (критерийлерден) қалыптасады.
Критериалды бағалау – шеңберінде бағалаудың және өз бетінше бағалаудың түрлері, нұсқалары мен әдістері қолданылатын көзқарас.
Критериймен бағалауда:
оқушы өз оқуында шынайы субъект болады;
оқушының мектептегі алаңдаушылық деңгейі төмендейді;
мұғалім «соңғы инстанциядағы сот» рөлінен кеңес беруші, маман, тьютор рөліне ауысады.
Осылайша, критериймен бағалау өз құрамында оқушылардың және мұғалімдердің денсаулығын сақтау әлеуетін алып жүреді.
Критериймен бағалау мұғалімге арналған түбегейлі мақсат тұтатын ережелердің бір қатарын қарастырады:
Баға көмегімен оқушының жеке тұлғасы емес, тек оның жұмысының ғана бағалануын.
Оқушының жұмысы өзге оқушылардың жұмыстарымен тікелей салыстырумен емес, эталонмен (үздік орындалған жұмыстың үлгісімен) салыстырылуын.
Нақты тапсырмалардың түрлі формаларының қолданысын және мұратты орындалған тапсырмалардың нақты және анық сипаттамаларының болуын.
Эталонның оқушыларға алдын-ала белгілі болуын.
Оқушы өз бетінше өзінің жеткен деңгейін және өз бағасын анықтай алатын бағаны шығарудың нақты алгоритмінің әзірленуін. Өз бетінше бағалау, сонымен қатар, оқушылардың өз жұмысына рефлексиясын да қарастырады. Рефлексия білім алушы жеке тұлғасының дамуындағы міндетті шарт, оның оқушы ретінде дамуының қажетті құрамдас болып табылады.
Оқушылардың өз бетінше бағалауға өтуге бет алып, бағалау үрісіне қосылуын.
Бағалауға тек оқытып-үйретіп отырғанды ғана салуға болады, сондықтан бағалау критерийлері – бұл оқу мақсаттарының нақты мән табуы.
Пән бойынша жалпы оқу мақсаттары оқушылардың нақты осы пән бойынша жетістіктерін бағалауда критерий болып табылып, оқушының жеке жұмыстарымен айқындалған нәтижелерді жинақтауға мүмкіндік береді.
Осылайша, критериалды бағалау білім алушының оқу жетістіктерін нақты анықталған, ұжымдасып әзірленген, оқу процесінің барлық қатысушыларына алдын-ала белгілі критерийлермен салыстыруға негізделген, білім беру мақсаттары мен мазмұнына сәйкес келетін. Білім алушылардың оқу-танымдық құзыреттілігін қалыптастыруға ықпал ететін процесс ретінде дәріптеледі. Инклюзивті білім беру дене бітіміне, психикалық, интеллектуалдық, мәдени, этникалық, тілдік және өзге ерекшеліктеріне қарамастан ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды жалпы білім беру кеңістігіне енгізуді, олардың сапалы білім беруде кедергілерді жоюды және әлеуметтік ортада бейімделуін және ықпалдасуын көздейді. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар; мигранттар мен оралмандар отбасыларының, аз ұлттар балалары; қоғамға әлеуметтік бейімделуде қиындықтары бар балалар жатады.
Кеңейтілген мағынада инклюзивті білім беру дегеніміз кедергілерді жою мен ерекше білім беруге қажеттілігі бар адамдарды оқыту процесінде енгізуге бағытталған білім беру процесі және олардың сапалы білімге тең қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады.