Білім беру бағдарламасы «Білім» топтарына арналған Құрастырған: А. Х. Қазетова п.ғ. к., аға оқытушы



бет1/68
Дата23.09.2024
өлшемі0,76 Mb.
#204906
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68
Байланысты:
Казетова А.Х. Инклюзивті білім беру




М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті



SYLLABUS


Пәннің атауы: Инклюзивті білім беру
Білім беру бағдарламасы «Білім» топтарына арналған




Құрастырған: Құрастырған: А.Х. Қазетова п.ғ.к ., аға оқытушы
(ТАӘ, лауазымы, ғылыми дәрежесі)








Орал, 2023 ж.

SYLLABUS «Педагогика ғылымдары» білім беру саласындағы бакалавриат білім беру бағдарламасы негізінде дайындалды


Педагогика факультеті кеңесінде қаралды _______________________________________________


Хаттама № 1 «12» 09 2023 ж.




Педагогика факультеті деканы : Г.А.Ергалиева п.ғ.к., аға оқытушы


(ТАӘ, лауазымы, ғылыми дәрежесі)






1Пән туралы мәліметтер:



Кредит

5

Курс

3

Семестр

5

Қорытынды бақылау түрі

КТ

Дәріс(сағаты)

30

Практикалық (семинар, лабораториялық)
сабақтар (сағаты)

15

СОӨЖ (сағаты)

20

СӨЖ (сағаты)

85

Барлық сағаттар

150



Мақсаты: инклюзивті білім берудің қағидалары және философиялық, әдіснамалық негіздері туралы түсініктерін қалыптастыру, ерекше білім алуға қажеттіліктері бар балалардың психологиялық-педагогикалық қолдауға байланысты заманауи моделдері туралы түсініктері мен инклюзивті тәжірибе аймағында ұйымдастыру мен басқару құзыреттіліктерін қалыптастыру.
Курстың міндеттері:

  • Студенттерге инклюзивті білім берудің нормативтік-құқықтық базаларымен және философиялық , әліснамалық негіздерін түсінідіру;

  • Инклюзивті тәжірибені ұйымдастыру мен жобалау аумағында студенттердің кәсіби құзіреттілік деңгейін көтеру;

  • Инклюзивті тәжірибе жағдайында білім беру ұйымдарының әдістемелік, басқару жұмыстарымен таныстыру;

  • Инклюзивті білім беру ұйымдарында ерекше білім алуды қажет ететін балаларды психологиялық- педагогикалық қолдау көрсету моделдері туралы түсініктерін қалыптастыру;

  • Инклюзивті білім беру ұйымдарындағы білім беру процесіндегі ерекше білім алуды қажет ететін балалардың білім алу ерекшеліктерін ұғындыру;

  • Ерекше білім алуды қажет ететін балаларды жалпы білім беруге біріктіру бойынша ережелермен танысу.

Оқытудан күтілетін нәтижелер:(Блум таксономиясы бойынша)
Курс аяқталғаннан кейін студенттер білуі керек:

  • инклюзивті білім берудің басты мақсаты мен ұғымдарын;

  • инклюзивті білім берудегі педагогика мен психологияның категориялық аппаратын;

  • инклюзивті білім берудің қағидалары;

  • инклюзивті білім берудің басты отандық және шетелдік тұжырымдамаларын;

  • инклюзивті білім берудің мазмұнын, құрылымын, қайшылығын және қисынын;

  • инклюзивті білім берудің заманауи инновациялық және авторлық білім беру тұжырымдамаларын;

  • инклюзивті білім беру ортасында мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру мен тәрбиедегі жалпы сұрақтар, психологиялық-педагогикалық қолдау;

  • білім берудің психологиялық - педагогикалық практикасындағы инновациялық технологияларды қолдану ерекшеліктерін.

  • мүмкіндігі шектеулі балалар отбасының әлеуметтік-педагогикалық проблемаларын зерттеп білу және оларды шешуді.

Курс аяқталғаннан кейін студенттер жасай алуы керек:
- ерекше білім алуды қажет ететін балалар категориясының психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін білу;
- ерекше білім алуды қажет ететін балалармен кездесетін қиын жағдайларды саралай алу;
- инклюзивті білім беруде ЕБҚ балаларға оқытудың жеке бағдарламасын жасай алу қабілеті.
Игерілетін дағдылар:
- инклюзивті кеңістікті қалыптастыру жолдарын;
- түрлі категориядағы ерекше білім алуды қажет ететін балалармен сабақты ұйымдастыра алу дағдысы;
-ерекше білім алуды қажет ететін балаларға кедергісіз ортаны құра алу тәжірибесі;
- сыни тұрғыда ойлау дағдыларын меңгеру;
- өздігімен іздену, зерттеу және өзекті мәселені шеше білу дағдысын жетілдіру.
Пререквизиттер:«Педагогикалық мамандыққа кіріспе», «Педагогика», «Психология», «Дидактика», «Тәрбие жұмысының теориясы және әдістемесі», «Оқушылардың даму физиологиясы», «Дефектология» және т.б. салаларын оқып меңгеруге негіз болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет