Білім беру бағдарламасы «Білім» топтарына арналған Құрастырған: А. Х. Қазетова п.ғ. к., аға оқытушы


Сурет 1 Білім беру саласындағы жаңашылдық деңгейлері



бет16/50
Дата08.09.2023
өлшемі3,86 Mb.
#180503
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   50
Байланысты:
Білім берудегі менеджмент Қазетова

Сурет 1 Білім беру саласындағы жаңашылдық деңгейлері
Басқару функциясы – басқару қызметінің нақты түрі, оны жүзеге асыру үшін арнайы амалдар мен әдістер, сондай-ақ тиісті ұйымдық жұмыстар қолданылады.Әрбір басқару функциясы үдеріс болып саналады, өйткені, бұлар да өзара байланысты әрекеттер сериясынан тұрады. Басқару функциясы барлық функцияның жалпы жиынтығы. 
Басқару процесінің төрт функциясы белгілі: жоспарлау, ұйымдастыру, мотивация және бақылау. Олар коммуникация және шешім қабылдау процестерімен байланысып біріккен. Олардың негізгі мазмұнын қарастыралық.
Жоспарлау барлық басқару функциясының ішіндегі ең елеулісі болып саналады.
Жоспарлау кәсіпорын мен бөлімшенің мақсатын таңдап алудан тұрады, сондай-ақ осы мақсатқа жету амалдарын қарастырады.
Ұйымдастыру. Ұйымдастыру – демек нендей бір құрылым құру. Ұйым өзінің жоспарын орындау, сол арқылы мақсатына жету үшін конструкциялауға қажетті көптеген элементтер болады.
Мотивация. Егер кімде кім ұйымдағы нақты жұмысын орындамаса, онда тіптен ойдағыдай жасалған жоспардың және ұйымның неғұрлым жетілдірілген құрылымның ешқандай мәні болмайды. Сондықтан да мотивацияның міндеті сол, ұйым мүшелері өздеріне бекітілген міндеттерді жоспарға сәйкес орындау.
Бақылау. Күтпеген жағдайға байланысты ұйым өзінің бастапқы, басшы белгілеген бағытын өзгертуі мүмкін. Сондықтан да басшының міндеті, ұйымға елеулі зиян келмей тұрғанда алғашқы белгіленген жоспардың өзгеру себебін тауып, анықтау болуы тиіс.
Өзін – өзі бақылау сұрақтары:
1.«Инновация» , «инновациялық процесс» ұғымдарына анықтама беріңіз
2. Білім беру саласындағы жаңашылдықты инновациялық өзгерістердің интенсивтігіне қарай немесе жаңашылдық деңгейіне қарай неше түрге бөлінеді?
2. Бастауыш сынып мұғалімінің инновациялық даярлығын қалыптастыруды зерттеген ғалымдарды ата.
11-12 дәрістің тақырыбы: Мектеп басқарудың педагогикалық жүйесі және нысаны ретінде
Дәріс мазмұны:

  1. Педагогикалық жүйені басқарудың құндылықтары

  2. Мектеп басшысының басқару мәдениеті.

  3. Мектептiң педагогикалық ұжымы, оның ерекшеліктері.

  4. Басшылық стилі ұғымы, оны қалыптастыру факторлары.

