Тақырыбы: Ерекше білім алуды қажет ететін балалар үшін тьюторлық сүйемелдеуді ұйымдастыру. Мақсаты:инклюзивті білім берудің қағидаларымен және философиялық, әдіснамалық негіздері туралы, ерекше қажеттіліктері бар балалардың психологиялық-педагогикалық қолдауға байланысты заманауи моделдері туралы түсініктері мен инклюзивті тәжірибе аймағында ұйымдастыру мен басқару құзыреттіліктерін қалыптастыру.
Дәріс жоспары: Инклюзивті тәжірибедегі тьютор.
Инклюзивті білім берудегі тьютордың мақсаттары мен міндеттері.
Тьюторлық сүйемелдеуді ұйымдастыру кезеңдері
Инклюзивті білім беруде тьютор -бұл ерекше білім алуды қажет ететін баланы білім беру мекемесінің білім беру және әлеуметтік ортасына сәтті енгізу үшін жағдай жасайтын маман.
Инклюзивті білім берудегі тьютордың алдындағы маңызды міндет: мүмкіндігі шектеулі балаларға қоғамда табысты болуға көмектесу. Бұл дегеніміз, "дамуында ерекшеліктері бар балалардың өмірін сүйемелдеу негізгі обьект болып, оның басты аспектісі жаңа білім беру кеңістігі аясында арнайы қажеттіліктері бар адамның толыққанды және сапалы өмір сүруіне жағдай жасау болып табылады. Тьютор мүмкіндігі шектеулі баланың білім беру қызығушылығын ғана емес, сонымен бірге оның отбасын да сүйемелдеп, баланың айналасында оған төзімді әлеуметтік-мәдени ортаны қалыптастыра алады және жасай алады.
Инклюзивті білім беруде мұндай мамандарды қазіргі уақытта: сүйемелдеу мұғалімі, адаптер, куратор, босатылған сынып мұғалімі, қолдаушы деп те атайды. Іс жүзінде тьюторлармен арнайы педагогтар (логопедтер, дефектологтар және т.б.) жұмыс істейді.
Инклюзивті білім берудегі тьютордың мақсаттары мен міндеттері.Тьютордың мақсаты-мүмкіндігі шектеулі баланы жалпы білім беру ортасына сәтті енгізу. Баланы мектеп өміріне қосудың сәттілігі оның дамуы ерекшелігімен анықталуы керек:
* когнитивтік (танымдық) сфера: білім және дағдылар;
* коммуникативтік сфера: қарым-қатынас жасай білу;
* эмоционалды сфера: сыныптағы оқу процесіне психологиялық бейімделу, оқу процесіне және мектеп ортасында болуына қатысты жағымды эмоционалды көзқарастың пайда болуы және сақталуы;
* дербестік.
Көрсетілген мақсатқа қол жеткізу мынадай міндеттерді шешу кезінде мүмкін болады:
* баланың сәтті оқуы үшін жағдай жасау;
* баланың сәтті әлеуметтенуі үшін жағдай жасау;
* оның жеке басының әлеуетін барынша ашу.
Аталған міндеттерге келесі құралдар арқылы қол жеткізіледі:
* өмір сүру кеңістігін ұйымдастыру және бейімдеу: жұмыс орны, демалыс орны және бала баратын басқа да орындар;
* * тьютордың және мұғалімнің оқушының даму ерекшеліктері бар жақын даму аймағын түсінуі, оның ішкі, жасырын ресурстарына сүйенуі, жүктемені мөлшерлеу, оқу материалын бейімдеу, оқу құралдарын бейімдеу.
Тьютордың ата-аналармен де жұмыстар атқарады (бұл үшін қосымша бағдарламалар жасалды). Ата-аналардың белсенділігі және олардың сабақтың мәні мен мақсатын түсінуі білім беру процесі мен әлеуметтену процесінің тиімділігінің қажетті шарты болып табылады. Ата-аналармен жұмыстың негізгі бағыттары:
1. жаңадан келген балалардың ата-аналарымен байланыс орнату, міндеттерді түсіндіру, бірлескен жұмыс жоспарын құру;
2. ата-аналарға эмоционалды қолдау көрсету;
3. ата-аналарға баланың даму ерекшеліктері және оның даму болжамы туралы ақпарат алуға көмектесу;
4. ата-аналардың өз баласына адекватты көзқарасын қалыптастыру, баланың проблемаларын талдау процесінде жауапкершілікті қабылдау, көмек стратегиясын іске асыру;
5. баланы оқыту және әлеуметтендіру процесінде теориялық және практикалық дағдыларды алуға қызығушылықты қалыптастыру;
6. аралық нәтижелерге бірлескен талдау жүргізу, жұмыстың келесі кезеңдерін әзірлеу.
Ата-аналармен жұмыс психологтың, педагог дефектологтың, дәрігердің, әлеуметтік қызметкердің және басқа да мамандардың қатысуын көздейді. Тьютор оқу процесінде туындайтын мәселелерді шешу жолдарын табу үшін баланың ресурстары мен кемшіліктерін көре білуі керек. Баланың не істей алатынын, оған не көмектесетінін, оны не шектейтінін түсіну керек. Белгілі бір өлшемдерді бағалауға көмектесетін көптеген диагностикалық әдістерді пайдалану керек. Алайда, негізгі әдіс Баланы бақылау болып табылады.
Моторика, өзін-өзі күту, қарым-қатынас, сөйлеу, танымдық белсенділік, мінез-құлық сияқты параметрлер бағаланады. Сондай-ақ, тьютордың баланың өміріне қатысуы оның тәуелсіздігі дамыған сайын біртіндеп төмендеп, құрдастарымен қарым-қатынас жасауға және мұғалімдермен өзара әрекеттесуге жол беруі керек екенін үнемі есте ұстаған жөн.
Тьюторлықтың мазмұны мен ерекшелігі көптеген факторларға байланысты, соның ішінде:
- бала дамуының бұзылу ерекшелігіне;
- оның белсенділік деңгейі;
- білім беру мекемесінің инклюзивті білім беруге дайындық дәрежесі, оның инклюзивті практиканы дамыту бойынша жұмысқа қосылу сатысы;
- педагогикалық ұжымның дайындық дәрежесі және қосымша білім алу мүмкіндігі;
- ата-аналардың түзету процесіне қызығушылық дәрежесі;
- маманның кәсіби құзыреттілік деңгейі.