Тақырыбы:Жалпы білім берудегі аутизм синдромына шалдыққан балалар.
Мақсаты:инклюзивті білім берудің қағидаларымен және философиялық, әдіснамалық негіздері туралы, ерекше қажеттіліктері бар балалардың психологиялық-педагогикалық қолдауға байланысты заманауи моделдері туралы түсініктері мен инклюзивті тәжірибе аймағында ұйымдастыру мен басқару құзыреттіліктерін қалыптастыру.
Дәріс жоспары:
1.Ерте балалық шақ кезіндегі аутизм ауырлығына жіктелуі.
2.Аутизм синдромы бар балалардың бойындағы психологиялық ерекшеліктері.
1.Балалар аутизмі – психологиялық дамудың бұзылуы, мұндай балалар адамдармен қатынасуда және әлеуметтік әрекеттестікте қиындыққа ұшырайды .
Мұндай жағдайда психиканың кей тұстары уақытымен дамыса, енді бірі уақытынан озып кетеді, ал кей түрлері мүлде артта қалып қояды.
Аутизмі бар балаларда интеллектуалдық және эмоционалдық дамудың айырмашылығы үлкен болады, бір салада көп жетістікке жетсе, бір сала дамымай қалады.
Аутистік дамудың бір ерекшелігі – сөйлеу және интеллектуалдық мүмкіндіктері қалыпты болғанына қарамастан, бала бұл мүмкіндіктерін шынайы өмірде, айналасындағылармен араласқанда қолдануға асықпайды.
2.Аутизм синдромы бар балалардың бойындағы ерекшеліктер:
№ 11-дәріс.
Тақырыбы:Жалпы білім беретін мекемелерінде тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар.
Мақсаты:инклюзивті білім берудің қағидаларымен және философиялық, әдіснамалық негіздері туралы, ерекше қажеттіліктері бар балалардың психологиялық-педагогикалық қолдауға байланысты заманауи моделдері туралы түсініктері мен инклюзивті тәжірибе аймағында ұйымдастыру мен басқару құзыреттіліктерін қалыптастыру.
Дәріс жоспары:
1.Тірек-қимыл аппараты бұзылған туралы түсінік.
2.Тірек-қимыл аппараты бұзылыстарының себептері мен түрлері.
1. Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларданегізгі кемістік –қозғалыс кемшілігі (дамымау,бұзылу немесе қозғалыс қызмет жоғалуы).Мұндай балаларда қимыл-қозғалыс бұзылушылығы олардың психикалық және сойлеу тілінің бұзылуымен қабат келеді, сондықтанда көпшілігі тек қана емдеу және әлеуметтік көмек қажет етумен бірге, олар психологиялық-педагогикалық және логопедиялық түзетуді қажет етеді .Тірек-кимылы бұзылған кейбір балалардың танымдық қызметтері бұзылысыз келеді, олар арнайы оқыту-тәрбиелеуді қажет етпейді. ДЦП-аурулардың толықтай пісіп - жетілмеген, яғни әртүрлі әсер етуші зиянды факторлардың ішкі даму жағдайында және дүниеге келу әрі 1 жасқа дейінгі кезенде пайда болады. Бұл туғаннан және жүре бара пайда болған ауру және тірек қимыл аппаратқа зақым келу балаларда 5-7% кездеседі. Тірек – қимыл аппаратының қызметіне зақым келу сипаты туғаннан және жүре бара пайда болады.
Жүре пайда болған және тірек-кимыл аппаратының зақымдануы:
жұлын,мойын,бас,бойы,қол-аяқ , травмалық соққы - полиартрит,
қаңқа ауруы - (туберкулез сүйек ісігі, остеомиелит)
қаңқа ауруының жүйелілігі (хондродистрофия, рахит).
Достарыңызбен бөлісу: |