«Жүйе» түсінігінің анықтамасы және оның негізгі қасиеттеріне сипаттама (тұтастық және бөлінушілік, тұрақты қарым-қатынас болуы (эмердженттік), синергетикалық, мультипликативтік). Қазіргі кезеңде мектепті басқару педагогикалық құндылықтары басшылыққа алады. Басқару қызметі процесінде менеджер басқарудың жаңа теориясы мен тұжырымдамасын игеріп, ептілік пен дағдыларды меңгереді. Ал практикалық қызмет барысында олардың қаншалықты маңыздылығына баға беріледі. Қазіргі кезде басқару тиімділігін арттыруда білім, идея, тұжырымдама сияқты басқаруға қатысты педагогикалық құндылықтар үлкен маңызға ие болуда. Педагогикалық жүйені басқарудың құндылықтары сан алуан: - әртүрлі деңгейдегі тұтас педагогикалық процесті басқарудың мәні мен маңызын ашатын құндылық мақсаттары; - білім жүйесін басқару мақсаты, мектепті басқару мақсаты, тұлғаның өзін-өзін тәрбиелеу, өзін-өзі дамытуын басқару және бағалау; - құндылық білімдер басқару саласындағы мектептің мәні мен маңызын ашады; - құндылықтар басқару қызметке реттеушілік сипат береді. Құндылық-қатынастар педагогикалық жүйеге қатысушылар арасында өзара байланыстың, кәсіптік қызметке, өзіне деген қатынастың педагогикалық ұжымдағы және тұлғааралық қатынастардың мәнін ашады. Құндылық сапалар басқарудың субъективтілігі ретінде басқарушыменеджердің дербестік, тұлғалық, өзара қарым-қатынастық қасиеттерінің көптүрлілігінің мәнін ашады. Ол сапалар басшының өз қызметін болжап, оның салдарын алдын ала көре білу қабілеті, өз әрекеті мен мақсатын өзгелердің әрекетімен, мақсатымен салыстыра білу қабілеті, ынтымақтастыру және бірлесе басқару қабілетінен көрінеді. Мектеп басшысының басқару мәдениетінің тұлғалық шығармашылық компоненті педагогикалық жүйені басқаруды шығармашылық іс-әрекет ретінде қарастыруы арқылы ашылады. Басқару қызметінде мектеп директоры тұлға, басшы, ұйымдастырушы және тәрбиеші ретінде өзін-өзі танытады. Жүйе – бір-бірімен қарым-қатынаста және байланыста болатын, сөйтіп белгілі бір тұтастық, бірлестік құратын көптеген құрамдас бөліктер жиынтығы.
Эмердженттік немесе эмергенттік (ағылшын сөзі: emergent –кенеттен пайда болатын ) – қандай да бір жүйеге тән ерекше қасиеттері, бірақ оның жеке элементтеріне тән емес. Синергия ( ынтымақтастық, ықпал ету, көмек беру, қауымдастық, бірге жұмыс жасау ) – екі немесе одан да көп фаторлардың бірігуінен күшейтетін эффект беретін өзара әрекеттесушілік. Синергетика өзін-өзі ұйымдастыру теориясына енеді. Өйткені ол жалпы принциптерді қалыптастырады, материяның құрылымдық деңгейін сипаттайды.
Өзін-өзі ұйымдастыру идеясы мен теориясы ғылымның әр саласына да ене бастады. Соңғы зерттеу жұмыстарында макроэкономикадағы зерттелетін объектілер ашық жүйеде қарастырылуда. Синергетикалық әдістер психология, өнер, әлеуметтану саласында кеңінен қолданыс таба бастады. Көптеген ғалымдар синергетикалық бағытты педагогика саласында да қарастыруда З.Ж.Жанабаев пен Н.Д.Хмель бойынша синергетиканың әлеуеті – «педагогиканың жоғары қабатынан пәннің нақты әдістемесіне дейін». Синергетика тәрбиелік жүйе теориясын, педагогикалық процесс, әлеуметтік жүйені басқару, педагогика мен синергетиканың байланысын тығыз бірлікте қарастырады. Мультипликативтілік – жүйе элементтері қызметтерінің (әрі позитивті, әрі негативті) еселеп артуы (қосылуы емес).
Педагогикалық процесс күрделі әлеуметтік жүйенің эволюциясы ретінде өзара ұйымдасқан объектінің барлық белгілі қасиеттерін иемденеді. Педагогикалық жүйенің әрбір құрылымдық элементі (оқушы, мұғалім, оқушылар ұжымы және т.б.) ашық ақпараттық жүйе болып табылады. Сондықтан қазіргі кезеңдегі педагогика танымның ғылыми әдістері мен күрделі объектіні басқару заңдылықтарына арқа сүйейді. Әдістемелік жүйе, оның құрылысы, негізгі құрастырушылардың анықтамасы. Әдістемелік жүйенің мақсаты.
Академик В.П.Беспалько дидактикалық процесті төмендегідей формуламен анықтайды: Дпр = Ы + Тә + Б. Мұндағы: Дпр – дидактикалық процесс; Ы – ынта; Тә – оқушының танымдық әрекеті; Б – басқару.
Педагогикалық процесті рефлексивті басқару тұлғаны дамытуға әсер ететін факторларға байланысты, осының нәтижесінде оқушы өз іс-әрекетінің мәнін түсінетін болады. Мұғалім мен оқушы арасындағы саналы түрдегі қажеттілік мақсатқа бағытталған түрленуші іс-әрекеттің ішкі және сыртқы мотивтерін қалыптастырады. Тұлғаның өзін-өзі түсіну барысында оның дамуына үлкен әсерін тигізетін өзін-өзі тану, өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі түзету сияқты процестер жүре бастайды. Осылайша, рефлексивті іс-әрекет тұлғаның зерттеумен, болжаумен, модельдеумен айналысуына әкеліп, оның өзін-өзі дамытуына жол ашады. Нәтижесінде дұрыс ұйымдастырылған дидактикалық процестегі «оқыту - оқу» өзара байланысқан жүйе «оқу» компонентін түзейді. Оқыту процесі деп оқыту мақсатын жүзеге асыратын мұғалімнің жан-жақты ойластырылған іс-әрекеті, ал оқу – оқушының таным негізінде жасайтын ісәрекеті.
Оқытудың жүйелік іс-әрекеттілік бағыттылығы оқытудың тұлға – ісәрекеттілік нобайын жасауға мүмкіндік береді: мақсат – ынта – іс-әрекет – рефлексия – теориялық білім. Педагогикалық жүйені (ПЖ) төмендегідей формуламен анықтауға болады: ПЖ = ӘЖ + Дпр. Мұндағы: ПЖ – педагогикалық жүйе; ӘЖ – әдістемелік жүйе; Дпр – дидактикалық процесс. Ресейлік ғалым В.П.Беспалько мен қазақстандық ғалымдар Ж.А.Қараев пен Ж.У.Кобдикованың зерттеулеріне сүйене отырып, педагогикалық жүйенің мағынасын ашып көрсетуге болады

Сурет 2 «Педагогикалық жүйе» ұғымының мәні
Басқару қызметіндегі әрбір басшы тек өзіне ғана тән стильде қызмет міндетін орындайды. Адамдардың қарым-қатынасында, соның ішінде басқару қызметін жүзеге асыруда стильге ерекше мән беріледі. Честерфольд «стиль - ой дүниесі» десе, Бьюфурон «стиль – адамның өзі» деп тұжырымдайды.
Бұл нақыл сөздердің дұрыстығын қазіргі жұмыс стилінің түсінігі де дәлелдей түседі. Қазіргі кезде стильді басшының басқару қызметін тиімді орындау мақсатында өзінің қарамағындағыларға ықпал етуі бойынша бағалайды. Сонымен, басшылық стилінің мәні сол, басшы қандай әдістермен ұжымның қарқынды және творчестволықпен өзіне бекітілген жұмысты орындауына ықпал ете алатындығында, қарамағындағылардың іс-әрекеті нәтижесін қалай бақылайтындығында. Қабылдаған стиль ұжымда ерекше жағдай мен қарым қатынас туғызады.
Басшы жұмысының стилі-оның басқару процесінде пайдаланатын тәсілдердің, амалдардың іс-әрекеттерінің жинтығы. Басшының стилі –бұл шешім қабылдау және қызметкерлерге тапсырма беру әдісі.
Басшылық стилі басқару тәсілімен белгілі бір ара қатынаста және өзара әрекетте болады. Алайда олар бірдей ұғымда емес.
Басқару тәсілі – басқару ісін жүзеге асырудың жиынтық әдістері, амалдары, жұмыскерлер мен еңбек ұжымына ықпал ету, басқару қызметін орындау процесінде олардың іс-әркеттерін үйлестіруді қамтамасыз ету.
Басшының дербесжәне жалпы стилі болады. Әрбір басшының дербес стилі бар, мұның өзі оның іс-әркетінде көрініп, басқару аппаратының және бүкіл ұжымның жұмысына елеулі ықпал етеді. Дербес стиль нақты құбылыс-оны түгелдей, егжей-егжейлі қайталауға болмайды. Басшының дербес стилі алуан түрі обективтік факторлардың ықпалымен қалыптасады:
1. Іс-әрекет сипаты;
2. Басшы мен бағыныштылар арасында өзара байланыс;
3. Психологиялық қасиеті;
4. Орындау тәртібінің жағдайы т.б.
Басшы мен бағыныштының өзара қарым-қатынас жасауы ұжымның ықпал ету нәтижесінде басшы стилі үнемі жетілдіріп отырады.
Басшының дербестігі істеген ісіне қарай емес, қалай істейтіндігіне де орай сипатталады. Олардың жұмысын бақылай отырып мынаны анықтауға болады: басшы бір мәселенің өзін алуан түрлі тәсілмен, өзінше шешеді.
Стильдің қалыптасуы-бұл ұзаққа созылатын, күрделі, мақсаты процесс. Әрбір басшы өзінде және өзінің қарамағындағыларға алуан сипатта тексерілген тәсілдер мен амалдарды қолдана білуі тиіс.
Басқару стильдері:
1. Авторитарлық стиль –бұл адам барлығына тең нұсқау жасайды, тек бұйырады. Басқа адамдардың айтқанын тыңдамайды. Көбінесе жекіріп сөйлейді. Осы адамның қол астындағылардың барлығы бағынышты жағдайда болады. Бұл стиль күрделі жұмыс жасаған кезде қолайлы болатын шығар, мұндай стилді Наполеон стилі дейді.
2. Либералды стиль.Еркіндіктің жоғары дәрежесі. Анархияға жақын өзімен - өзі жүзіп бара жатқан қайық. Мұндай басшылар көбінесе тәртілікті сақтамайды, ережелерді қиналып орындайды, қиналып міндетін атқарады, адамды аз сынайды. Бұл адамның ең сүйікті сөзі «Мен саған, сен маған».
3. Мейірбанды стиль.Өктемшілдік, сөзді тыңдаған кезде күлімсіреп, иығыңызға қолын салады, ал одан кейін өзі қалай істегісі келсе солай жасайды. Бірақ мұндай басшы өзімен істес болған адамдар жөнінде шынында да қамқорлық жасай алады. Алайда шешім қабылдау әрдайым осы адамның қолында болады. Бұл адамның ең сүйікті сөзі «Мен сізді түсінемін, бірақ ...», « Мен сізді тыңдап тұрмын, бірақ....»
4. Демократиялық стиль.Демокртиялық әкімшілік басқару стилінің жоғары деңгейі. Ол үшін әкімшілік пен басқару тобының және ұжым мүшелері арасындағы тұрақты өзара қатынас түсіністік ұйымшылдық және өзара қарым – қатынас жүйесі қолданылады. Басшы мен бағынушылар мақсат пен проблемалармен жұмыс істейді. Шешімдерді бірауыздан қабылдайды және топтың барлық мүшелері жаупкершілікті өз мойына алады. Бұл адамның ең сүйікті сөзі «Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін»
5. Кооперациялық стиль.Басқару жөніндегі өкілеттіліктің бір бөлігі ұжымға берілген әкімшілік басқару процесіне қатысушылардың оның пікірінше өздері мүдделі болып отырған мәселелер бойынша кеңес береді. Қызметкерлер бір мезгілде басқару органының мүшелері болып табылады.
6. Араласпау стилі. Бұл стиль кез келген басқа әкімшілік стильден алшақтау болады. Әкімшілік қиын қыстау кедеңде басын құмға жасырады. Ол дұрыс жасамағандардан теріс айналып кетеді. Адщамдарды ешқашан объективті түрде бағаламайды. Әрбір ұжым мүшелеріне қолайлы ыңғайлы болса, солай істеуге мүмкіндік береді, төтенше жағдайда қашып кетеді. Жауапкершілікті ешқашан өзіне алмайды.
7. Агрессивті бумеранг стиль. Бұл адам басқалармен жекіріп сөйлейді. Қызуы тез көтеріледі, басылуы қиын сөйлеу мәнерлігідөрекі. Шыдамсыз кейде кекетіп сөйлейді. Көптеген мақал – мәтелдерді қолданады. Ең сүйікті сөзі «Мен». Мимикасы өте шапшаң, мұндай адамдар өзін - өзі басқара алмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет